«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет177/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302

«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
250
251
Бұл – қыруар қаржы. «Мен де ауылдан шыққанмын, онжылдық 
мектепті қазақша бітіргенмін», - деген Елбасы сөздерін естігенде, 
басқаларға не деріңді білмейсің де?! Бүгінгі күні балаларын білімсіз 
болып қалады, қазақша оқыса кітап жетпейді дегендерге міне 
айқын дәлел дер едім. Ана тілін білмеу қазақ азаматтарына ұят 
болуы тиіс. Мемлекеттік тілге, өзінің ана тіліне құрметпен қарамау 
өкінішті, әрине. Ана тілді білу – парыз. Тілсіз ұлт болмайды. Өз 
тілімізді сақтау, өз тілімізді құрметтеу отаншылдық рухты оятуға 
қызмет етеді. Әрі ол- ата-баба алдындағы ұлы парызымыз да» 
деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, мемлекеттік тілдің 
мәртебесін асқақтатып, оның қолданылу аясын кеңейтуге, дамытуға 
ат салысу, сонымен қатар білім ордаларынан бастау алуы тиіс. Ел 
басының Рухани жаңғыру ұлттық идеясы - мәңгілік ел болу кепілі. 
Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды танып 
білеміз, халық рухының сарқылмас бастауы да сонда жатыр. Қазақ 
халқы ұлт болып қалыптасқалы бері, қазақ тілі өмір сүріп келеді. 
Тілдің иесі – кешегі қазақ, бүгінгі қазақ және болашақтағы қазақ. 
Тілдің ғұмыры уақыт тәрізді мәңгілік. Мәңгілік ел боламыз деген 
елбасының айтқан үндеуіне қосар біздің үлесіміз осында. Тіл - 
халықтың мәңгілік халық болып қалуының айғағы. Тіл – өткеннің 
ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің 
кепілі. XX ғасырдың басында ғұлама-ғалым Ахмет Байтұрсынұлы 
«Ұлттың жоғалуына себеп болатын нәрсенің ең қауіптісі – тіл, сөзі 
жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деп еді. Біз осыдан қорқуымыз 
керек деп ойлаймын. Кеңес дәуірі кезінде тіліміз құрудың аз – ақ 
алдында болды деп айтсам артық сөз емес сияқты. 
ХХ ғасырдан бастап көптеген отбасылар, әсіресе қалалық 
жерде тұратындар орыс тілінде сөйлейтін болып алды. Ана тілін 
тіпті тұрмыстық қарым-қатынаста да қолданудан қалды. Сөйтіп, 
атасы өзінің туған немересімен қазақ тілінде сөйлесе алмайтын 
жағдайға жеттік. Әлі де кеш емес, тілімізді сақтап қалу мына біздің, 
жастардың қолында деп ойлаймын, ендігі біздерден таралатын 
ұрпақ қазақша сөйлеп, құрметтеп, оны бағаласа, әлі де кеш емес 
қой. Ештен кеш жақсы - дейді халық нақылы. Өмір бойы тіліміздің 
осылай шұбарланып, қорланып, ақыр аяғында түп-тамырымен жоқ 
болып кетпеуін қаласақ, бүгіннен бастап әрекетке көшейік. Қазақ 
тілі – ұлттың жолы. Мен ұлтымды, тілімді сүйемін. Тіл тағдыры – 
ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Қазақ тілі - ғажап тіл. 
Оның болашағы да ғажап. Осындай тамаша тілдің бүгіні мен ертеңі 
Ұлт көшбасшысы – Нұрсұлтан Әбішұлының бір сәт назарынан 
тыс қалған емес. Тәуелсіздік алған азат күндердің алғашқы 
тынысынан бастап-ақ қазақ тілінің мәртебесі мен мерейін көтеру, 
оның пайдаланылу және қолданылу аясын кеңейту тұрғысында 
Елбасымыз үнемі қамқорлық пен басшылық жасап келеді. Осы 
жылдар ішінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясының бұрынғымен 
салыстырғанда анағұрлым жаңа белеске көтерілуіне Елбасының 
жетекшілік қызметі, адал ниеті көшбасшы болды. Тілдің көмегімен 
өнер-білімге, мәдениет-ғылымға жетіп, өткен - кеткенмен әлемді 
танып, өзімізді жұртқа-әлемге танытамыз, сөйлейміз, оқимыз, ел-
жұртты, мемлекетті меңгереміз, мысалы Димаш Құдайбергеновтың 
Қытай елінде байқауда болған кезі, меніңше өзінің өнерін көрсете 
білген Димаштың кім екеніне қызыққан қытайлықтар қазақтардың 
кім екенін де танып білді деп ойлаймын, бірақ Қазақстанда жұмыс 
істеп жүрген 400 мың қытайдың айтқаны: «қазақ тілін үйренуге 
еш негіз жоқ, себебі мен ағылшын тілін және өз тілімді білемін. 
Сол маған жеткілікті» дейді, яғни мемлекеттік тілдің қажеттілігі 
болмағаннан. Тіл мәселесі – аса күрделі, аса жауапты мәселе. 
Қазақ елі барда, қазақ тілі де болады. Қазақ тілінің көркемдігі 
соншалық - тіпті анау мұхиттың арғы жағында мекендейтін шетел 
азаматтары қазақ тілін білуге ынтығу қажет. Өзге шет елдерден 
келіп қазақ тілін үйреніп жатса көңілің бір марқайып қалады екен. 
Тіліміздің осындай дәрежеге жеткені мен үшін бір бақыт. Белгілі 
ғұлама Махмұд Қашқари «Тәрбие басы – тіл» деп көрсетеді. 
Жалпы, қай тәрбиенің де бастауы отбасынан басталатыны рас, 
патриоттық сезім де отбасынан қалыптасады. Отан – отбасынан, 
ата-жұртынан, туып өскен топырақтан, ана тілінен басталған. 
Бірақ қазіргі жастардың көбі мұны түсінбейді. Сондықтан да мен 
тіліміздің мәселелерінің өзегін жастар бойындағы намыстың, 
патриоттық қасиеттердің жоқтығымен байланыстырамын. Олай 
болса жастар арасында ұлттық патриоттық тәрбиеге мән беру 
қажет. Бүгінгі қазақ тілінің тағдыры қазақтың өзінің қолында, қазақ 
баласының ата-анасының қолында. Өйткені Елбасымыз айтқандай: 
«Өзіміз ана тілімізде сөйлемейінше, өзге ешкім де бұл тілді шындап 
құрметтей қоймайтынын түсінуге тиіспіз». «Өз-өзіңді сыйласаң, 
жат жанынан түңілер», - деген екен біздің бабаларымыз. Қазақ тілі 
– ұлтымыздың жаны. Дүниедегі бес мыңнан астам ұлттың 200-дей 
ұлтта ғана мемлекеттілік болса, онда сондай халықтың бірі – қазақ 
халқы. Тіл – атадан балаға мирас болып келе жатқан баға жетпес 
мұра. Демек, әр адам ана тілін көз қарашығындай қорғауға, оның 
тазалығын сақтауға тиіс. Амал не? Туған тілімізді шұбарлап, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет