З. А. Мовкебаева (қолы)


Карл Роджерс бойынша адам психикасындағы екі бетбұрыс (“идеалды мен”+ “реалды мен” “МЕН” құрылымының пайда болуы)



бет48/125
Дата19.03.2022
өлшемі0,77 Mb.
#136148
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   125
Байланысты:
З. А. Мовкебаева ( олы)

2. Карл Роджерс бойынша адам психикасындағы екі бетбұрыс (“идеалды мен”+ “реалды мен” “МЕН” құрылымының пайда болуы).
К.Роджерс бойынша, адам психикасында екі туа біткен бетбұрыс бар. “Өздігінен өзектіленуге бетбұрыс” деп аталатын бірінші бетбұрыс, адамның болашақ жеке тұлғалық қасиеттерін басынан-ақ жабық түрде ұстайды. Екінші – “ағзалы ізінен жүретін үрдіс” жеке тұлғаның дамуын бақылап отырады. Осы бетбұрыстар негізінде адамда даму барысында “идеалды Мен” және “реалды Менді” қосып алатын ерекше жеке “Мен” құрылым пайда болады. “Мен” құрылымының осы құрылым тармағына толық үйлесімділіктен (конгруэнттік) толық үйлесімсіздікке дейінгі күрделі қатынаста болады (Роджерс К., 1994).
К. Роджерс бойынша, өмірдің мақсаты - өзінің бүкіл өмірлік потенциалын жүзеге асыру, толығымен жұмыс істеген жеке тұлға болу, яғни өзінің бүкіл дарыны мен қабілетін пайдаланатын адам болу, өзінің потенциалын жүзеге асырып, шынайы табиғатына сай өзінің қайғыруларын, өзін толық тануға қарай жүру боп табылады.
Психотерапия саласында өзіндік төңкеріс жасаған, клиентке бағытталған терапияның авторы К.Роджерстің кеңес беру мен психотерапияға арналған еңбектеріндегі «Кеңес беру процесің бөлімінде эмоциялық босанулар, босатылуды қолпаштау, терапия түрінің бірі деп саналады. Әрине, әрбір кеңес беру тәжірибесінің маңызды міндеттерінің бірі индивидтің проблемалары және қайшылықтарымен тығыз байланысты ой пікірлері, сезімдері, эмоциялы сипаттағы импульстерін ашу болып табылады. Мұнда кеңес беруші мен клиент арасындағы психологиялық үйлесімді қарым-қатыныстың түрлі аспектілері қарастырылады. Әрбір терапевтік жағдайда клиент қалай болғанда да кеңес берушіге және кеңес беру жағдайына өзінің оң (позитивті) немесе теріс (негативті) эмоцияларын білдіреді. Осындай сәттерде кеңес берушінің ұстанатын бағыттарды анықтап шешім қабылдауы және тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана білу- клиеттің өзіне деген сенімін тудыруға мүмкіндік жасайды.
Жүйелі жүргізілмеген кеңес беру жағдайларында немесе кеңес беру саласанда психологиялық дайындығы нашар кеңес берушілердің өткізген терапевтік әңгімелеріндегі қателіктерін қандайда бір деңгейдегі сенімділікпен іріктеп алу өте қиын. Осы тұрғыда К.Роджерс терапия процесіндегі кейбір қауіп-қатерлердің туындайтынын ашып көрсетіп, оны түзетудің де жолдарын ұсынады.Кеңес берудің тиімді болуы үшін кеңес берушінің емес, нақ клиенттің бағдарларының көрінуі маңыздырақ екендігін есте ұстау қажет дей келіп, кейбір ерекше проблемаларға тоқталады. Олардың көмек қажеттілігін сезінбейтін, бірақ терапеияға қатысуға мәжбүр болған клиенттердің эмоцияларын көрсетуге қалай итермелеу керектігімен байланысты.
Осы орайда, терапия кезінде кеңес берушіге және жалпы болып жатқан жайыттарға деген антогонистік қатынастарын тез байқататын қарсыласатын клиенттің және үнемі жауап қайтаруды талап ететін клиенттің түрлі кездесетінін анықтап, олармен жұмыс жүргізудің тәсілдерін ұсынады. Еңбекттің «Инсайтқа жетуң деген 7-тарауында инсайт реттінде топтастырылған күйзелістердің мәні мен егжей-тегжейлі сипаттамасын ұсынады. «Инсайтң ұғымына түсінік. Инсайт – терапептік кеңес берудің аса маңызды аспектсы, көптеген мамандар жете бағалай қоймайтын, аз зерттелген аспектісі. Мұнда клиент үшін инсайттың мәні өзін-өзі түсінудің бірттіндеп өсуі, өзін-өзі сезіну және қабылдау, инсайтқа жетудің салдарлары, кеңес беруші инсайттың дамуына ықпалы, оның әдістері мысал келтіре отырып баяндалады. Сонымен бірге бірқатар практикалық психологиялық ескертулер де ұсынылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет