Xix ғасырдың соңына дейін Қазақ даласындағы мұсылмандық білім беру мекемелерiнде қадымшылдық бағыт басым болып, бiлiм беру жүйесi негiзiнен дiни сипатқа ие болған



Дата15.06.2022
өлшемі17,4 Kb.
#146603
Байланысты:
Қорытынды Диана


Қорытынды
XIX ғасырдың екінші жартысы ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақ даласында жәдидшiлдiктiң ыкпалымен жүрген әлеуметтік - мәдени және саяси өзгерiстер нәтижелерi қоғам өмiрiнiң маңызды салаларында, ұлттық сана - сезiмнiн оянуында және ұлт зиялыларының қалыптасуында байқалды. Қоғамда орын алан тоқырау, білім беру жүйесін жандандыру, ұлттың бірегейлiгiн сақтау мен ұлттық және тәуелсiздiк идеясын калыптастыру үшiн оқыған қазақ жастары жәдидшiлдiк қозғалысын жүзеге асырды.
Ресей империясының түркі - мұсылман халықтарының жәдидшiл өкiлдерi Батыстық және Ресейлік мәдениет жетiстiктерi нәтижелерін пайдалана отырып, білім беру жүйесін заман талабына сай жандандырып, қоғамнын күрделі мәселелерін әлеуметтік - мәдени салалардағы өзгерістер аркылы шешті.
Жәдишілдік такырыбын қарастырған еңбектердi кейiннен талдау арқылы бүгiнгi таңда жәдидшiлдiк козғалысына анықтама берген әр түрлі пікірлердің, оны діни - реформаторлық, діни -ағартушылық, қоғамдық - саяси козғалыс және ислам модернизмi ретiнде карастырған зерттеулердің барлығына көз жеткіздік.
XIX ғасырдың соңына дейін Қазақ даласындағы мұсылмандық білім беру мекемелерiнде қадымшылдық бағыт басым болып , бiлiм беру жүйесi негiзiнен дiни сипатқа ие болған. Ал, XX ғасырдың басында білім беру жүйесінің мазмұны мен мәнi артып, дiни - зайырлы бiлiм - беру жүйесiн калыптастыру және дамыту iсi қолға алынған.
Ескіше білім берудi жаңартудың негізгі идеясы бiлiм берудің жаңа тұжырымдамасын жасау , оқу бағдарламаларының мазмұны мен бағытын түбегейлі өзгерту болып табылды. Реформалардың көзкарасы бойынша бұл өзгерістер Ресей империясының туркi -мұсылман халықтарының мәдени трансформациялануының кұралы болуы керек еді. Мұсылмандық танымды жаңғырту идеясының авторы И. Гаспринский болған. Білім беру саласын модернизациялау негiзiнен жаңа оқу кұралдары мен оқу бағдарламаларын әзірлеумен байланысты болды.
Мәдени - саяси өмірдегі өзгерiстерiмен Қазақ даласына тың тiршiлiк тынысын алып келген жəдидшiлдiк козғалысын қарастыра келе, мынадай қорытындыға келдiк:

  • жәдишілдік қозғалысын зерттеген əлемдiк зерттеулердегi мәселенінң теориялық - методологиялық негiзi мәдени -ағартушылық сипатта басталған қозғалыс, кейiннен Ресей империясында орын алған тарихи -саяси оқиғаларға байланысты саяси қозғалысқа айналған;

– жәдидшiлдiктiң калыптасуы, дамуы, Қазақ даласына ыкпалы туралы ғалымдардың пікірі әр түрлi. Ғалымдардың бiр тобы жәдидтiк қозғалысты дiни реформаторлық десе, келесiлерi мәдени - ағартушылық, қоғамдық - саяси, буржуазиялық - ұлттық, пантүрікшілдiк козғалыс деген тұжырым жасаған;
– XIX ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың бас кезiнде Қазақ даласында ашылған жәдидтiк мектеп – медреселердегі білім берудi жаңа әдiсi мазмұнды және заман талабына сай болды;
– Қазақ даласындағы жәдидшiл мектеп – медреседе бiлiм беру барысында белгілі – бір дүниетанымдық, кұндылыққа толы ерекше көзқарас калыптасты, яғни бұл жерден алатын тәрбие жаңа әлемдегi түрлі құбылыстарды анықтауға мүмкіндік жасап, бағыт берберд
– XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың бас кезiнде Ресей империясындағы түркі – мұсылман халықтарының әлементтік – мәдени жандану үдерісі басталды, қазақ халқы осы үдерiстiң құрамдас бөлiгi ретiнде заман ағымына қарай діни зайырлы бiлiм алып, қоғам өмiрiнде маңызды өзгерiстердi жүзеге асырды.
Қазан, Уфа, Орынборларындағы «Мухаммадия», «Ғалия», «Хусаиния» медреселерiнде бiлiм алған қазақ жастарының жәдидшiлдiк кызметiнiң негiзгi мазмұны ағарту саласын реформалау, кітап басып шығару, жаңа әдебиеттерді тарату, публицистика, кiтапхана ашу және т.б. зияткерлік өмір салаларына бағытталды.
Сонымен қатар, «Мухаммадия», «Хусаиния», «Галия» медреселерi қазақ жастарын жан – жақты бiлiммен қаруландырып, олардың болашақ ұлт зиялылары ретiнде қалыптасуына әсер еттi. Бiз қарастырған деректер бойынша ХХ ғасырдың басында осы медреселерде бiлiм алған қазақ жастарының жалпы санын шығаратын болсақ, «Мухаммадия» медресесiнде -13, « Хусаинияда » - 47, « Ғалия >> медресесiнде – 71 адам бiлiм алған.
Қазақ зиялыларына, қоғамның модернизациялану жауапкершiлiгi жуктелдi. Олар Еуропа елдерiнi орыс, неміс, жапон, кытай және т.б. халықтарының экономика, саясат, мәдениет, ғылым және техника салаларындағы жетiстiктерiн сүйіспеншілікпен басылым беттерінде жазып, отандастарын Еуропа халықтарының тарихы, тілі, әдебиеті мен мәдениеті жетiстiктерiнен үйренуге шақырды.
Қазақ даласындағы жәдидшiлдiк идеясының таралуынын мыықы құралы мерзiмдi басылым болып табылды. Жәдидшiлдер мерзiмдi басылымдарды ақпарат таратушы гана емес , қоғамның осал тұстарын өзгерте алатын құрал ретiнде карады. Мерзiмдi басылым қазақ халқының дүние танымы мен ой өрiсiнiң дамуына айтарлықтай әсер етті.
Сондай – ақ, ХХ ғасырдың бас кезiнде жәдидшiлдердiң ұзақ жылдар бойы атқарған мәдени, әлеуметтік – саяси жұмыстарының нәтижесінде өте білімді, саяси көзқарастары пісіп жетілген, өз ұлтын азат ел қатарында көргiсi келетiн қазақтың жанашыл – жәдидшiлдерi қалыптасты.
Зерттеу барысында жәдидшiлдiк қозғалысы негiзiнде қазақтың ұлттық интеллигенциясының қалыптаскандығына көз жеткiздiк. Олардың қоғамдық саяси кызметi қазақ халқының саяси санасының оянуымен, отарлық езгіге карсы бағытталған әлеуметтік – саяси қозғалыстың өрiстеуiмен және жәдидшiлдiк қозғалысының ерiксiз ұлт -азаттық қозғалысқа ұласуымен анықталғандығын байқадық. Жалпы, жәдидшiлдiк Ресей империясының түркі - мұсылман халықтары мен қазақ зиялыларының ұлттық-прогрессивтік идеяларының негізінде жүзеге асырылған қозғалыс болған.
Жәдидшілдік – ағартушылық пен білім беру саласын реформалау, жаңалау ғана емес, ол жалпылай қоғамды, саяси ой сананы, қоғамдық қарым-қатынастарды жаңарту және ұлттық тұтастығын сақтау идеясы. Жәдидшілдік идеясының мақсаты барынша кең тұтас деңгейде тар алып, болашақ, қазақ елінің ендігі алар биігі үшін ұлттың тұтастығын сақтай отырып, ары қарай басқа ұлттардың деңгейінде немесе олардын жоғары дамуды көздеген. Бұл идея негізінде жүзеге асырылды.Идеяның авторлары қуғын-сүргінге ұшырап, атылғанымен, олардың тәуелсіздік, қоғамды заман талабына сай жаңаруға ұмтылдыру, азат ұлт ретінде даму идеялары ұлт жадында сақталып қалды. Жәдидшілдік идеясы ықпалының нәтижесі бүгінгі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне алып келді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет