Xix ғасырдағы дәстүрлі айтыс өнері



бет1/5
Дата25.01.2023
өлшемі3,95 Mb.
#166370
  1   2   3   4   5
Байланысты:
461196.pptx

XIX ғасырдағы дәстүрлі айтыс өнері


Әдебиеттегі өзгешеліктердің бірі - XIX ғасырдағы ақындар айтысы, жалпы айтыс өнері, айтыс өлең фольклористикада, әдебиеттану ғылымында Шоқан дәуірінен бері зерттеліп келеді. Ұзақ уақыттар бойы әдебиетіміздің көп асыл мұрасы сияқты айтыс ауыз әдебиетінің еншісі есебінде зерттелді.
Бірте-бірте зерттеу проблемалары күрделеніп, ауқым аймағы кеңи түсті. Жекеленген зерттеушілер XIX ғасырдағы ақындар айтысының табиғатындағы дәстүрлі айтыс өлеңмен туыс тұсты да, оның өзіндік белгілерін де аша сөйлеуге ауысты. Осы айырым, ажырату тұсында XIX ғасырдың айтысында атап айтар, айқын өзгешеліктер, әрине аз емес.
Айтысты, соның ішінде XIX ғасырдағы ақындар айтысын фольклор, ауызша әдебиет аясында ғана қарастыру жеткіліксіз. XIX ғасыр әдебиеті бастан кешкен сан түрлі сапалық түр, жаңарып өзгеру, түрленулердің айтыс жанрына да ықпалы тиді
Айтыстың дәстүрлі сипатына қарай, мазмұн, мәніне, орындалу орны, мақсатына қарай түрге бөлінуінде айтыстың табиғатын зерттейтіндердің бәрінің көзқарасы бірдей емес.
А.Байтұрсынұлының айтыс жайлы тұжырымдары XIX ғасыр айтысының табиғатын тануда таптырмайтын өлшем үлгісі. А.Байтұрсынұлы XX ғасыр басындағы айтыс күйінен «Жазу жайылған сайын айтыс өлең азайып, құруға бет алып барады» деп хабар береді.
Мұхтар Әуезов «Әдебиет тарихында» қазақ әдебиеті үлгілерін қарастырудың негізін салды. Әдебиеті ауызша әдебиет, жазба әдебиет деген үлкен екі салаға бөліп, ауызша әдебиеттің жазбаша әдебиеттен айырмашылығын атап көрсетіп берді.
Ә.Қоңыратбаев XІX ғасырда туған айтыс поэзиясын беске бөледі. Ілгеріде айтысты зерттеушілер әдет-ғұрып, қайым, жұмбақ, діни, ақындар немесе бәдік жар-жар, мал мен адам, өлі мен тірі, салт, қыз бен жігіт, ру, совет дәуіріндегі деп жіктегенін, М.Жармұхамедов еңбегінде
айтыстың он төрт түрі бар
деп көрсетілгенін
ескертіп айтады.

XIX ғасырдағы әйгілі айтыс ақындары.


Шөже Қаржаубайұлы
Шөже Қаржаубайұлы 1808 жылы қазіргі Нұра ауданыны жерінде кедей шаруа отбасында туған. Ол қазақ халық ақыны, жыршы. Аталары Қуандық. Шөженің әкесі құлдықта, шешесі күндікте өткен адамдар. Өзі де жасынан жетім қалып, бай босағасында малайлықта күн кешкен. Өлең шығару таланты жас кезінен-ақ байқалған, бала кезінде аурудың салдарынан зағип болып қалған.
Шөже – өрен жүйрік айтыс ақындарының бірі. Айтыстарға катысқанда қалыптасқан әлеуметтік — философиялық көзқарастары болды.
Адамгершілікке жат кесілді кемшіліктерді әшкерелейді.
Шөже айтыстары өзінің өткірлігімен де, шынайылығымен де, сыншылдығымен де көзге түседі. Ол Кемпірбай, Тезекбай, Жәмішбай, Келдібай, Балта, Орынбай, Серәлі, Шортанбай Тазбала және қыз ақындарымен айтысқан. Үлкен айтыстарда 17 рет жеңіп шыққан. Өзінің асқан шешендігімен, суырып салма төкпелігімен, көкейкесті мәселелерді қозғауымен және ауылдағы ат төбеліндей бай-шонжарлардың екі жүзді зұлымдылығы мен парақорлығын жұрт алдында батыл аяусыз әшекерелеумен кеңінен танымал болған.
Шөже айтысқа түсіп қана қоймай, кезінде арнау өлеңдер де айтқан. Оның бізге жеткен бірнеше толғаулары да бар. Олар: «Арқадан шығып едім Ноғайға еріп», «Дәуке, осынша не қылды бейілің қашып», «Домбыра шыққан тыңқылдан», «Жиылған көп жамағат отыр қоршап», «Ассалаумағалайкум, қара Бәйтек», «Бәйтікке», «Кім өлсе, соған түсер заман ақыр», «Қос құлаққа», «Ерден батырға», тағы басқалар.
Асқақ жыршы, лирикалық-эпикалық дастандарды шебер орындаушы болған. Абаймен кездесіп, халық эпостарын, әндері мен аңыздарын білетіндегімен оған зор ықпал жасаған. Ш. Ш. Уалиханов 1864 жылы 6 наурызда өзінің Омбыдағы пәтерінде Шөже орындаған «Қозы Көрпеш–Баян сұлу» дастанының ең таңдаулы нұсқаларының бірін жазып алып, Шөженің ақындық шеберлігіне жоғары баға берген.
Шөже Қаржаубайұлы – ХIХ ғасырдағы қазақ поэзиясының аса ірі тұлғаларының бірі.
1895 жылы қайтыс болған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет