«ОҚУШЫЛАР » сериясы «XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ» 230
231
соның салдарынан отандық технологиялар дамымай және
пайдаланбай қалуы мүмкін [10, б. 35].
2 Модернизацияның кеш басталғанынан, Қазақстан сапалы
мұнай өнімдерін шығарудан Кеден Одағындағы елдерден, мысалы
Ресей мен Беларус, біршама артта қалып қойды [11].
Сонымен қатар модернизацияның нәтижесінде күтілетін
мүмкіндіктер де көп:
1 Мұнай өңдеу зауыттарының модернизациясы сәтті аяқталған
жағдайда Қазақстан дайын мұнай өнімдерін халықаралық нарыққа
шығаруға қабілетті болады. Бұл экспорт деңгейін көтере отырып,
сыртқы нарықта елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырады [12].
2 Мұнай өнімдерін пайдаланатын басқа да өндіріс салалары
(химия немесе машина жасау өнеркәсіптері) модернизациядан кейін
қарқынды дамуы мүмкін, яғни сол жағдайда кәсіпорындар сапалы
мұнай өнімдерін қымбат бағаға шетелден импорттаудың орнына
отандық өнімдерін қолдана алатын болады.
Алайда өндірісті жаңарту кезеңінде қауіп-қатерлер де кездесуі
ықтимал.
1 Мұнай өңдеу зауыттарын қайта жаңғырту үшін $ 6,3 млрд
қаржыдай жұмсалды. Бұл ақша сомасы аз емес болғандықтан,
модернизациядан кейін несие беруші банктерге қарызды пайыздық
мөлшерлемесімен бірге қайтара алмау қауіпі туындайды. Қарызды
қайтара алмаған жағдайда, кепілзат ретінде берілген зауыттан
айырылып қалуымыз мүмкін [11].
2 Тағы да бір қауіп ретінде қондырғылардың шикізатпен
толықтай қамтамасыз етілмеуін қарастыруға болады. Мұнай
өндіретін компаниялардың көбісі мұнайды шетелге экспорттайды.
Ал мұнай өңдеу зауыттары шикізатпен толықтай жүктелмесе,
жаңа қондырғылардың уақыттан бұрын тозу және реагенттер мен
катализаторлардың артық шығындалу мәселелері туындайды [11].
Кесте 2
SWOT аназизі арқылы мұнай өңдеу зауыттарының
модернизациясының тек күтілген күшті жақтары мен мүмкіндіктері
ғана емес, бірақ әртүрлі әлсіз жақтары мен қауіп-қатерлері бар
екенін байқауға болады.
Халықтың модернизацияға көзқарастарын талдау үшін,
мен 21 жастан үлкен 88 азаматтан Қазақстанның мұнай өңдеу
зауыттарының модернизациясы жөнінде сауалнама алдым. Жалпы,
сауалнама 8 сұрақтан құрастырылған, және мен ең маңызды деген
3-4 сұрақты ұсынғым келеді.
Диаграмма 1
Алғаш сұрақтардың бірі адамдардың мұнай өңдеу зауыттарының
модернизациясына қатысты жеке көзқарастары жөнінде болды.
Сауалнамаға қатысқан адамдардың көбісі, яғни 81 %-ға жуығы,
жағымды көзқарас білдірді. Ал қалған 10 % және 9 %-ы тиісінше
жағымсыз және бейтарап нұсқаларын таңдады.
Келесі сұрақ модернизацияның әртүрлі өмір аспектілеріне
әсерін бағалауға арналған еді. Жауап нұсқаларының ішінде саяси,
экономикалық, әлеуметтік, технологиялық және мәдени факторлар
көрсетілді. Графиктен көрініп тұрғандай, сұралған адамдар
модернизацияның көбінесе экономикалық және технологиялық
факторларға әсері зор деп ойлайды. Келесі орындарда саяси және
әлеуметтік факторлар белгіленді. Ал мәдени фактор болса, ең аз
дауыс санын жинады.
Мұнай өңдеу зауыттарының модернизациясының Қазақстан үшін
рөлін анықтағанда, адамдардың 74 %-ы оны болашаққа инвестиция
ретінде қарастырады, ал 9 %-ы оны тиімсіз қаражат жұмсалуы деп
бағалағанын байқауға болады. Қалған 17 %-ы жауап беруге қиналды.
Диаграмма 2