Түркі мифологиясы: типологиялық сипаты, ортақ мотивтер және кейіпкерлер



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата07.02.2022
өлшемі336,07 Kb.
#95556
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
, [#409480]-446963 (1)

Типологиялық сипат. 
Түркі халықтарының әлемнің жаралуы
дүниені тану туралы мифтерінде аспанды – әке, жерді – ана деп тану 
сенімі бар. Бұл жерде әлем халықтары мифологиясымен ортақ сипатты 
айта кеткен жөн. 
Шумер мифологиясында алғашқы жаратушы Апсу мен жаратушы-
ана Тиамат делінеді; 
Ежелгі Грек мифологиясында аспан Уран, ал, жер Гея бейнесінде 
сипатталған;
Ежелгі Мысыр мифологиясында Атум құдайдан Шу мен Тефнут 
жаралып, олардан Геб пен Нут дүниеге келеді. Геб – жер құдайы (еркек), 
ал Нут – аспан құдайы (әйел). 
Ежелгі үнділердің ведалық мифологиясындағы аспан құдайы Дьяус-
Питар пен жер құдайы Притхиви дүниенің жаралуы туралы алғашқы 
түсініктердің үндестігін танытады;


Жанат АЙМҰХАМБЕТ (Zhanat AİMUKHAMBET)
29
Türk Dünyası 43. Sayı
Ежелгі Қытай мифологиясында аспан-еркек Ян және жер-әйел Инь 
түрінде түрінде сипатталады, бұл екеуі қарам-қарсы болғанымен бірінсіз 
бірі өмір сүре алмайды. 
Ал, Түркі халықтары мифологиясында бұл танымды көрсететін 
мифтік образдар – аспан-әке-Тәңір мен жер-ана Ұмай.
Келтірілген мысалдарға назар аударсақ, әлемнің жаралуы туралы 
мифтік дүниетанымдарда еркектік және әйелдік бастау тұрғаны 
мифологиялық түсініктердегі ұқсас сипаттардан байқалады. Аспан мен 
жер туралы мифтік танымдағы жұп архетиптік бейнелер адамзаттық 
философия мен мәдениетте еркеше орын алғаны белгілі. 
Ғылымға архетип ұғымын енгізген К.Г.Юнг атап көрсеткен 
Анима (еркектік бастау) және Анимус (әйелдік бастау) күллі әлем 
халықтары мифологиясына тән архетиптік бейнелер. Юнг тұжырымы 
бойынша, Анима мен Анимус әйел мен еркек психологиясының өзіндік 
ерекшеліктерін тануда маңызды қызмет атқарады. Анима өмірдің 
архетипін танытып, еркек рухы түрінде қабылданса, Анимус әйелдің 
рухани бейнесі түрінде танылады (Юнг 2013: 89). Дүниетанымның ең 
алғашқы, мәдени сананың тарихи формасы саналатын мифологиялық 
ойлау жүйесінде дуалистік сипат еркек пен әйел, ақ пен қара, ізгілік 
пен зұлымдық түрінде танылып, өмір осы екі жүйедегі қарам-қарсы 
ұғымдардың күресі мен бірлігіне негізделеді.
Түркі халықтарының мәдени мұраларында Көк пен Жерге сыйынған 
сенім нышаны мәдени жадымызда сақталумен бірге, көркемдік-
эстетикалық қызмет атқарды. Табиғаттағы зат пен құбылыс атаулы сезім 
мен ойға ие, олар да адам сияқты қайғырады, қуанады, күледі деп түсінген 
анимистік наным негізінде көркем әдебиеттегі психологиялық егіздеу 
(параллелизм), метафора, аллегория, симол сияқтыкөркемдік-бейнелілік 
тәсілдері туындаған. Сонымен қатар фольклордағы метефоралық 
қолданыстар да бағзы халықтар санасынан орын тепкен мифологиялық 
ойлау жүйесінен хабар береді. 
ҮІІ-ҮІІІ ғасырлардан жеткен Орхон жазба ескерткіштерітүркі 
қағанатының тарихын, экономикалық-әлеуметтік, саяси ахуалымен бірге, 
сол қағанат құрамындағы тайпалардың наным-сеніміненхабар береді.
Көне түркілік жазбалардан түркілердің Көк Тәңіріне деген ерекше 
құрметі танылады. Мысалы:
Тәңірідей, Тәңіріден жаралған
Түрк Білге қаған
… Биікте көк Тәңірі
Төменде қара жер жаралғанда


Түркі Мифологиясы: Типологиялық Сипаты, Ортақ Мотивтер Және Кейіпкерлер
Türk Dünyası 43. Sayı
30
Екеуінің арасында адам баласы жаралған.
…әкем Елтіріс қағанды,
Шешем Елбіге қатынды
Тәңірім төбесіне ұстап,
Жоғары көтерген екен
…Тәңірі қуат берген соң
әкем қағанның әскері бөрідей болыпты.
…Тағдырды сені өлімші етті. (КТК –“Күлтегін”, кіші жазу)
Көне түркілер үшін күллі жаратылыстың құдіретті иесі – Тәңірі. 
О «Көк», «аспан» ұғымдарымен үндеседі. “Аспан – шамандықтың ең 
құдіретті жаратушысы. Көк Тәңірі – көк аспан деп аталады. Қазақтар 
ұғымындағы бірінші аталатын сын есім “көк” – көріністі бейнелейді және 
заттық түсінікті білдіреді, ал зат есім (тәңірі) “көк” атауының баламасы 
(синонимі)… Тәңірі сөзін Шыңғыс хан заманында мұсылмандар “Алла” 
деп, ал, еуропалықтар “deus” деп аударған”, - деп көрсетеді Ш.Уәлиханов 
(Уәлиханов 2010а: 183). “Күлтегін” жазуындағы “Тағдырды Тәңірі 
жасар” деген тіркестің астарында бүкіл адам баласының тағдыры, 
амандық-саулығысол Тәңірінің қолында, ол өз билігін көк биігінен іске 
асырып отырады деген сенім жатыр. 
Басқа халықтар мифологиясында аспан мен жердің арасында 
белгілі дәрежеде қарама-қарсылық болып, күрес жүрсе, түркілердің 
мифологиялық танымында көк пен жер өзара бірлікте, тұтастықта 
сипатталады. Мифтік әңгімелерде, фольклордың басқа да жанрларынан 
орын алған мифологизм көріністерінде ондай күрес, қайшылық мүлде 
жоқ. Керісінше, көк пен жер – түркілердің тірегі, бірі – әке, бірі – ана. Бұл 
байырғы мифтік танымның реминисценциясы ұлы Абайдың:
Анамыздай жер иіп емізгенде
Бейне әкеңдей үстіңнен аспан төнер, - 
деген өлең жолдарындағы бейнелеуден анық көрінеді. 
Ежелгі дәуірде адамдар бұғы, бөрі, кит, аққу, қаз, т.б.аң-құстар киелі деп 
сенген. Осыдан келіп мифологиялық ойлау кеңістігінде антропоморфтік 
бейнелер жүйесі түзілді. Қырғыз халқының бұғы-ана туралы мифіндегі 
тотемі – бұғы… Түркі тайпаларының басты тотемі – бөрі. Ең көне таным 
болып саналатын зороастризм адам мен жануарды қандас туыс деп 
түсіндіреді. Қытайдың көне дәуірден жеткен жазба шежіресі “Суйшуде” 
Ашин ордасының шыққан тегі туралы тарихи анықтамамен қоса “мифке 
негізделген аңыз” кезедесетініне Н.Я.Бичурин тоқталып өтеді (Бичурин 
1977: 221). Мифтік мотив бойынша, анасы – бөрі, әкесі – адам көк 
бөрі (қытайша “ашина” – мейірімді бөрі) ұрпақтары түрфандық қызға 
үйленіп, түркілердің көк бөрі әулетін таратады. Енді бір аңызда Көк 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет