XIV-XVI ғасырлардағы ортағасырлық мемлекеттер. Ақ Орда



бет2/6
Дата06.12.2023
өлшемі304,21 Kb.
#195436
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Монголдар шапкыншылыгы

Жошы ұлысының оның үлкен ұлы Ордa Ежен мен Бaтуғa бөлінгендігі белгілі. Яғни Жошы ұлысының оң қaнaтын Бaту бaсқaрды, aл сол қaнaтын Ордa Ежен бaсқaрды. Жошының қaлғaн ұлдaры осы екі қaнaт aстындaғы ұлыстaрды бaсқaрды. Ордa Ежен билеген ұлыс Aқ Ордa, aл Бaту билеген ұлыс Көк Ордa деп aтaлды.
«Алтын Орда» атауы шартты атау. Шынында осы мемлекет Жошы Ұлысы немесе Ұлық Ұлық (Ұлық-ұлыс) деп аталатын, ал Алтын Орда – бұл Жошы ұлысы билеушісінің ордасы. Өтеміс қажы жазғандай, әкелері Жошы қайтыс болған соң, «енді кім хан болады?» деген сауалға жауап іздеп Моңғолияға келген үш немересіне Шыңғыс ханның:
Батуға – алтын босағалы Ақ Орда,
Еженге – күміс босағалы Көк Орда,
Шайбанға – болат босағалы Боз Орда тіктіргені туралы да мәлімет бар. Жошы ұлысының синонимі болып табылатын Ақ Орда қалыптасқан дәстүр бойынша сөйтіп екі қанатқа бөлінді. «Чингиз-намеде» атап көрсетілгендей, оның сол қанатын Жошы ханның үлкен ұлы Ежен биледі, ал, Сайын (Бату) ханға Ақ Орданың оң қанат ұлысы бөлінді. Еженге (1226-1250 жж.) келер болсақ, оны көтеріліс жасаған өзінің нөкерлері, төңірегіндегі оғландарымен бірге өлтірді.
Еженнен кейін оның ұлысын төртінші ұлы Қоңқыран отырды (1250-1280 ж.). Одан ұрпақ болмағандықтан, тақты Еженнің үлкен ұлынан туған Қоныш (Кошиу (1280-1302 жж.), онан соң оның ұлы Баян (1302-1309 жж.) иемденді. Соңғысының тұсында Үгедейдің және Шағатайдың ұрпақтары Ақ Орданы өздеріне бағындыру жолында соғыс бастады. Алайда Алтын Орда ханы Тоқтаның әскери көмегінің арқасында Баян жеңіске жетіп, ұлыстың астанасын Сыр бойындағы Сығанақ қаласына ауыстырды. ХІV ғасырдың басынан бастап Ақ Орда тағын Баяның ұлы Сасы-Бұқа (1309-1315), оның ұлы Ерзен (1316-1345) биледі.
 Ерзеннің билігі Алтын Орда тағына Өзбек ханның билік жасаған кезеңіне тұспа-тұс келіп, елде сопылар мен қожалардың Ислам дінін мемлекеттік деңгейге көтеру саясаты жаппай қолдау тапты. Сондықтан да Ерзен өзінің орнына таққа отырған ұлын Мүбаракқожа деп атады. Алайда Өзбек хан Ақ Орданы Алтын Орда­ның бағынышты бөлігі деп білді, сондықтан да оның тағына өзінің ұлы Тыныбекті 1342 жылы отырғызды. Алтын Орда хандары Жәнібек те (1342-1357), онан кейінгі Бердібек те (1357-1361) Ежен ұрпақтарының дербестікке ұмтылысын шектеумен болды. Тіптен соңғысы оларды біртіндеп өлтірумен айналысты. Мұндай былық Ақ Орда тағына 1362 жылы Шымтай ханның баласы Орыс (Ұрыс) хан келгенге дейін орын алды. Ол Ақ Орданы күшейтіп қана қоймай, Жәнібектен соң берекесі кеткен Алтын Орда тағын да басып алуға ұмтылды. Мұның өзі Алаш қауымдастығына топтаса бастаған ру-тайпаларды өздерінің дербес мемлекетін құруға ынталандыра түсті.
Натанзияның «Му ин-ад-дин» атты туындысына сүйене отырып, Орыс хан – Шымтай ханның ұлы, Жошы ханның немересі деп санайды. Басқа мәліметтер («Бахр әл-Аскар», «Таурих-и ғузилдайы Нусреатнама») бойынша, Жошы ханның 13-ұлы, Тоқа Темірдің ұрпағы (Жошы - Тоқа ТемірӨз Темір - Қожа БәдікОрыс хан) болып саналады. Орыс хан өз әкесінен кейін, 1361-1362 жылдары Ақ Орда тағына отырды. 1368-1369 жылдары Ақ Орданың астанасы Сығанақ қаласында бақыр ақша шығарды. Ақ Орданы Орыс хан өз бетінше басқарды. Низам ад-дин Шамидің мәліметтері және басқа да деректер бойынша, Орыс хан 1376-1377 жылдары қайтыс болған, енді кейбір деректерде 1380 жылға дейін өмір сүрген делінеді. Соңғы деректерге сай, оның бұйрығы бойынша Сарай қаласында шығарылған бақыр ақшалар табылған екен. 1379 жылға қарай Ақ Орда мен Еділ бойындағы қалаларды Тоқтамыстың басқарғаны белгілі. Орыс хан қашанда саяси жағынан Алтын Ордаға тәуелсіз Ақ Орданы басқаруға ұмтылған. Әбдіразақ Самарқанидің мәліметтері бойынша Орыс хан Сырдария өзенінің бойындағы қалалар мен егіншіліктің дамуына үлес қосқан, таққа отырған соң Ақ Ордадағы өзара қырқысуларды тоқтатқан. XIV ғасырдың 70-жылдарының орта шенінде Қажы-Тархан (Астрахан), 1374-1375 жылдары Сарай қаласын бағындырған
Ғалым-медиевист Ж. Сабитовтың айтуынша Жошының ұлы Тоқа-Темір казақ хандары Жәнібек пен Керейдің тікелей ата-бабасы болып табылады. Алғашта оның иелігі Қазақстан аймағында болған, кейін Тоқа-Темір билігі Батысқа ауысқан, онда ол Қырымды иелігіне алған. Атақты нумизматтар Константин Хромов пен Владимир Настичтің пікірі бойынша, Жошы Ұлысында (Алтын Ордадағы) өз алғаш дербес монетасы болған, олар 1260-1262 жылдарында соғылған. Одан соң, Қырымды басқарған оның ұлы Ұран-Темір, ал түменбашы Ноғай кезінде – Ұран-Темірдің баласы және қазақ хандары әулетінің негізін салушысы – Орыс ханның ата-бабасы Ашық Қырымды басқарған. Тоқа-Темірдің басқа ұлы түрікмен арасында Маңғыстауды басқарды. Жалпы алғанда, 1359 жылы Тоқа-Темірліктер үлкен әулет болды.
«Алтын Орда» - ноғай, қазақ, қазан, сібір, қырым, польша-литвалық татарлар, қарақалпақ, өзбек және т.б. үшін ортақ мұра. 2013 жылы Татарстан «Алтын Ордада» исламды қабылдаудың 700 жылдығын, 2019 жылы «Алтын Орда» тәуелсіз мемлекет ретінде құрылғанының 750-жылдығын тойлады. Қазақстанда осы даталар тіпті аталмады.
Ж. Сабитов Алтын Орданы зерттеп, оның тарихи ғылымдағы жетістіктерін бес тармаққа бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет