Кафедра:Наркология Тақырыбы: Тұрғындарда наркомания мен токсикоманияның қауіп-қатер топтарының арасында алдын алуды жүргізу Тексерген: Жылкибаева С.К Орындаған: Сабырова Б Курс: V Топ: 21-01
Соңғы жылдары наркамания мен токсикомания ұлт денсаулығына қауіп төндіріп тұрған ең негізгі фактор болып тұр. Соңғы жылдары наркотикалық заттарды қабылдаудың ең төменгі табалдырығы 15тен 11ге дейін төмендеген. Химиялық өндірістің қарқынды дамуы көптеген тәуелділік шақыратын жаңа заттардың шет елдерден келіп жетіп ПАЗ қатарын толтыруда. Мысалы, шегетін қоспа “курительная смесь” спайс. Қазіргі таңда барлық СПИДпен ауыратын адамдардың 80% наркомандар. Барлық наркоманиямен ауыратын адамдардың 100 пайызында заңмен проблема және әйел адамдардың 58 пайызы жезөкшелікпен айланысады. Бұл СӨС насихаттаудан басталып тәуелділік жолына түскендермен жұмыс істеумен аяқталу керек.

Нашақорлық (гректің nark – қимылсыздық, mania – ессіздік, құштарлық мағанасында) – есірткі құрамдас немесе психотроптық, яғни оларға ұқсас заттарға тәуелділіктен туындайтын организмнің аса ауыр және тұрақты тәндік, психикалық өзгеруіне, бұзылыстарына, кейде өлімге әкелетін дерт. «Есірткілерді тұтыну», «нашақорлық» және «наркотизм» сөздерінің мағанасын ажырата білген жөн. Есірткілік заттарды тұтыну алкоголь мен темекі тұтынуға ұқсас: бұлардың бәрі «зиянды ләззаттарға» жатады, өйткені олар тұтынушыға субъективтік ләззат сезімін сыйлайды, бірақ организмге зиянын тигізеді. Есірткілік заттарды тұтыну тек «ләззат алу» ғана емес, сондай-ақ дәрігермен дәрілік препарат (ауруды басатын, ұйықтататын, психостимулятор) ретінде берілуі мүмкін. Егер есірткілерді тұтыну үзіліссіз және үнемі болса, тұтынушының организмінде өзгерістер болады, нәтижесінде есірткілерден болатын тәндік немесе психикалық тәуелділік туындайды.