Xix-хх ғғ. –дағы математиканың жаңа бағыттары


Қазақстандық математика ғылымының негізін қалаушы ғалымдар



бет32/51
Дата27.03.2023
өлшемі149,26 Kb.
#173075
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51
Байланысты:
мат тарих сессия

Қазақстандық математика ғылымының негізін қалаушы ғалымдар.
Кеңес Одағы математиктерінің ықпалымен және қолдауымен Қазақстан математикалық ғылымы да (Әл Фарабиден кейін) қарқынды дами бастады және бүгінгі күні аға буын ғалымдар салып кеткен ғылыми жолдарды кейінгі жас ғалымдар үлкен абыроймен жалғастыруда. Қазақстан математикалық ғылымына үлкен үлес қосқан және қосып жүрген, еліміздің атын бүкіл әлемге паш етіп жүрген ғалымдар қатарына мына ғалымдарды жатқызуға болады: Б.Оразбаев, К.П.Персидский, О.А.Жәутіков, Ы.Т.Аманов, А.Д.Тайманов, И.И.Ким, Ө.М.Сұлтанғазин, Н.Блиев, М.Өтелбаев, Т.Ш.Қалменов, Р.Ойнаров, Е.Смайылов, Е.Нұрсұлтанов, А.Жұмаділдаев, У.Ө.Өмірбаев, Н.Темірғалиев, М.Б.Мұратбеков, К.Н.Оспанов, Д.С.Джумабаев, Қ.Т.Мынбаев, Л.Құсайынова және т.б. көптеген орта буын және жас ғалым-математиктер.
Көрнекті Алаш ардагері, Ғалым-математик Әлімхан Ермековты барлық математиктер білулері тиіс.
ХХ ғасырдың аяғында қазақ математиктері жеке шаңырақ құрды. Математика тарихының шаң басқан беттерін ақтарған Мыңбай Өтежанұлы Исқақов, Ақжан Машанов, Аудабек Көбесов, Қажи Нұрсұлтанов сияқты қазақ ғалымдары мен тізе қосқан қандастармен, тәуелсіз достастық елдер ғалымдарының еңбектеріне сүйенсек, қазақ математикасының гүлденген шағы ІХ-ХІ ғасырлар аралығы.
Бағдат қаласындағы «Даналық үйінің» ауыртпалығын Орта Азия және Қазақстан ғалымдары көтерді. Олардың сапында әл-Хорезми, әл-Ферғани, әл-Жәуһари, әл-Марвизи, кейінірек әл-Фараби болды. Бертін келе XIV ғасырдың атақты математигі, әрі астрономы, мемлекетқайраткері Ақсақ Темірдің немересі, Шахрухұлы Ұлықбек Самархант маңында Әулиесудың ар жағында ұйымдастырған, өз заманының Птоломейі атанған, математика Әли ибн Мұхаммед әл-Құсшы – «Жұлдыз кестесінің» авторы сияқты ғалымдар қызмет істеген. ХІІ ғасырда Орта Азия және Қазақстан ғалымдарының еңбектері латын тіліне аударылып, сондай-ақ, математиканың басқа елдерге, мәселен, Еуропаға ауысуы, қандастарымыздың еңбектерін саябырлата бастады. Әл-Фарабидің әл-Жауһаридың және басқалардың еңбектері Әбуәли ибн Синаға, Омар Хайямға, Насреддин ат-Тусиге әсерін тигізді. Кейінгі зерттеулер бойынша Италия математигі Леонардо Пизанскийге өзінің «Абақ» кітабын жазуға әл-Хорезмидің, поляк ғалымы Николай Коперникке (1473-1543) өзінің гелиоцентрлік жүйесін ашуға әл-Фарабидің еңбектері әсер еткен. Сол арқылы Кеплер өз заңдарын ашқан. Дөңес линзадан сәулелер өткенде сынатындығын, оның бір жерде тоғысатынын әл-Фараби тапқан. Сөйтіп линза – айна тоғысын – фокусын табушы Кеплер емес оны табушы әл-Фараби. Бірде гүлденген қазақ математикасы бірте-бірте сөніп, тек ХХ ғасырдың 40-ыншы жылдары қайта тұтана бастады. Ол Ибатулла Ақбергеновтың талантына байланысты болды. Қазіргі математика терминологиясы оның даму сипатын көрсете алады. Мәселен, қазаргі пайдаланып жүрген «Алгебра» атауы араб сөзі әл-жебрден шыққан. Әл-Жебр – екі ереже. Оны ойлап тауып, дүние жүзінде бірінші болып қолданушы, әрі алгебраның бірінші оқулығын жазушы әл-Хорезми. Әл-Хорезмидің есімінің бұрмалануынан «алгоритм» атауы да шыққан. Ибн Сина есімінің бұрмалауынан «медицина» атауы шыққан. Бір кездерде Бұхара, Самархант, Шаш қалалары да ғылыми орталықтар болған. Қазақстан математикасына қатысты құжаттарды Иран, Өзбекстан, Татарстан, Ресей архивтерінде жатқандығын Хамид Тілдашов, В.М.Беркутов және т.б. зерттеулері дәлелдейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет