Сабақтың тақырыбы: «Монғолдардың Қазақстан жеріне шапқыншылығы және жаулап алуы»



Дата31.07.2017
өлшемі104,07 Kb.
#22341
түріСабақ
Сабақ жоспары

Пән аты: Қазақстан тарихы

Өтетін күні:10.І.2015ж

Оқу тобы: ҚТЖ-15к

Пән оқытушысы: АхметоваЛаура Қуандыққызы

Сабақтың тақырыбы: « Монғолдардың Қазақстан жеріне шапқыншылығы және жаулап алуы»

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: ХVl ғ басында Монғол империясының құрылуы,Монғол империсының

қоғамдық құрылысы туралы баяндау. Империяның басқыншылық саясаты,жаулап

алушыларға қарсы халықтар күресі жаулап алудың зардаптары жайлы жан-жақты түсінік

беру.


б) дамытушылық: Шыңғысхан құрған империяның ішкі-сыртқы саясатының ерекшеліктерін талдай отырып,оқушыларды өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландыру.

в) тәрбиелік: Оқушыларды елін,жерін құрметтеуге,адамгершілікке тәрбиелеу.

г) кәсібилік: Оқу барысында қолданған әдіс-тәсәлдерді болашақ кәсіби қызметінде

пайдалануға уйрету.



Сабақтын түрі: лекция

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру

Сабақтың технологиясы: ДОТ.ПОТ.

Сабақтың әдіс-тәсәлі : сұрақ-жауап, картамен жумыс,дәптермен жұмыс, әнгімелесу.

Сабақтың көрнекілігі: карта, оқулық, тест сұрақтар,кесте,таблица.

Пәнаралық байланыс: тарих,география,мәдениеттану.

Пайдаланатын оқулық: 1. Ч. Мусин «Қазақстан тарихы» Ал. 2003ж 61-бет

2.М.Б. Мұхамедов, Б Сырымбетов « Қазақстан тарихы» Ал. 2007ж 66-бет.



Сабақтың құрылысы: l. Ұйымдастыру кезеңі

ll. Үй тапсырмасын сұрау

lll. Жаңа сабақты түсіндіру

lV.Жаңа сабақты тексеру

V.Кері байланыс

Vl Бағалау

VІl. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Оқушылармен амандасу, журналға белгі соғу

- сынып тазалығына мән беру (тексеру)

- оқушылар назарын сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Тақырыбы: « X – XIIғғ Қазақстан жеріндегі феодалдық мемлекеттер».

1.Өзіндік жұмыс. Реферат жұмысын тексеру «Феодалдық кезеңдегі мәдениет пен шаруашылығы».

2. Жазбаша жұмыс. Оқырмандардың тірек – жазбаларының – нақтылығын тексеру.

3.Іздену жұмысы: Жаңа сөздермен жұмыс.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: Тақырыбы: «Моңғолдардың Қазақстан жеріне шапқыншылығы және жаулап алуы».

Жоспары: 1. Монғолдардың жаулаушылығы.

2.Ұлыстар мен Алтын Орда.

1. Бірінші мәселе бойынша моңғол тайпалары мекендеген жерлерді картадан көрсете отырып, өмір сүрген монғол тайпаларының басын біріктірген Шыңғысханның өміріне тоқталып кетеміз. сондай ақ Қ.Данияровтың «Шыңғысхан тарихы» еңбегінен үзінділер келтіріп, «монғол сөзінің түп-төркінін түсіндіре отырып, Шыңғысхан мемлекеті мен Қазақ мемлекеттігі тарихы аралындағы байланысты ашып көрсетсеңіз.

Монғол шапқыншылығының қоғамдық құрылысы


Шыңғысхан (жеке билік)

«Жасақ» («Яссы») заңы

Әскери әкімшілік аймақ

Ақ қанат


(бадугар)

Сол қанат

(жоңғар)


Орталық қанат

(Құл)


95 түмен әкімшілік

аймақ

мыңдық

ондық

жүздік


Өкімет билігінің жоғарғы

органы – құрылтай

(жылына бір рет шақырылады)


Уақыты

(жолдары)



Болған уақиғалар

1207-1208ж

Жошы Енисей тұрғындары мен теріскей Сібір халықтарын басып алады.

1207-1203ж

Шыңғысхан таңғұттарды, Тұрфан княздіктерін басып алып, ұйғырларды бағындырады.

1211-1215ж

Қытай жерін басып алып, соғыс техникаларын қолға түсіреді.

1217ж

Күшіліктің жетісудағы иеліктерін басып алуға Жебе ноянды аттандырады.

1218ж

Монғолдар Жетісу жеріне енеді.

1219ж

Шыңғысханның 150 мыңға жуық қолы Ертістен Сырдарияға қарай аттанды.

1219-1220ж

Сыр бойындағы қалалар жасағымен монғолдардың иелігіне көшеді.

Шыңғысханның монғол әскеріндегі түркі тілдес хандықтарды қол астына қаратқаннан кейін, көрші елдерге жасаған жорықтары туралы айтқанда картаны пайдаланамыз.



Сонымен Қазақстан жері жоңғардың үш ұлтының құрамына: үлкен (далалық) бөлігі – Жошы ұлысының, Оңтүстік және Солтүстік Шығыс Қазақстан – Шағатай ұлысының, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі – Үгедей ұлысының құрамына кірді:

IV. Жаңа сабақты бекіту: кестені толтырыңыз.

Қазақстан аумағында ұлыстардың құрылуы.





Жылдар

Оқиғалар

1. 1155ж

2. 1215ж


3. 1207-1208ж

4.1224ж

5. 1220ж 4 көктемде

6. 1240ж

7. 1227ж

8. 1241-1256ж

9. 1312-1342ж

10. 1342-1357ж



А.Жошы Енисей қырғыздарын және де «орман халықтарын» бағындарды.

Ә.Темучин дүниеге келді

Б.Монғол әскерлері Жент қаласын бағындырды.

В.Цзинь мемлекетінің астанасы болған чжунді бағындырды

Г.Шыңғысхананның Ертістегі ордасына оралды

Ғ.Батый ханның билеген жылдары

Д.Жәнібек ханның билеген жылдары

Ж. Шыңғысханның өлген жылы

З.Батый әскерлері Киевті қоршады

И.Өзбек ханың билеген жылдары





Жауабы:

  1. Ә

  2. В

  3. А

  4. Г

  5. Б

  6. З

  7. Ж

  8. Ғ

  9. И

  10. Д



V. Кері байланыс:

1. Монғол империясы қашан құрылды ?

а) 1155ж ә) 1076ж б) 1239ж в) 1206ж

2. Қай жылы Монғолдар Жетісу жеріне енді ?

а) 1218ж ә) 1219ж б) 1217ж в) 1211ж

3. «Отырар опаты» қашан болды ?



а) 1218ж ә) 1219ж б) 1217ж в) 1211ж

Сөзжұмбақ










Ш



















Ы






















Ң




























Ғ



















Ы



















С






















Х






















А






















Н













1.Шыңғысханның үлкен ұлы:(Жошы)

2.1220ж монғолдар қай қаланы жермен жексен етіп, түгелдей қиратты?(отырар)

3.Алтын Орданы билеген хандардың бірі( Мөңке)

4.1218ж Моңғалдарға соғыссыз берілген қала?(Баласағұн)

5.Қазақстан жеріне моңғолдар Шыңғысханның құқық нормаларын енгізді.Ол қалай аталды?(Ұлы Жасақ)

6.1208-1209 жылы Шыңғысхан әскері қай елді күйретті?(Си Ся)

7.Бату хан тұсында Алтын Орда құрамына қай қала кірді?(Чехия)

8.Шыңғысханның мазары қай таудан табылды?(Алтай)

9.Моңғол мемлекетінің оң қанаты:(Барұнғар)



VI. Бағалау:

Үй тапсырмасын орындаған, өзіндік жұмыс жасыған, ізденген, сұраққа жауап берген, белсенді араласып отырған, кесте толтырып, картамен жұмыс жасаған оқушылар бағаланады.



VII. Үйге тапсырма беру:

  1. Өзіндік жұмыс: «Монғол империясының құрылуы, ұлыстары» туралы кесте, тірек - сызба дайындау.

  2. Жазбаша жұмыс: Оқулықтан «Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы» тақырыбын конспектілеу.

  3. Іздену жұмысы: «Отырар шайқасы» туралы мәлімет жинау.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет