«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет291/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302
34dcdc1e8cf360a39cfc4a693507552d.pdf, Лекция 1 Физические эффекты, используемые для создания датчиков, 130592
«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
408
409
– деп, отаршылдар ендірген ел билеу жүйесіндегі зорлық анархиялық 
партияшылдық ұсақ тартыстың ел берекесін кетіріп ыдыратуына 
бар болмысымен қарсы тұрған.
Ол патша самодержавиесіндегі қазақ халқының құқықтық 
сауаттылығының қалыптасуына өз үлесін қосқысы келді.Оның өмірі 
халқының жарқын болашағы үшін сарып етілген азапты ғұмыры 
ақынның, саясаткердің, құқықтанушының ғалымның аласапыран 
замандарда аянбай төккенащы маңдай терінен тұрды.
Қазақтың құқық тарихында тұңғыш рет тасқа басылып шыққан 
Қарамола «Ережесі» XΙX ғасырдың аяқ кезінде қазақ даласындағы 
айтулы оқиғаның бірі болғандығы анық. Абайдың түйіндеуінше 
заң әділдікке жеткізетін, бейбітшілік пен тыныштықты сақтайтын 
тәртіптер мен нормалар жиынтығы. «Ережеде» осы қағидалар берік 
ұстанылған. Ол 73 – баптан тұрады.
Абай қазақтың көне заңдарымен таныса келе және низам 
ережелерінің халыққа көптеген жағымсыз, қолайсыз жақтарын 
сезе отырып, өзі де елді қалай билеу керек екендігін ойластырған.
Сөйтіп, заң жобасын өзі де әзірлеген. Абай танысқан «Қасым ханның 
қасқа жолы»мен «Есім ханның ескі жолы»қылмыс, бұзақылық 
ұрлық-қарлыққа қарсы әдет-ғұрыптарды жинақтапқамти отырып 
қабылданған. «Жеті жарғы» жетітүрге бөлінген. Онда «қанға қан 
алу» «жанға жаналу», секілді баптардан бастап, зорлық-зомбылық, 
құн дауы және оның мөлшері, баланың ата-ана алдындағы 
жауапкершілігі, ұрлық-қорлық, билік ету және басқа дажайлар 
кеңінен айтылған. Абай өз жазбаларында ел басқару жүйесіне 
жаңа заң ереже енгізуді ойластырып, жүзден аса бабы бар ереженің 
жобасын жазған екен.
«Абай жазған ережеде»қазақтың әдеттегі құқығында 
көрсетілген айып төлеутәртібі бір жүйелі жолға түсірілді. Қазақ 
қоғамында құқық бұзушылық жасағанадамдарға айып салу 
талаптары жергілікті ерекшеліктердің негізінде жүзеге асып отырды.
Әр болыстың билері қылмыстың бір түріне әр түрлі айып салды.
Сондықтан жаза қолдануда қазақ қоғамында бір жүйелік болмады. 
Абай осы мәселеге де орасан зор көңіл бөліп, халық сотында 
қаралатын істерге қолданылатын айыпты да ретке келтірді.
Далалықтарға, яғни қыр халқына ғана тән әдет-ғұрып, дағды 
машықтар ұлыдана Абайға жақын әрі түсінікті еді. Ол ережеге көп 
өзгертулер, түзетулер қосыпөңдеді.
«Абай ережесі» қамтыған кейбір дәстүрлерде өзіндік 
ерекшеліктер мен жаңалықтар байқалды.Бұл Абайдың туған 
халқының мүддесі жолынлағы күрестежеткізген тарихи жеңісі еді.
Заң алдындағы жауапкершілік өмір талабына сай өзгертілген.
М. Әуезов өзінің 1940 жылғы Абай жинағыныңекінші томында 
жазған сөз басында 1885 жылы Қарамоладағы төтенше съезде
96 баптан тұратын заң жобасын ұсынған, онысы көпшілікке ұнаған 
дейді. Асылы бұл 73 баптан тұратын, 1886 жылы қазанда жарық 
көрген «Ереже»болса керек. Ол қай буында болса да әйел жынысына 
жасалып келген зорлыққа біраз тежеу салған. Ескі дәстүрге емес, 
күнделікті өмірдің өзінде кездесетін көріністірге негізделген, заман 
тілегіне де лайықталған. «Ереженің» екінші саласы мал, жер даму мен 
кісі өліміне байланысты істерге арналған. Бұл тек әдет – ғұрыптық 
қана емес, әлеуметтік мәселе. «Ереженің» ұрлық пен барымтаға 
байланысты салалары жарияланбаған. 
Осындағы 2-3-ші баптар жерінен айырылған момын шаруалар 
үшін аса пайдалы болған. Абайдың жер дауындағы жаңа билігін 
«Абай жолы» романында М.Әуезов өте дұрыс және шыншыл 
суреттеген. Оның әрбір шешімі әділетті ғана көздемей, шаруаны тап 
күресіне түсуге мәжбүр еткен.«Ереженің» басты міндеті ел ішіндегі 
дау шарды азайту, сайламалы билерге бірыңғай жоба сызып беріп, 
олардың ісін жеңілдету, шылбырдың бір ұшын ұлыққа қаратып 
билер ісіне бақылау жүргізу болуға тиіс. Біздің негізгі әңгімеміздің 
өзегіне айналған 1885 жылғы мамыр айында Шар бойында болған 
Абай Құнанбайұлы қатысқан Қарамола «Ережесі» осының дәлелі. 
Осы ереженің 54 – бабында былай делінген: «Біреудің жерін жеген 
дауларды билер сол жер пәленшенікі деген ел басылардың куәлігіне 
қарап тексереді. Тексерген уақытта жерді билер өздері көреді, яки 
сенімді кісіні куәлігі бойынша жеген жерінің сомасына қарай билік 
айтады. Шығынын қайтарып үстіне һәм айып салады.»
Бұл баптың осы кезеңде ел арасында қалыптасқан әдет – ғұрып 
нормасына көшірмесі десе де болады. Билер сол норманы өңдеп, 
ресми түр беріп болашақта қолданылып отыруға тиісті заң дәрежесіне 
көтерген. 1896 жылы «Ереженің» тағы бір ерекшелігі – қыз атастырған 
жерінен әкесінен еріксіз өзі қашып кетсе, әкесі жасау беруге міндетті. Ал 
ұзатқан қыз қайтыс болса, ері қыздың әкесіне оның жасауын қайтаруға 
тиіс. Сөйтіп, «Ереженің» сыртқы формасы әдет – ғұрыпқа негізделді 
десек те, оның ішкі мазмұнына орыс заңына бейімделген, әйелдің 
еркіндігіне жол ашатын бірқатар өзгерістер бар. «Ереже» кейде ескі 
билер правосына қарсы қойылған, қазақ правосының жаңа бір кезеңі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет