Кемпірбай Бөгенбайұлы1834 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында туылып, 1895 жылы қайтыс болған. Оның әйгілі ақындар Шөже, Тезекбай Әсет, Жәмшібаймен айтыстары халық арасына кең тараған. Кемпірбайдың Шөжемен айтысының аяғы жұмбақ айтысқа айналды. Кемпірбайдың Жәмшібаймен сөз қағысы ру айтысының дәстүрінде өтеді.
Бұл айтыс алғаш «Таң» журналының бірінші санында (Семей, 1925ж), С. Сейфуллин құрастырған «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» жинағында (А., 1931ж), кейін халық ақындарының айтыс жинақтарында (1939, 1948, 1965ж. т. б) жарияланды.
Әсет ақынның Кемпірбай ауырып жатқанда көңілін сұрай келіп айтқан өлеңі, оған Кемпірбайдың қайтарған жауабы- көркемдік жағынан қазақ фольклорнының тамаша үлгілерінің бірі:
Бөгембай-әкем аты, мен- Кемпірбай Өзге ақын мен сөйлесем, тұрар былай. Талабым тәңір берген таудан үлкен Алмаса өз бақытын қайтып құдай. Едігедей, Арқалықпен малыма жай, Арда емген құлыннан жабағы, тай Ағайын қайыр берсең өзіме бер, Кенже ұлы кедейліктің мен Кемпірбай Бөгембай-әкем аты, Кемпір едім, Өлеңді кәсіп қылып тентіредім. Дауысымның келмейтұғын мәнісі сол, Бақырдан «ұрлық» етін жеңкіредім.
Орынбай Бертағыұлы 1813 жылы, 30 маусымда қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Көлдей елі, Дауқара ауылында дүниеге келген. Ел арасында айтыскер ақын, жырау, әнші, сазгер атағымен танымал болған. Әкесі Байқожа, арғы атасы Бертағы ақын, жыршы болған. Ол ел ішінде Қарауыл Орынбай ақын деген атпен мәлім. 13-14 жасынан өлең шығарған. Шығармаларында өз дәуіріндегі әлеуметтік мәселелерге үн қосып, болыс, аға сұлтан сайлауындағы әділетсіздікті әшкереледі.
Орынбай ақын
Өлген соң бай мен жарлы мал демейді
Өлген соң бай мен жарлы мал демейді, Мынаны бер, мынаны ал демейді. Басына бай кісі өлсе, жастық тастап, Астына қалың көрпе сал демейді. Жарлыны, кәне, байдан кем көргені, Бетіне бірдей қылып өң бергені. Кигізіп төрт қарыс бөз, кесек жастап, Құдайдың осы емес пе тең көргені. Жарандар жат қылмаңдар бір құдайды, «Құдай» деген пендесін жарылқайды. «Адам басы - алланың добы» деген, Соқса да қалай қарай домалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |