Қазақстан математиктері: Т.Ы.Аманов, М.Өтелбаев, Т.Ш.Кальменов, Н.Блиев, Р.Ойнаров және т.б.
Мұхтарбай Өтелбайұлы Өтелбаев(1942) - математик, физика-математика ғылымдарының докторы (1978), профессор (1979), Қазақстан Ұлттық ҒА-ның Математика және Механика институтының «Анализдің қолданбалы әдістері» зертханасының меңгерушісі (1978-1983), әл-Фараби атындағы университетінде кафедра меңгерушісі (1983), Жамбыл педагогикалық институтының ректоры (1984-1986), Қарағанды қолданбалы математика институтының басшысы (1992-1994), Қазақстан Министрлер кабинеті Ұлттық ағарғыш агенствосының бөлім бастығы (1994-1996), Алматы Мемлекеттік Университетінде кафедра меңгерушісі (1996). М.Өтелбайұлы Жамбыл облысының Қаракемер ауылында дүниеге келген. Ол жастайынан кітап оқуға құмар, өлең жазуға икемді, қазақтың салт-дәстүрлерін, өлең-жырларын, ауызша тараған қара есептерін шығаруды жақсы көреді. Қазақ халқының есептерін, теңдеулерін қиналмай-ақ шешті. Қырғыз университетінде оқып жүргенінде оны байқаған ректор Москва университетіне оқуға жібереді. Университетті жақсы оқып бітірген соң, оны аспирантураға алады. Аспирантурадағы ғылыми жетекшісі Б.М.Левитан болады. 1972 жылы Москвада кандидаттық диссертациясын қорғап, Алматыға келеді. 1978 жылы «Эллипстік операторлардың спектрін бағалау және онымен байланысты енгізу теоремалары» атты тақырыпта докторлық диссертациясын Москвада қорғайды. М.Өтелбаев қазіргі математиканың көптеген тарауларын қамтитын жан-жақты ғалым. Атап айтқанда: спектрлік теория, енгізу және жуықтау теориясы сызықтық және сызықтық емес интегралдық теория, Векуа теориясы, қолданбалы есептер. М.Өтелбайұлының көптеген шәкірттері ғылым кандидаты мен ғылым докторы атанды. Ол бірнеше монография мен ғылыми мақалалардың авторы.
Қайта өрлеу заманындағы (XVI – XVIIІ ғғ.) математика.
XV ғасырдың екінші жартысы мен XVІ ғасыр Европа тарихында «Қайта өрлеу дəуірі» деп аталады. Бұл ежелгі дүние қол жеткен аса биік мəдени дəреженің қалпына келіп өркендеу дəуірі. Өнеркəсіпте жаңа техникалық жаңалықтар мен кемелдік қажет ететін мануфактуралар пайда болады, осы тұста прогреске аса керекті компас, сағат жəне оқ-дəрі, арзан қағаз шығару, кітап басу ісі жедел дами бастайды. Сауданың қауырт өркендеуі теңізде жүзушілікті күшейтіп, ұлы географиялық жаңалықтар ашылуын жеделдетті. Кітаптың молаюы қауымның ғылымға, білімге талпынысын, ынтасын арттырады. Осылай мəдени революция жүзеге асады.
Бұл кезеңде білімдер жүйесі арсында математиканың беделі жоғарылайды, ол шындықтың ең сенімді критерийі саналады. Мəселен, Леонардо да Винчи: «тəжірибе мен математика əрбір ғылыми жүйенің негізі болады» деген принципті уағыздады. Мұның үстіне оның практикалық пайдасы барған сайын математикалық зерттеулер жүргізуге, оны кемелдендіруге итермелейді.
XV-XVІ ғасырларда математика негізінен Италия, Франция жəне Герменияда дамытылды, бұған XVІ ғасырдың аяғында Европа бірінші болып буржуазиялық революцияны басынан кешірген ел Голландия қосылады.
Россияда математика тек XVІ ғасырда татар-монғол үстемділігі жойылып, Батыс Европа елдерімен жаңа байланыстар орнағаннан кейін дамытыла бастайды. Европалықтар шығармаларынан жəне Шығыс оқымыстыларының европа тілдеріне аудармаларынан құрастырылған математикалық қолжазбалар пайда болады, орыс математикалық терминологиясы қолға алынады. Бізге XVІ ғасырдан бір ғана математикалық қолжазба келіп жетті, мұнда «соха» өлшемі бойынша жер учаскесінің ауданын табу қарастырылады жəне орыс есепшоты сипатталады. XVІ-XVІІ ғасырларда математика бойынша орыс тілінде қолжазба кітаптар шығады, олардың бəрін 1703ж. Мəскеуде басылып шыққан Л.Ф.Магницкийдің «Арифметикасы» ығыстырады.
Достарыңызбен бөлісу: |