Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер


Магнийдің тотықсыздандырғыш қасиеті



бет115/176
Дата03.01.2022
өлшемі1,11 Mb.
#108317
түріСабақ
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   176
Байланысты:
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫ (1) (1)

3. Магнийдің тотықсыздандырғыш қасиеті. а) Магнийдің сумен әрекеттесуі. Магний түйірін зімпара кағазымен тазартып, сынауыққа салып, үстіне дистилденген су құйыңдар. Химиялық реакция салқын ортада жүре ме? Сынауықты штативке бекітіп, жалында қыздырыңдар. Суыған соң ерітіндіге индикатор қосып, бақылау жасаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.

ә) Магнийдің қышқылдармен әрекеттесуі. Кестеден магнийдін электродтық потенциалын тауып, оның сұйытылған және концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттесуіне қорытынды жасаңдар, тәжірибе жүзінде тексеріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.

б) Магнийдің кальций карбонатымен әрекеттесуі. 5 г ұсақталған кальций карбонаты мен магний (3г) ұнтағын араластырып, құрғақ сынауыққа салыңдар. Сынауықты ұстағышпен ұстап, өте сақтықпен қыздырыңдар (қыздыруды қоспаның жоғарғы жағынан бастаңдар). Реакция аяқталған соң, сынауықты суытып, қоспаны фарфор табақшаға ауыстырыңдар. Қоспаны сұйытылған тұз қышқылы ерітіндісімен өңдеңдер. Неге? Төменгі реакциядағы алынатын қорытынды бойынша жеке бөлініп шыққан қара түсті көмірге көңіл бөліп теңдеуін жазыңдар.

а, ә, б - тәжірибелері химиялық реакциялардың қай типіне жатады? Бұл реакцияларда магний қандай қасиет көрсетеді?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет