Нашақорлық (гректің nark – қимылсыздық, mania – ессіздік, құштарлық мағанасында) – есірткі құрамдас немесе психотроптық, яғни оларға ұқсас заттарға тәуелділіктен туындайтын организмнің аса ауыр және тұрақты тәндік, психикалық өзгеруіне, бұзылыстарына, кейде өлімге әкелетін дерт. «Есірткілерді тұтыну», «нашақорлық» және «наркотизм» сөздерінің мағанасын ажырата білген жөн. Есірткілік заттарды тұтыну алкоголь мен темекі тұтынуға ұқсас: бұлардың бәрі «зиянды ләззаттарға» жатады, өйткені олар тұтынушыға субъективтік ләззат сезімін сыйлайды, бірақ организмге зиянын тигізеді. Есірткілік заттарды тұтыну тек «ләззат алу» ғана емес, сондай-ақ дәрігермен дәрілік препарат (ауруды басатын, ұйықтататын, психостимулятор) ретінде берілуі мүмкін. Егер есірткілерді тұтыну үзіліссіз және үнемі болса, тұтынушының организмінде өзгерістер болады, нәтижесінде есірткілерден болатын тәндік немесе психикалық тәуелділік туындайды.
Наркомания мен токсикоманияға түсу мотивтері:
Наркотикалық немесе токсикалық заттың әсері қандай екен, не болар екен деген қызығушылықты басу.
Белгілі бір топтарға, орталарға кіріп өз адамы болу үшін.
Ешкімге тәуелсіз болу немесе айналадағы адамдарға қарсы тұру сезімімен.
Ләззат әкелетін жаңа заттарды көру, сатылап көру кұбылысы.
Шабыт шақыру немесе бір затқа жаңаша ой қалыптастыру үшін.
Жанын қинап жүрген мәселелерден кету үшін.
Наркотикалық заттар туралы информацияны калай болса солай жеңілтектікпен тарату,жастар арасындағы ПАЗ мен наркомандарға деген дұрыс емес қызығушылық қалыптастырады.
Наркотикалық заттар туралы информацияны калай болса солай жеңілтектікпен тарату,жастар арасындағы ПАЗ мен наркомандарға деген дұрыс емес қызығушылық қалыптастырады.
ПАЗ заттарды пайдалану арқылы демалу мен көңіл көтеруге деген жастар арасындағы мода.
Ғаламтордағы кең тараған ПАЗ үгіттеу сайттары, демативаторлар, үй жағдайында психотропты заттарды жасау рецепттері.
Жастар талғамына әсер ететін шет елдік жұлдыздардың наркотикалық заттарды кеңінен қолдануы.