Титулдық парағы


Жұмысты орындау техникасы



бет12/59
Дата16.12.2021
өлшемі0,59 Mb.
#101812
түріНұсқаулар
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   59
Жұмысты орындау техникасы

Сиыр етін тазалау кезінде алынған сіңір қабыршығын ет қалдықтарынан тазалайды және еттартқыштан өткізеді. Балықты терісіз, сүйексіз жон етке бөледі, терісін зерттеу жүргізу үшін қолданады.



Тәжірибе № 1. Ет және балық өнімдеріндегі рН анықтау

рН – ортаны анықтаудың потенциометриялық әдісі

Балықтың терісі мен еттің сіңір ұсақталған сынамаларынан бір - бірден алынады, оларды 25 грамдық стаканға салып 1:10 арақатынасында тазартылған су құйылады, анда-санда араластыра отырып 30 минут қоя тұрады, одан кейін қағаз сүзгі немесе мақталы сүзгі арқылы сүзіп алынады.

рН ортаны анықтайтын рН- метн-340 аспабын тексереді және стандартты буферлі ерітіндімен күйіне келтіреді. рН ортаны анықтайтын рН- метн-340 аспабында өлшеу келесі ретпен жүзеге асырылады. Аспапты жүйеге қосады және 60 минут қыздырылғаннан кейін (міндетті түрде рН өлшер алдында) тексеріледі, стандартты буферлі ерітіндімен, әртүрлі рН күйіне келтіреді. Осы кезде ауыстырып-қосқыш «пәрменмен» 15 рН жайға қойылады, температураны ауыстырып - қосқыш – буфер ерітіндісі сызығына қойылады. Зерттелетін және стандартты буферлі ерітіндінің температурасы бірдей болуы қажет. Температурасы үзіліссіз ауысып тұратын рН ерітіндіні өлшеген жағдайда автоматты компенсацияны қолдануға кеңес беріледі. Одан кейін шыны электрод пен салыстыру электродын жүйені тепе-теңдікке келтіру үшін абайлап араластырылатын буферлі ерітіндіге батырады. «Өлшеу шегі» ауыстырып- қосқышты, рН өлшейтін буфер ерітіндісінің диапазонына сәйкес келетін орнына түсіреді, және аспаптың диапазондағы көрсеткішін тексереді: буферного үшін рН 1,1 өлшеу диапазонында рН 1,0 - 2,0, рН 4,0 диапазонда рН 2,0 - 5,0, рН 6,8 диапазонда рН 5,0 - 8,0және рН 9,22 диапазонда рН 8,0 - 11,0. рН - метрдің көрсеткіші рН буферлі ерітіндіге сәйкес болуы керек. Бұндай сәйкестіктің болмауы электродтың оңашалауы бұзылуы мен электродтың бүлінуін көрсетеді (жарылу немесе сызат немесе мембранадағы сызат). Кең диапазондағы көрсеткішті аспаптың төменгі шкаласы бойынша (1,0 - 14,0) есептейді. Жіңішке диапазондағы көрсеткішті жоғарғы шкала бойынша, ауыстырғышты рН 15 жайынан рН 3 жайына ауыстыру арқылы есептейді. рН аспабының шкаласы бойынша орнатылған мағынаны қабылдағаннан кейін барып белгіленеді. Көрсеткішті орнату үшін бар-жоғы 3 минут керек.

Аспапты буферлі ерітінді бойынша тексергеннен кейін электродқа арналған сауытқа сыналушы ерітіндіні орналастырады, электродты батырады және жоғарғы шкала бойынша аспаптың көрсеткішін есптейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет