«xxi ғасырдағЫ Ғылым және білім»



Pdf көрінісі
бет129/236
Дата16.04.2022
өлшемі4,46 Mb.
#139665
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   236
Байланысты:
Сборник 3конф (1)

 
Кинетика реакции гидрирования нитробензола на 
палладиевом катализаторе, нанесенном на наноалмаз / И.И. Образцова, Н.К. 
Еременко, Ю.Н.
 
Велякина // Кинетика и катализ. – 2008. – Т.49. – № 3. – С. 422-
428.
8.
Baetzold, R.C., Calculated Properties of Metal Aggregates. II. Silver and 
Palladium. The Journal of Chemical Physics, 1971. 55(9): р. 4363-4370. 
Ғылыми жетекші: Шаймардан Минавар
МУРАТОВА А.К., АЯПОВА Т.Т.
(АЛМАТЫ Қ., ҚАЗАҚСТАН) 
 
МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ- ҚАТЫНАС КОНТЕКСТІНДЕГІ 
ШЕТТІЛДІК БІЛІМ БЕРУДІҢ ЗАМАНАУИ ПАРАДИГМАСЫ 
Қазіргі таңда халықаралық қатынастардың күшеюіне байланысты 
қоғамның тарапынан шет тілін ерте жастан оқытуға деген қызығушылық арта 
түсті. Елімізді жаңа саяси жолға бастайтын Президентіміздің «Қазақстан - 
2050» Стратегиялық Жолдауында Қазақстан азаматтары 2025 жылға дейін 
үштұғырлы тілді меңгеру қажеттілігі, білім арқылы интеграциялану үшін 
ағылшын тілін де жақсы білу қажеттігі айтылған болатын [1]. Сондықтан да 
Елбасы Жолдауының басымдылықтарының бірі – үштұғырлы тілді азаматтар 
қалыптастыру. Ендеше қазақ, орыс, ағылшын тілдерін ерте жастан бала 
санасына үш тілділік аясынан көп мәдениеттілікті сіңіру өзекті мәселе болып 
табылады. 
Қазіргі білім беру жүйесінің нысаны – көп мәдениетті кеңістікте 
тәрбиеленіп, дамып отырған адам. Ұлттық сана-сезімнің күрт өсуіне 
байланысты этникалық және этномәдени өздік сәйкестендіруге ұмтылу 
халықтың тек өз ұлтына ғана емес, басқа да жақын және алыс ұлттар ортасына 
деген үлкен қызығушылығына себеп болып отыр. 
Е.И. Пассовтың пікіріне сүйенсек, шетел тілін оқыту дегеніміз – адамның 
жеке тұлға ретіндегі білімі (қалыптасуы): рухани байлығын, қабілеттіліктерін 
дамыту, қажеттіліктерін көтеру, моральдық – жауапты және әлеуметтік 
бейімделген адамды тәрбиелеу. Нәтижесінде, білім – мәдениетке кірігу арқылы 
адамның қалыптасуы жүзеге асады және оны сіңіре отырып адам оның 
субъектісі болады деген [2, 33]. 


246 
Бүгінгі таңда шетел тілін оқытудың басты мақсаттарының бірі-
мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілетті, шетел тілін сол тілде сөйлеуші 
ұлттық тілдік және әлеуметтік - мәдени ерекшеліктеріне сай, дұрыс қолдана 
алатын, білімді де мәдениетті мамандар даярлау болып табылады.
«Мәдениетаралық қарым- қатынас» терминін қарастырған ғалымдар 
қатарында, С.С.Құнанбаева, Д.А.Иванов, В.Д.Щадриков, А.Т.Чакликова және 
т.б. ғалымдардың еңбектеріндегі «құзіреттілік», «мәдениетаралық қатысым 
құзіреттілігі» ұғымдарын айқындайтын теориялар негізінде, Д.Н.Кулибаева, 
С.Савиньон, Д.Хаймс және т.б. ғалымдардың еңбектеріндегі «мәдениетаралық 
қатысым құзіреттілігі және оның субқұзіреттіліктері» ұғымдарын айқындайтын 
теориялар негізінде зерттелді [6]. 
С.С.Құнанбаеваның пікірі бойынша, «мәдениетаралық қатысым»
 
үрдісіне 
қатысты жұмыстарды қарастыра келіп, мәдениетаралық тілдесім үстінде екі 
түрлі мәселеге айрықша назар аудару қажеттігі байқалады:
а) қатысымдық факторлар (жағдаят, тілдің жанры мен стилі, қатысым 
формасы, бейвербальды құралдардың болуы және мінез-құлық формалары);
ә) психологиялық факторлар (қабылдау сапасы, реакция, атрибуция, 
стереотипизация, эмпатия; өзге мәдениетке псхологиялық реакцияның мынадай 
түрлері жатады: жоққа шығару, бейімделу, аккультурация;
б) мәдени факторлар (базалық ұғымдар, нормалар, құндылықтар, 
тәжірибе); 
Әрбір шетел тілін меңгерту, оқыту және сол тілді тану, ойлану, сол тілде 
білім сапасын жетілдіру мұның барлығы дерлік сол тілдің иемденушінің 
мәдениетіне, танымына, әлемдік көзқарасына тікелей байланысты.
«Тіл- сана- мәдениет» концептісін мәдениетаралық қарым- қатынас 
интеграцияланған аспектілері негізі ретінде қарастыратын академиялық 
еңбектер танымал болуда. Олар таным теориясы, психолингвистика, тілдің 
интербелсенді жүйе ретінде әлеуметтік мәдени теориясы (M. Cole, Lee), қарым- 
қатынас және мәдениеттанулық теориясы (E. Hall) және т.б. нәтижелерге 
негізделген. 
Н.Д. Гальскова А.Ченкиннің ғылыми тұжырысдамасына сүйене отырып 
когнитивизмнің негізі шетел тілді меңгерген адам психологиясы, тілдік қарым-
қатынасы, функционалды және мәдени құндылықтары сол тілде сөйлеу 
барысында тілді иемденушінің тілінде көрініс табатындығын айтқан. [3,109 б.] 
Мұндағы негізгі роль танымдық сипатпен бірге берілген білімді қабылдау, 
физикалық тұрғысынан бой ұсыну мен мәдениет арқылы өзара қатынас орнату. 
Дж. Лакофф былай дейді: «
Все эти соображения подтверждают точку 
зрения, согласно которой наша концептуальная система зависит от нашего 
физического и культурного опыта непосредственно связана с ними
» [4,48 б]. 
Сонымен қатар 
«...наша концептуальная система основывается на 
физическом, социальном и прочих видах опыта и понимается через них...»
[4, 
49 б].
Жоғарыда айтылған сөзге мән берер болсақ, өзге тілді меңгермес бұын сол 
тіл туралы қалыптасқан пікір ерекше рөл атқарады. Ой танымында қалыптасқан 
сол тіл сол тілді иемденуші халық жайындағы жалпы түсінік оның өзге тілді 


247 
үйрену барысында аса үлкен септігін тигізеді. Жеке тәжірибе, жалпы түсінік, 
өзіндік қалпын қалыптастырады. Өзге тілді қабылдау барысында өз 
мәдениетімен өзге мәдениетті салыстыра отырып қабылдайды. Бұл қабылдау 
танымдық қабылдау, танымдық санат пен тілдік санат болып табылады. 
Қазіргі лингвистикада концептуалды зерттеулер негізгі екі бағыттың – 
когнитивтік лингвистика
мен 
лингвомәдениеттану
дың арнасында белсенді 
түрде жүргізілуде. Көптеген концептуалды зерттеулер нәтижелері мен 
теориялық қағидалар, когнитивтік лингвистика да, лингвомәдениеттану да тіл 
білімінің антропоцентристік бағытқа сүйенген салалар екендігін көрсетеді. 
И.В. Привалованың «этно- лингвомәдени сана» теориясына сүйенсек, екі 
тілдегі рефлексиялық белсенділіктің көрінісі болуы керек мәдениетаралық 
қарым-қатынас кезінде коммуникаторлар ананың тілдік сана-сезімінің 
формалары тіл өздігінен шет тілін үйренеді үнемі салыстырмалы ақпараттық 
жасайды қабылдау және шығару кезінде интроспективті рефлекс арқылы 
мәдениетаралық қарым-қатынаста сөз сөйлеу үдерісі орын алады. Бұл күрделі 
этно-лингвомәдени сана құрылымның операциялық бөлшектері негізінде 
зерттеуші лингвистикалық, когнитивті және мәдени ерекшеліктерді анықтауы 
керек. 
Өзінің 2005 жылы жарық көрген «Заманауи шетел тілі білімі: әдіснамалар 
мен теориялар» атты еңбегінде С.С.Құнанбаева «шет тілі» пәндік саласының 
«шеттілдік білім беру» деңгейіне шейін кеңеюін, ал ғылыми және 
дидактикалық зерттеу нысанының «тілден» «лингвомәдениетке» ауысуын 
түсіндіреді [4; 54]. 
Ал шеттілдік білім берудің ақырғы нәтижесі
 —
«мәдениетаралық қатысым 
субъектісін» мәдениетаралық қатысымның когнитивті-білімдік және әрекеттік-
қатысымдық негіздерін жоғарғы деңгейде қалыптастырған тұлға. Сонымен 
қатар бұл тұлға, яғни «мәдениетаралық қатысым субъектісі», қарым-қатынас 
жағдаяттарының әр түрлілігі жағдайында алғыр және шапшаң түрде әрекеттесе 
отырып, мәдениетаралық қатысымдық құзыреттіліктің әлеуметтік және 
лингвомәдени компоненттерінің берік бекітілуін және лингвоәлеуметтің 
заңдарына сәйкес қатысымдық және өзін- өзі ұстау мәдениетін көрсете отырып, 
мәдениетаралық қатысымды жүзеге асыра білуі керек [4; 274]. 
Өзінің жұмысында Г.М.Алимжанова тілдің мәдениеттегі орнын анықтай 
келе 
«...тіл мәдениеттің қарым-қатынас құралы болуын қамтамасыз етеді. 
Тіл–мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін сақтап, ұрпақтан ұрпаққа беру 
арқылы белгілі бір ұлтты құрайтын ең негізгі және ең күшті қару...»
деп 
жазды [7, 25]. 
Жоғарыда айтылғандай зерттеу жұмыстарынан шыққан қорытындыны 
тұжырымдайтын болсақ, тіл мен мәдениет бір-бірін толықтырады және бір-
бірінсіз өмір сүре алмайды, яғни мәдениет жоқ жерде тіл, тіл жоқ жерде 
мәдениет бола алмайды. 
Сонымен, «шеттілдік білім беру» дегеніміз — бұл: «білім берудің» белгілі 
сипаттамаларына, әсіресе олардың маңыздысы болып саналатын әдіснамалық 
тәуелсіздік пен дербестік сипаттамасына сәйкес келетін дербес дидактикалық 
сала; 


248 

ғылыми таным мен нақты ғылыми саланы зерттеудің когнитивті-
лингвомәдени әдіснамасы бар білім берудің ерекше түрі; 

бірыңғай 
теориялық 
тұғырнамасы 
(шеттілдік 
білім 
берудің 
мәдениетаралық-қатысымдық тұжырымдамасы), біртұтас пәнаралық-кешенді 
зерттеу нысаны (шет тілі — шетел мәдениеті — тұлға) және ақырғы нәтижесі 
(мәдениетаралық қатысым субъектісі) бар ғылыми- практикалық сала; 

теориялық дербестігін дәлелдейтін өз ұғымдары мен категорияларының 
жүйесі бар салалық ғылымның негізі; 

оның құрамындағы «шет тілі — шетел мәдениеті — тұлға» танымның 
кешенді нысаны: а) әлемнің саналы (когнитивті) түрде қайта тұжырымдануын; 
ә) «екінші когнитивті сананың» қалыптасуын және б) жаңа тіл мен 
лингвомәдениетті үйреткенде «әлемнің екінші көрінісінің» құрылуын білдіреді. 
«Шеттілдік білім беруде» жаңа лингвомәдениетті үйрету процесі шеттілдік 
білім беру мазмұнының әдіснамалық ұстанымдарға сәйкес өзгеруі арқылы 
жүзеге асады. Әдіснамалық ұстанымдарға мыналар жатады: 

когнитивті ұстаным; 

қатысымдық ұстаным;

лингвомәдени ұстаным;

әлеуметтік-мәдени ұстаным;

тұжырымдамалық ұстаным; 

тұлғаға бағытталған (дамытушылық-рефлексивтік) ұстаным [5, 15]. 
Аталған әдіснамалық ұстанымдардың жинағы пәндік мазмұн арқылы 
«шеттілдік білім беру» әдіснамасын жүйелеп, іске асыратын әдіснамалық негіз 
болып табылады; «шеттілдік білім беруде» белгіленген когнитивті-
лингвомәдени негіз «мәдениетаралық қатынас субъектісінің»: 
а) мәдениетаралық қатысымның когнитивті-білімдік және әрекеттік-
қатысымдық негіздерін жоғарғы деңгейде қалыптастырған; 
ә) қарым-қатынас жағдаяттарының әр түрлілігі жағдайында алғыр және 
шапшаң түрде әрекеттесуді қамтамасыз ететін, жеткілікті деңгейде 
қалыптастырылған мәдениетаралық қатысымдық құзыреттілікке ие; 
б) өзінің мәдениетаралық қатысымдық құзыреттілігінің әлеуметтік және 
лингвомәдени компоненттерін берік құрған тұлға ретінде қалыптасуына 
мазмұнды-тұжырымдамалық және әрекеттік тұғырнама рөлін атқарады. 
Білім алушыларды оқытылатын тіл елінің әдебиеті, тарихымен, оның 
дәстүрімен, көрнекті жазушыларымен таныстыру арқылы олардың бойында 
әдеби- елтанымдық, мәдениетаралық- коммуникативті, лингвоелтанымдық 
біліктілікті қалыптастыру; мәдени - тарихи шындықтармен танысу; яғни 
мәдениетаралық қарым – қатынас құзыреттіліктерін қалыптастыруға болады.
Қорыта айтқанда, шетел тілін оқытудың тәжірибесі мен теориясы 
анықтағандай жеке тұлға өзі бейімделе бастаған жаңа мәдениетті өзінің ой 
санасында қалыптастырып, ары қарай дамытып, жүйелеп үйрене түседі. Шетел 
тілін үйрену тек, сол тілдің грамматикалық және сөздік қорын жақсы меңгеріп, 
сол шет тілінде сөйлеу ғана емес, өзі қолданып, яки үйреніп жүрген тілді 
иемденуші халықтың мәдениетін де меңгеру, сезіну, ой-санасына қалыптастыру 
болып табылады. 


249 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   236




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет