18. Бейнелеу және бейне фильм ретінде көрсетілген нақты немесе болжамды жағдайларды талдау мен топтық талқылау арқылы оқыту әдісі неге негізделген? а) іскерлік ойындар
ә) өзіндік оқу
б) тәжірибелік жағдайлар
в) нұсқау
г) алмастыру
19. Адам капиталы теориясы бойынша білім беру жүйесіне инвестиция неғұрлым жоғары бөлінсе, соғұрлым не жоғары болады? а) еңбек өнімділігі
ә) күтілген жалақы және материалды ынталандыру
б) белсенді еңбек дәрежесі
в) тек қана күтілген жалақы
20. Жұмыскелерді оқытудың негізгі әдістері қайсы? а) жұмыс орнында оқыту
ә) қауіпсіздік ережелерімен таныстыру
б) технология нұсқауымен таныстыру
в) жұмыс ережелерін пайдалану
г)фильмдер, аудио және бейне касеталарды қолдану
21. Оқыту бағдарламасын бағалау әдісіне қайсысы жатады? а) жұптық салыстыру әдісі
ә) бағалау эксперименттерін жүргізу
б) ранжирлеу(саралау)әдісі
в) сараптау әдісі
г) балдық бағалау әдісі
11 - Тақырып: Кәсіпорындағы іскерлік мансапты басқару Қарастырылатын сұрақтар тізбегі: 1. Қызметкер мансабының түсінігі 2. Мансаптылық түрлері, сипаттамасы
1.Қызметкер мансабының түсінігі. Мансап - бұл адамның өз еңбегі жайлы субьективті түрде ұғыну бейнесі, өзін-өзі көрсетудің үміт жолдары және өз іс-әрекетіне қанағаттанғандық білдіру әсерлері. Бұл қызметтік сатыда үдемелі жоғарлауы, дағдылардың, қабілеттіліктердің,біліктілік мүмкіндіктердің және адамның іс-әрекетіне байланысты сый-сияпаттар көлемінің өзгеруі.Мансап - бұл адамның бүкіл өмір бойы жұмыс істеу кезіндегі еңбек тәжірибесі мен іс-әрекетіне байланысты өзі ұғынған көзқарасы және мінез-құлқы.
«Мансапты жасау» - қоғамда жаңа беделді деңгей мен үлкен мүмкіндіктерге жету, жоғары мәртебеге, абыройға, билікке ие болу. Бұл жердегі абырой-қоғам ішінде кең тараған көзқарас.
Әрбір адам өз өмірінде лайықты мансапты таңдау мәселесіне көп көңіл бөледі.Сонымен қатар әр адам өмірінде белгілі бір табыстарға жеткісі келеді: - қандай да бір шыңдарды алу
- ең жақсы нәтижелерге жету
- қандай да бір салада жетістіктер мен кәсіпқойлыққа ұмтылу
- орындалған жұмысынан қанағаттанарлық сезім алуға ұмтылу.
Еңбек нарығы жағдайында мансап жасай отырып, біздің әрқайсымыз өзіндік жұмыс күшімізді құраушы да, сатушы да боламыз.Нарықтың жағдаяты мен оның заңдылықтарын біле отырып табысқа жетуге болады.
Әрбір адам өз өмірінде лайықты мансапты таңдау мәселесіне көп көңіл бөледі.Сонымен қатар әр адам өмірде белгілі бір табыстарға жеткісі келеді:
Қандай да бір шыңдарды алу
Ең жақсы нәтижелерге жету
Қандай да бір салада жетістіктер мен кәсіпқойлыққа ұмтылу
Орындалған жұмысынан қанағаттанған сезім алуға ұмтылу.