«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет153/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302

«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
212
213
елдер арасындағы дәрілік препараттардың бірыңғай нарығын 
құруы, оған қоса Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі фармацевтикалық 
нарығын қиын жағдайға әкелді. 2015 жылы тамыз айында еркін 
валюта бағамының режимі ауысқаннан кейін жағдай күрделене 
түсті [2, 4 б.]. Сондықтан, мұндай ахуал Отандық және шетел 
медициналық препараттардың бағаларының өсуіне әкелді. 
Шетелден импортталған дәрі-дәрмектердің бағасы 35-40 %-ға 
дейін көтерілді, яғни шетел валютасы бағамының өсуіне тепе-тең. 
Сонымен қатар, халықтың төлем қабылеттілігі төмен деңгейде 
болғандықтан, фармацевикалық өнімдеріне сұраныс түсті. 
Қазақстандық фармацевтикалық нарығының жағымды 
және жағымсыз жақтарына, сондай-ақ, оның мүмкіндіктері мен 
қауіп-қатеріне талдау жасау арқылы, олардың маңыздылығын, 
тақырыптың қаншалықты өзекті екендігін ажыратуға болады. Оның 
SWOT талдаудың көмегімен жүзеге асыруға болады.
Күшті жақтары туралы айтатың болсақ, Қазақстанның 
географиялық орналысуына байланысты, саяси тұрақтылықты 
белгілеуге болады. Оған қоса, Монголия және ТМД еледріне 
медициналық бұйымдарды экспорттау жолдарымыз бар. Басқа 
елдермен шекара арқылы кіші және орта бизнес дамиды. Үкімет 
тарыпынан қолдау болғандықтан фармацевтикалық, медициналық 
салалардың техникалық және білім жағынан жаңартуға дайындығы 
көрінеді. Білім кадрларды жаңарту үшін, соңғы 5 жылда 
медициналық және фармацевтика бағытына бөлінген гранттардың 
көбейді. Замаңға сай зертханалар техникамен жабдықталған, сол 
себептен ғалымдар дәрмектердің аналогтарын таба алады. 
Күшті жақтардан шығатын мүмкіндіктер туралы айтсақ, 
Қазақстанда жаңа технологиялар сатып алынса, заманауи дәрі-
дәрмектерді өндіруге көмектесе алады. Жаңа медициналық 
препараттардың аналогтары, Қазақстандық өндірушелер үшін 
патент алуға мүмкіндік береді. Медициналық бұйымдардың 
экспорты және импорты, Қазақстан мен басқа ел арасындағы 
екіжақты келісімдерді орнатуға жол ашады, деген ойдамын. Оған 
қоса, шетел мемлекеттермен бірге жоғары сапалық дәрілерді 
өндіруге мүмкіндігі бар. Ұзақ мерзімде орнатылған келісімдер, 
дәрі-дәрмектерге шығарылған кепілдікті 7 жыл барысында сақтау 
құқығын береді. Мұндай мүмкіндіктер отандық брендті дамытуға 
бағытталған, сол себептен инвесторлар тартылады. 
Әлсіз жақатарда Қазақстан фармацевтикалық нарғында 
Еуропа, Үндістан, Түркия елдерден импортталған медициналық 
препараттардың басым болуын белгілеуге болады. Экспорт 
деңгеінің төмен болуы, себебі фармацевтикалық өнеркәсіптер 
GMP стандарттарына сәйкес жабдықталмаған. Оған қоса, 
компанияның қызметкерлерді жинауға, даярлауға, жұмыс жағдайын 
жасауға, олардың тәртібіне жауапты қызметтерінің халықаралық 
талаптарына сай жұмыс орандалмауы, жаңа технологияларды 
препараттарды шағару барысында қолданбауы байқалады. 
Дәрілерді тіркеу жосығы көп уақытта өтеді. Едәуір дәрігер 
бөлігінің импорттық препараттарды таңдау қызығушылығы, ал 
дәріхана қызметкерлердің сатып алушыларға қымбат импорттық 
препараттарды ұсыну.
Әлсіз жақтардан шығатын қауіп-қатер: импортталған 
медициналық және фармацевтикалық бұйымдардан Қазақстанның 
тәуелді болуы, өйткені шетел шикізаттан, қаптама бұйымдардан 
бағынышты боламыз. Үндістан және Қытай елдердің медицина 
саласының қарқынды дамуы, Қазақстанның бәсекеге түсүіне 
әсер етеді. Сол себептен Ресей, Белоруссия, Украина елдерінен 
әкеленетін дәрі-дәрмектердің үлесі үлкен. Орта Азия елдерінде 
төмендеген экспорт деңгейі, себебі фармацевтикалық саланың 
бақылау ережелері күшейтілді. 
Эспортталған фармацевтикалық өнімнің үлесі 2013 жылдан 
2015 жылға дейін 17 %-ға (20,1- нен бастап 23,5-ке млн. долларға) 
көтерілді. Қантар- маусым айы аралығында экспорт үлесі
10,3 млн. доллар құрды, мұндай көрсеткіштер 18 %-ға өткен жылдың 
көрсеткіштерден төмен [2, 5 б.].
Мәселелерді жою үшін бірнеше шешу жолдарын ұсына 
аламын. Жоғарыда аталған талаптардың ішінде ең негізгісі 
білікті кадрлардың жетпеушілігі болып табылады. Соның ішінде 
фармацевтикалық өнеркәсіптегі жұмыс ақтқаратын, тәжірибелі 
қызметкерлердің саны аз болуы. Бұл мәселенің шешу жолдарын 
тапсақ, Қазақстан өз отандық фармацевтикалық және медициналық 
деңгейін көтере алады, себебі білімді жұмыскерлер сапалы 
бұйымдардың тірегі болып есептеленеді. Зерттеу барысында, 
көбінесе оқушылар, мұғалімдер жағынан оқу гранттарды және 
жоғары білім беретін мекемелерді ашу ұсыныстар болды. Өйткені, 
сапалы және тегін жоғары білім фармацевтика саласында берілсе, 
оқушыларда дәрмек нарығын өзгертуге, дамуға құштарлық деген 
сезімдері көрінеді. Сондықтан Қазақстанда фармацевтикалық 
бағытына арналған жоғары білім мекемелерді көбейтуміз керек. 
Қазіргі таңда оқу бағдармалар әр елдің болашағы болып табылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет