Xv-xviii ғ. Қазақ хандығы Сабақтың мақсаты



Дата11.01.2017
өлшемі56,21 Kb.
түріСабақ
XV-XVIII ғ. Қазақ хандығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың қазақ халқының қалыптасуы, XV-XVIII ғ. Қазақ хандығы туралы алған білімдерін жинақтап, одан әрі танымдылығын арттыру.

Дамытушылық: Оқушыларды өз ойларын жан-жақты толық жеткізе білуге, қорытып айтуға, тез ойлауға, есте сақтауға, қосымша ізденіске дағдыландыру.

Тәрбиелік: Өз халқын сүйіп, адамгершілікке, ұлттық сезімге тәрбиелеп, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.
Сабақ түрі: Дәстүрден тыс \ойын элементтерін пайдаланған қайталау сабағы\

Сабақ әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, ойландыру.

Сабақтың көрнекілігі: карта, тірек - сызба, түрлі - түсті сурет,

электронды оқулық



ОТҚ: интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

II.Кіріспе сөз \мұғалім\.

III.Жоспар

- Көкпар: \шарты:

а) алдын ала берілген шығармашылық тапсырма арқылы

жауап беру;

ә) «портреттер сөйлейді» \көрсетілген фотосуреттегі

адамның аты-жөнін атап, өмірбаянына тоқталу\

- «Кім тапқыр» \шарты: тарихи диктанттағы термин

сөздерді анықтау\.



  • «Бәйге» \шарты: сұраққа тез жауап қайтару\

  • Тест сұрақтары.


1-тапсырма: «Көкпар» сұрақтары:
а) 1. «Қазақ» сөзінің шығу тегі: \таблица арқылы\

2. Алаш атауының мағынасы: \энциклопедия, аңыз, әңгіме\

3. Жүздердің пайда болуы: \сызба арқылы\.

4. XV-XVIII ғ. Хандық өкіметтің басқару жүйесі, әкімшілік құрылысы

5. Қазақ халқының әлеуметтік құрылымы \сызба арқылы\

Қазақ халқының әлеуметтік құрылымы


Феодалдар Қарапайым халық

Сұлтандар Билер Қараша

Қожалар Бай- шонжарлар Қара кісі

Батырлар Шаруа

Ақсақалдар Бұқара

Құл- құтан

Құлдар, күңдер – бас бостандығы жоқ адамдар

6. Қазақ халқының шаруашылығы және мәдениеті

7. Салық, міндеткерлік түрлерін ата.

Зекет – мал басынан ханға төленетін салық


Салық түрлері


Хараж – жер салығы

Тағар - әскер үшін алынатын салық


Халықтың атқаратын міндеткерлігі
Хан мен сұлтанға сыбаға, соғым беру

Ақсүйектерді қонақ етіп күту

Салық жинаушыларды, т.б.

көлікпен қамтамасыз ету.

ә) «Портреттер сөйлейді» \көрсетілген фотосуреттегі адамның аты-жөнін атап, өмірбаянына тоқталу\.


2-тапсырма: «Кім тапқыр» - тарихи диктант

1. Ақсақал Бірнеше рудың бірлестігі.

2. Алаш Әділдігі әрі тапқыр шешендігімен төрелік айту беделіне ие болған адам.

3. Арыс Аталас туыстар билігін жүргізетін адам.

4. Би Жан басынан алынатын салық.

5. Зекет Қарапайым халық, кедейлер.

6. Қараша Ғаріп – кемтарларға үлестіру үшін мешіт жинайтын салық. Зекетті кемтар емес мұсылмандар ғана төлейді.

7. Құшыр Ежелгі қазақ тайпаларының алғаш қауым болып біріккен одағы

«Қазақ» атауының баламасы

3- тапсырма: «Бәйге» сұрақтары:


  1. «Қазақ» термині нені білдіреді?

  2. XV-ғасырдың аяғы мен XVI-ғасырдың басындағы қазақ хандығының көтерілуі қай ханның есімімен байланысты?

  3. Қасым хан қайтыс болғаннан кейін, қазақ хандығының ыдырау себептерін айтыңыздар

  4. XVII ғасырдың аяғында қазақтарға қарсы шабуыл, қай мемлекеттер тарапынан күшейе түсті?

  5. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» сияқты қандай оқиғалар қазақтарға белгілі болды?

  6. Тәуке ханның заңдар жинағы қалай аталады?

  7. Есімхан билеген дәуірде саяси жүйеде қандай өзгерістер болды?

  8. Қазақ хандығының құрылу кезеңіне жататын батырлық эпостарды атаңыздар?

  9. Қазақтың киіз үйінің негізгі бөліктерін атаңыздар?

«Жүз» атауы нені білдіреді?

4-тапсырма: Тест сұрақтары


  1. Қарақұмдағы жиында қаралған басты мәселе?

а) Қазақ- Бұхара хандығымен қатынас;

ә) Қазақ- Қытай қатынасы;

б) Қазақ- Жоңғар хандығымен қарым- қатынас;

в) Қазақ- Орыс қатынасы.


2.Құрылтайда қаза болып тағайындалды?

а) Наурызбай батыр;

ә) Қабанбай батыр;

б) Бөгенбай батыр;

в) Қарасай батыр.

3. Қазақ халқының тарихында қай жыл «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталады?

а) 1710 ж.;

ә) 1711 ж.;

б) 1723 ж.;

в) 1725 ж..

4. Қай оқиға «Қайың сауған» деп аталады?

а) Орбұлақ шайқасы;

ә) Қарақұмдағы құрылтай;

б) «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»;

в) Ұлытаудағы кеңес.

5. Қазақ рулары мен тайпаларының Ордабасы мекеніндегі жиыны қай жылы болды?

а) 1723ж.;

ә) 1725 ж.;

б) 1726 ж.;

в) 1752 ж..

6. Бұланты бойындағы шайқас қай жылы болды?

а) 1725 ж.;

ә) 1752 ж.;

б) 1726 ж.;

в) 1723 ж..

7. Аңырақай шайқасы қай жылы болды?

а) 1723 ж.;

ә) 1726 ж.;

б) 1729 ж.;

в) 1752 ж..


Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма: Керей, Жәнібек, Тәуке хандарға реферат жазу.

Кесте толтыру (Білемін, білгім келеді, білдім.)







Каталог: uploads -> doc -> 0a71
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0a71 -> Сабақтың мақсаты : Сабақтың білімділік мақсаты: «Қыс» тақырыбы бойынша жаңа сөздерді меңгерту
0a71 -> Біздің отбасымыз
0a71 -> Диктанттар (2 сынып) І. Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстардың астын сызыңдар


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет