Зерттеу жұмысының өзектілігі


Ағылшын тілі сабағында интерактивті құралыдарды қолдану тиімділігі



бет21/24
Дата21.05.2022
өлшемі0,65 Mb.
#144386
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
ДР нов файл

2.7 Ағылшын тілі сабағында интерактивті құралыдарды қолдану тиімділігі

Ақпараттық-коммуникациялық технологияның тиімділігі - келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына,іскерлігі мен шығармашылығын еркін дамытуға жол ашатын педагогикалық-психологиялық жағдай жасауында.


Білім беру орындарында оқу үрдісін бүгінгі күнге лайықтап өзгерту- заман талабы.Ғылым ғасырының табалдырығынан аттағалы тұрған қазіргі таңда компьютер өмірдің барлық саласына кеңінен енуде.Қазіргі таңда жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісіне онталандыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Интерактивті құралдар мұғалімнің,оқушының шығармашылықпен жұмыс жасауына жол ашып отыр.Интерактивті құрал ретінде интерактивті тақтаны қолданудың маңызы зор.Оны сабақта пайдалану дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:
-пән бойынша базалық білімді меңгеру;
-алған білімді жүйелеу;
-өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
-жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;
-өз бетімен жұмыс істеуге үйрену;
-уақыт үнемдейді;
-түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жүргізеді;
-пәнаралық байланыс қалыптасады;
-өзге студенттермен топтасып бірге жұмыс жасау мүмкіндігі;
-Internet желісін пайдалану;
-шығармашылық бағытта жұмыс істеуіне мүмкіндік туады.
Интерактивті тақтамен жұмыс жасаудың сол сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны студенттер үшін танылуылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі ушін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсай отырып,нәтижеге бағытталған мақсаттары мен міндеттеріне жете алуында.
Мұғалім сабақ материалын презентация түрінде береді. Сонымен қатар,материалдың құрамына кесте,диаграмма,сурет,графиктер қоса алады. Түсіндіру барысында мұғалім тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты және объектілерді көрсете және өзгерте алады. Қолданылған материалды есте сақтап,қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Мұндай әдістеме сабақты белсенді түрде өткізуге мүмкіндік береді.
Интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап,қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын ала дайындалған оқу материалдары-презентациялар,мәтіндік,графикалық ақпараттық объектілер-сабақтың жақсы әрі тиімді өтуін және ақпарат ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді.
Microsoft Office құралдары арқылы құжаттарға немесе программалау ортасының көмегімен құрылған файлдарға,интернет беттеріне сілтемелерді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. ”Прожектор” және “Шторка” құралдары экранның белгілі бір кішігірім аумағын көрсетуге арналған.Тақырыпты қорытындылау сабақтарында тест тапсырмасын бере отырып, дұрыс жауапты “Шторкамен” жауып,лезде дұрыс жауаптарға тексеруге, қатемен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Оған қоса,бұл режимде студенттерді түрлі сөздіктермен жұмыс жасауға үйретуге болады.
Шетел тілі сабағында Интернет жүйесін қолдану қазіргі кезде дүние жүзінің дамыған елдерінде дұрыс жолға қойылған. Интернет арқылы оны қолданушылар электронды почта,телеконференция, видеоконференциялардан мәліметтер алып,іздеу және желіден сөйлесу жүйесіне ене алады.Е.А.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетітің оқытушысы Е.В.Сычаева өз тәжірибесімен бөлісе келе Интернет желісін қолдана отырып,оқу үрдісін интеграциялап, шетел тілін оқытуда бірнеше дидактикалық міндеттерді шешуге болатынын айтады:
- студенттер бойында Интернеттегі түрлі мәліметтерді қолдану арқылы оқуға қажетті білік дағдылар қалыптасады;
- жүйеден алынған материалдар арқылы монолог және диалог түріндегі сөз біліктілігін жетілдіруге болады;
- әріптестерімен қарым-қатынас жасай отырып шәкірттер реферат дайындауға,шығармалар жасауға төселеді,яғни,жазу шеберлігін ұштайды.[16]
Әлемнің барлық үлкен газеттерінің интернетте арнайы Web-беттері бар, сондай-ақ ВВС ақпарат агенттігі тарататын әлемдегі адам баласының өміріне байланысты жаңалықтарды оқып қана қоймай, тыңдауға да мүмкіндік бар. Электронды почтаны қолдану барысында балалар өзара достық қарым-қатынас орнатып,шетел тілін түрлі салада,түрлі деңгейде қолдануға жаттығады. Электронды почтаны қолданудың шетел тілін үйренуде мынадай тиімді жақтары бар:
1) электрондық коммуникация тіл үйренудің өте тиімді практикасы;
2) хат жазу арқылы студенттер өз қателерін түзетуге дағдыланады;
3) e-mail қолдану шетел тілін үйренуге деген қызығушылық арттылады.
Ғалым М.Ушаков ағылшын тілін оқыту әдістемесін зерттей отырып,компьютерлік телекоммуникациялар ағылшын тілінде тірі, шынайы қарым-қатынастарды ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін айтады.Бұл телекоммуникацияның дидактикалық қасиеті шынайы тілдік орта құру үшін керемет мүмкіндіктер туғызады.[26;32]
Егер ағылшын тілінен оқу материалдар иллюстрация, анимациялық, дыбысы бар объект ретінде құрылса,студенттердің даму ерекшеліктеріне сәйкес ағылшын тіліндегі материалдардың мазмұнын тез қызыға қабылдауға,түсінуге,білімін өз бетімен жетілдіруге негізгі түрткі бола алады.
Ағылшын тілі сабақтарында видеофильм, мультимедиялық презентациялар, дыбыстарды, анимациялық суреттердің көмегімен монолог, диалог түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыруға болады. Мұғалімнің маңызды тапсырмаларының бірі-ағылшын тілі сабақтарында жаңа технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып, сөйлеудің шын ситуацияларын құру болып табылады.
Ағылшын тілі сабақтарында төмендегідей компьютерлік оқыту бағдарламаларын пайдалануға болады. Олар: Project teaching, Student team learning, Learning together, Self English, English Practice, Bridge to English т.б.[31; 275] Аталмыш бағдарламалар студенттердің есте сақтау қабілеттерін,сөздік қорын, дұрыс оқу,сауатты жазу мен аудару қабілеттерін дамытуға жәрдемдеседі. Білім беруде “Электронды оқулықтарды” пайдалану студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай,логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Электронды оқулықты пайдалану мұғалімнің ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі жұмысын жеңілдетеді. Мұғалімнің жұмысы тиімді болып, шығармашылық реңкке ие болады.
Орта білім мекемелерінде ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологияны қолданудың педагогикалық шарттарын төмендегідей анықтауға мүмкіндік тудырады:
-Бірінші шарт оқу тәрбие үрдісінде қарқынды оқыту мақсатында студенттердің танымдық іс-әрекеттік қызығушылықтарын анықтау.Егер студенттердің ағылшын тілін үйренуге қызығушылықтары артса,онда ағылшын тілін білу мүмкіндігі де артады;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет