Адамдар мен аттар. «Жылқышылық мәдениеті» – дала көшпенділері өмірінің басты ерекшелігі және олардың әскерінің негізі. Сақтардың, аландардың және ғұндардың өмір сүру стильдерін сипаттайтын ежелгі авторлар, сонымен қатар монғолдармен істес болған орта ғасыр саяхатшылары көбінесе көшпенді қоғамның бірдей көрінісін сипаттайды. Кез-келген көшпенді – тумасынан шабандоз; ұлдар ерте жастан бастап ат үстінде отыруға үйренеді; әр бозбала – мінсіз салт атты. Монғолдардың, тым болмағанда XIII ғасырда өмір сүргендерінің, таңғажайып төзімділігі болды. Олар аз тамақтанып ат үстінде көптеген тәулік бойы жүре алды.
Монғол аты салт аттының қымбат серігі болды. Ол аз демалып, ұзақ жолдарға шыдайтын және жолында тапқан шөп пен жапырақ шоғырларымен тамақтанып, өмір сүре бере алатын. Монғол өз атына жақсы қарайтын. Жорық кезінде бірнеше атты ауыстырып, әрқайсысында кезектесіп шабатын. Монғол аты қытайлықтарға ертеден танымал тұқымға жататын. Б.з.д. екінші ғасырда қытайлықтарда, ғұндар да ирандықтар пайдаланатын орта азиялық ат тұқымымен танысты. Қытайлықтар осы аттарды жоғары бағалайтын және Орталық Азиядағы Қытай елшісі ең жақсы аттар «аспан айғырларының тұқым-малы» болғанын императорға айтты [3, б. 48].
Көптеген орта азиялық аттар Қытайға және болжаммен Монғолияға импортталды. XIII ғ. монғол тұлпарлары будан болған көрінеді. Монғолдар тек тұқымға ғана емес, аттардың түсіне де ерекше назар аударатын. Ақ аттар қасиетті саналатын. Император гвардиясының әрбір бөлімшесі ерекше бір түсті аттарды қолданды, мысалы, багатурлар жасағының жауынгерлері қара атпен шабатын. Бұл Батудың Рязань князьдығы халқына орыс жорығының басында монғолдарға «бардың» оннан бірін берсін деген бұйрығын жандандыра түседі. Аттардың оннан бірі әрбір түс бойынша жеке іріктелуі керек: қара, сарғыш-қоңыр, торы және ала түстер аталған [4, б. 64].
Достарыңызбен бөлісу: |