«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет152/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302

НЕЛІКТЕН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ОТАНДЫҚ 
ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІ ТАҢДАМАЙДЫ?
АХМЕТОВА А. Е.
оқушы, Химия-биология бағытындағы 
Назарбаев Зияткерлік мектебі, Павлодар қ.
БАЙХАНОВА Л. А.
тарих пәнінің мұғалімі, Химия-биология бағытындағы 
Назарбаев Зияткерлік мектебі, Павлодар қ.
Фармацевтикалық нарығы ең жоғары табысты әкелетін 
және жылдам дамып келе жатқан әлемдік экономика сектордың 
бірі болып табылады. Оның нарықтағы дамуына, адамдардың 
денсаулығын қалпына келтіру және сақтау бағыты ерекше 
әсерін тигізеді. Бір жыл ішінде дамып жатқан қарқыны шамамен 
6-11 %-ды құрастырады, әкелетін пайдасы 18 %-ды жалпы табыстаң 
құрастырады. Дәрі-дәрмектердің жылдам сатылуының себебіне: 
жалпы аурулардың көбейтүі, экологиялық мәселелері, қарт адамдар 
деңгейінің өсуі жатады.
2005-2010 жылдары мемлекеттік бағдарламаға еңгізілген 
шаралар бойынша, Қазақстан медицинасының дамуына мәнді 
үлес қосты. Ұлт-көшбасшысы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан 2050» 
стратегиясы бойынша, халыққа өз жолдауын жеткізді. Айтылған 
сөздері: «Біз ұлт денсаулығын жақсартуда елеулі жетістіктерге қол 
жеткіздік. Денсаулық сақтау саласы тиімділігін жоғарылатуда оны 
ұйымдастыру, басқару және қаржыландыру жүйесі реформаланды» 
[9, 2 б.]. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласындағы лицензиялаудың, 
аккредиттеудің және аттестацияның жүргізілуінің негіздері мен 
тәртіптері заңнамалық деңгейде бекітілген болатын. Қазақстан 
Республикасының тұрғындардың денсаулығына байланысты 
мәселелер маңыздылығы бойынша бірінші орынға ие болғандықтан, 
ұлт денсаулығы мемлекеттің даму әлеуеті ретінде жанжақты 
қарастырылады. Дені сау адамдар елдің сенімді кепілі ретінде бола 
алады. 
Қазақстандық фармацевтика нарығы біркелкі жас, оның 
қалыптастыруы 90-шы жылдардан басталынды. 1994 жылы 
медициналық қамтамасыздандыру Мемлекеттік акционерлік 
холдингтік компания «Фармация» арқылы жасалынды. Бұл компанияға 
1832 дәріхана, онаң ішінде 64 ауруханаларға жататын және 1762 дербес 
дәріхана кірді. 1996 жылы дәрілік қамтамасыз ету жүйесі өзгертілген 
болатын, бұл өзгерістер бүгінгі күнге дейін жұмыс атқаруда [6, 3 б.].
Әлемдік деңгейде қарасақ, Қазақстанда дәрі-дәрмектердің 
өндірісі баяу дамып жатыр. Сонымен қатар, Қазақстандағы 
фармацевтикалық өндіріс шетел медициналық препараттарды 
өндіретін компаниялармен бәсекеге түсе алмайды. 
2014 жылы Қазақстанда фармацевтикалық сала өндiрiстiң 
жалпы төмендетуiмен сипатталады. 20,5 %-ға (37ден теңге
29 миллиардқа) дейiн түсті, бірдей iшкi нарықта жергiлiктi өнiм 
үлесі 14 %-дан 9 %-ға дейін төмендеді. Импортталатын өнімдердің 
үлесі жалпы көлімінде 5 % -ға өсті [5,2 б.]. Бүгінгі таңда дәріхана 
бағасымен Отандық нарық 1,8 млрд. доллармен бағаланады. 
2015 жылы Отандық нарықтың үлесі 5 %-ға көтерілді. Ал USAID 
айтуынша, 2016 жылы Қазақстан фармацевтикалық нарығы
2,27 млрд. долларға жетті, өсуімен +9 % сауда бағасымен. Сонымен 
бірге, девальвация, Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕЭО) кіретін 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет