«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет94/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302
34dcdc1e8cf360a39cfc4a693507552d.pdf, Лекция 1 Физические эффекты, используемые для создания датчиков, 130592
«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
118
119
ИНТЕРНЕТ
http://sadgora.info/promtovaru/clothes/160-kak-uhazivat-za-
kozanumi- izdeliyami.html
http://www.rbn.kz/obr_1.htm
http://Странамастеров. ру
http://womanadvice.ru/izdeliya-iz-kozhi-svoimi-rukami
МУЗЫКОТЕРАПИЯНЫҢ АДАМ 
ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘСЕРІ
МУГРАЖ Н.
9 сынып оқушысы, Абай атындағы ЖОББМ,
Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы
ШИМОВА Д. Ж.
жетекші, музыка пәнінің мұғалімі, Абай атындағы ЖОББМ, 
Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы
Адамзат баласының тіршілік өмірінде ең бағалы нәрсе, оның 
денсаулығы. Денсаулықты сақтап, үнемі денсаулықтың қорын 
көбейтіп, оған пассивті түрде емес, активті түрде қарау керек.
Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену, әрбір адамның басты 
міндеті.Денсаулық-адам өміріндегі ең жоғарғы бағалы дүние.
Өмірдің шаттылығы мен қызығы денсаулыққа байланысты.Дені 
сау адам көңілді жүреді.Дүние жүзілік медицина ғалымдарының 
ұлт өкілдері, денсаулық адамзат баласына тартқан үлкен сыйы деп 
түсіндіреді.
Дүние есігін ашқан бойда адам құлағы неше түрлі әуенді естиді.
Бірі жағымды, бірі жағымсыз, бірі қорқынышты, ал енді бірі жан 
сергітерлік болады. «Әлдиден» бастау алатын әуезді музыкалар 
адам санасына да, физиологиялық тұлғасына да әсер етеді екен.Бұл 
ежелгі дәуірден дәлелденіп келе жатыр.Мысалы Көне Мысырда 
ұйқысыздықты хордың ән шырқауымен емдеген екен.Ал Ежелгі 
Қытайда музыка буын және қан тамырлары ауруына ем болған.
Антикалық дәуірдің философтары музыкалық терапия туралы 
трактаттар жазған.Олай болса, музыканың адам ағзасына қалай 
әсер ететінін байқап көрейік.
Музыка (грек musike, тура мағынасында «музыкалық өнері»)-
белгілі биіктегі дыбыстардан тұратын, адамға өзінің үйлесімді 
ұйымдасқан сазды әуенімен әсер ететін, дыбыстық көркем бейнеге 
негізделген өнердің бір түрі.
Музыка дегеніміз-сырлы да сиқырлы дыбыс. Ал, дыбыс –
табиғат. Табиғатсыз тіршілік жоқ болса, дыбыссыз музыка жоқ.
Әуен көптеген сансыз дыбыстан құралады. Табиғаттан пайда болған 
жаңбыр, дауыл, жел үні, су сылдыры, құстардың әні, аңдардың үні 
мен қимылы т.б. еліктеуден әуен құралады.
«Терапия» – латын тілінен аударғанда емдеу деген ұғымды 
білдіреді, сонда музыкалық терапия дегеніміз музыкамен емдеу 
болып шығады. 
Музыка көңілді көтереді, қайғыны жеңілдетеді, бойды 
сергітеді, жанға жайлы эмоция тудырады. Аталарымыз керемет ән 
тыңдаса «алпыс екі тамыры босап», ғажайып бір күйге ендім жеп 
жататын еді. Ертеден-ақ музыка өнерінің тозған, шаршаған жүйке 
талшықтарына қозғау салып, жан бітіретін күшке ие екендігін білген 
екен. Музыка мен ән-күй химиялық уы болмайтын, адамның тәнін 
уламайтын, жанына рахат сезімін тудыратын, психологиялық әсері 
күшті таза мөлдір дәрі деуге болады. 
Музыка адамның ойлау қабілетіне әсер ете алады ма? 
Музыканың адамға тигізер қандай пайдасы бар?
Ғалымдар адам физикалық күш жұмсағанда, бұлшықет 
шамадан тыс қызмет атқарған кезде музыка тыңдап жүрсе, ол оның 
жұмыс жасау қабілетін екі есе арттырады екен. Жаттығу залында 
жүргенде, жүгіргенде спортшылар құлаққаппен ән тыңдап жүреді. 
Бұл сол зерттеудің нәтижесінен алынған. Жігерлендіріп, рух 
сыйлайтын әуендер тез қозғалуға мүмкіндік береді. Әр нотаның 
бұлшықетке берері көп.
Музыкалық фон уақыттың өтуін баяулатады. Көпшілік жүретін 
жерде міндетті түрде музыка қосылып тұрады. Дүкен, әуежай, 
супермаркет, вокзал – барлығында. Бұл сатушының не кассирдің 
көңілін көтеру үшін қосылып тұрмайды. Лаунж, блюз немесе 
осылар секілді баяу әуендер адамның сол кеңістікте қосылып 
тұрған әуенмен жай жүруіне әсер етеді. Әуен осы уақыт аралығында 
адамның санасын тыныштандырады. Адам асығып тұрғанын да 
ұмытып кетуі ғажап емес. 
Музыка наркоз ретінде де әсер етеді. Қандай да бір музыка ота 
үстелінде жатқан науқастың ауруын сездірмейтін күшке ие бола 
алады. Адамның жүйке жасушасын ұйықтата алатын әуендер қан 
айналым жүйесін де бірқалыпта ұстап тұрады.
Ырғақ пен үндестік иммунитетті нығайтады. Зерттеушілер 
белгілі бір ырғақ пен үндестік адам ағзасының иммунитетін 
көтеретінін айтады. Мәселен, қоңырау үні, тибет ыдыстарының 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет