Грамматикалық мағынаға сөз таптарында қалыптаскан жалпы сөзжасамдық мағыналарда жатады.
Грамматикалық мағына сөздерге немесе сөздердің белгілі топтарына ғана тән, дерексіздігі әлсіз лексикалық мағыналардан өзгеше.
Грамматикалық мағына референциялық (синтаксистік емес) және реляциялық (синтаксистік) болып бөлінеді. Референциялық мағына тілден тыс болмыстағы заттар мен кұбылыстардың касиеттерін білдіреді, мысалы, көлемдік, мөлшерлік, қимыл-әрекеттік сияқты мағыналар. Ал реляциялық мағына сөз тіркесі мен сөйлем құрамындағы байланысты білдіреді.
Грамматикалық мағына сөздің лексикалық мағынасымен бірге оған қосыла жүріп, байланысты ойды білдіруде қызмет атқарады. Сөздің лексикалық мағынасы мен грамматикалық мағынасының айырмашылықтары бар.
Сөздің лексикалық мағынасы түбір сөздер арқылы беріледі. Мысалы, қағаз, күн, ай, көзде, жүзік, он бес, т.б. Мысалы, қағаз+дар сөзіндегі көптік мағына көптік жалғау арқылы берілген. (Жарық) күнді (көрдім) дегенде көру қимылының нысаны мағынасын табыс септік жалғауы білдірген. Айға ұшты десек, бағыт мағынасын барыс септік жалғауы білдірген. Бұл мысалдардан шығатын қорытынды: грамматикалық мағына сөйлемде лексикалық мағынаның үстіне қосылады, грамматикалық мағына лексикалық мағынасыз өздігінен жеке тұрып қолданылмайды, лексикалық мағына нақты, шындық өмірге қатысты, ал грамматикалық мағына абстракты, дерексіз.
Достарыңызбен бөлісу: |