«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет293/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302
34dcdc1e8cf360a39cfc4a693507552d.pdf, Лекция 1 Физические эффекты, используемые для создания датчиков, 130592
«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
412
413
Тұтастай алғанда «Ережелердің» және билер сьездерінің жер дауын 
реттеуге арналған нормалары мен шешімдері қазақ қоғамындағы 
сол кездегі жер мәселесінің үлкен тығырыққа тірелгенінің, оның 
басты себебі қарама-қайшы бағыттағы құқықтардың қыспағына 
қалғандығының көрінісі еді.
Абайдың он үш жасынан билікке араласып, дауды шешуге 
қатысқаны, кейін аймағына төбе би атанғаны, өмірінің кейінгі жылдары 
көне жарғы, заңдарымызды шұқылап оқып, өзі де заман талабына сай 
олардың жобасын жазғаны бар емес пе? Ендеше, Абайды да билердің 
санатына қосып, қазақтың заң – жоралығыларын, әдетін жазуда өзіндік 
орыны бар адам ретінде бағалауымыз қажет. Ел ішінде «Абайдан сөз 
артылған ба» деген сөз бар.Ал, ұлы жазушы Мұхтар Әуезов болса 
«Абай – мұхит, ал мұхитты сарқуға бола ма?» - деген екен. Ендеше Абай 
шығармаларынан өмірдің кез-келген тыныс-тіршілігі мен соқпағынан 
іздеген дүниемізді, қажетті сөзімізді таба аламыз. Солардың бірі – Абай 
жазып кеткен заң және билік тақырыбы. 
Дерекке сүйенсек, ұлы ақын жазған «Қарамола» немесе «Шар» 
деген атауды иеленіп жүрген «Ереже» 1885 жылы мамыр айында 
Абайдың ұсынысымен Семей өңіріндегі Қарамола дейтін жерде бес 
дуан елінің билері мен кұрметті адамдары шақырылған съезінеде 
тасқа басылған күйінде кеңінен таратылып, үлестіріліп берілген және 
осы съезде қабылданып бекітілген.
Біз Абайды тек ұлы ақын және ойшыл ретінде емес, сонымен 
қатар құқықтанушы ретінде танимыз.Өйткені Абай өззаманында өз 
халқының құқықтарын қорғау үшін, әдет-ғұрып, құн дауы т.б адам 
бостандығын назарға алып, қазақ қоғамының құқықтық жүйесіне оң 
өзгерістер енгізген болатын.
Ұлы ақын Абай Құнанбаев дана да дара ойшыл, талас-
тартыстың ақиқатын бір ауыз сөзге сыйғызған әділетті би болумен 
бірге, қазақ сахарасында алғашқы заң ережелерінің дүниеге келуіне 
де айрықша ықпал еткен адам. Ол жазған «Ереже» - ХІХ ғасырдың 
аяқ кезінде, яғни 1886 жылы Қазан университетінің баспаханасында 
мұқият түптелген кітапша түрінде араб қаріпімен басылып шықты.
Ұлы ақын Абай бабамыз «Қарамола», яки «Шар ережесін» 
жазғанға дейін де «Қара қылды қақ жарған» әділ билігі көпшіліктің 
көңіліне берік ұялаған, тапқыр да тосын шешімдері, бейнелі де 
көркем тіркестері арқылы жұртшылықтың жүрегіне жол тауып, 
ауызға ілінгені аян. Олай дейтініміз заңгер-ғалымдар әсіресе
ХІХ ғасырдың басыдағы Абай биліктерін прецеденттік сипаттағы 
сот шешімдерінің жарқын үлгілері деп бағалайды.
Ойдың дәйегін, сөздің мәйегін жасынан жете сезініп, 
санасына құйып өскен Абай бала кезінің өзінде-ақ тіл мен жағына 
сүйенгендердің талайын сөзден сүріндіріп, мерейі үстем болды.
Әділетсіздік жанын жегідей жеген Абай 1900 жылы Ресейдің 
үкіметтік мекемесі Сенатқа хат жазуға мәжбүр болады. Тарихи 
құжаттарда «Сенатқа хат» деген атпен аталып жүрген аталмыш 
хаттан Абайдың орыс тіліне сауаттылығымен қатар, сол заманғы 
әлеуеттік тәртіп, әкімшілік пен заң негіздерінен де мол хабардар, өрелі 
ойлар өрбітетін ойшыл да білікті адам екендігі танылады.
Ақынның «Сенатқа хатындағы» әлеуметтік тәртіп мәселелері 
жөніндегі қадап айтқан ойлары – оның әкімшілік пен заң негіздерін де 
жақсы білгендігін, сондықтан да әділдікке заң жүзінде қол жеткізуді 
басты мақсат санайтындығын көрсетеді. Сонымен бірге ақынның 
дүниетанымын, әлеуметтік, саяси, философиялық адамгершілік 
көзқарастары мен ұстанымдарын да осы хаттан анық аңғаруға болады.
Абай қатысқан би кеңестердің билік жүргізу тәжірибесі
онда қабылданатын әділ де тосын шешімдер әділдікке жүгіну, 
қайырымдылықты басты нысанда ұстау жөніндегі өнеге, үлгісімен 
жұрт аузында жырдай жатталып қалады екен.
Қазақ даласының жері ұланғайыр болғанымен, оны пайдалану, 
меншіктеу мәселелері о бастан-ақ белгілі бір тәртіппен жүйелі түрде 
реттелп отырылған.
Біздің негізгі әңгімеміздің өзегіне айналған 1885 жылғы мамыр 
айында Шар бойында болған Абай Құнанбаев қатысқан Қарамола 
«Ережесі» осының дәлелі. Осы «Ереженің» 54-бабында былай 
делінген: «Біреудің жерін жеген дауларды билер сол жер пәленшенікі 
деген елубасылардың куәлігіне қарап тексереді. тексерген уақытта 
жерді билер өздері көреді, яки сенімді кісінің куәлігі бойынша жеген 
жерінің сомасына қарай билік айтады. Шығынын қайтарып үстіне 
һәм айып салады» [6].
Әрине, осы орайда жерді пайдалануға байланысты қалыптасқан 
жаға жағдайлар мен жаңа әдет-ғұрып нормалары мұқият ескерілген. 
Тұтастай алғанда «Ережелердің» және билер сьездерінің жер дауын 
реттеуге арналған нормалары мен шешімдері қазақ қоғамындағы 
сол кездегі жер мәселесінің үлкен тығырыққа тірелгенінің, оның 
басты себебі қарама-қайшы бағыттағы құқықтардың қыспағына 
қалғандығының көрінісі еді.
Абайдың «Қарамола», яки «Семей қазақтары үшін қылмысты 
істерге қарсы заң ережесінде» қазақ қауымының «Жарғылары» мен 
«Ережелерінде» бұрын-соңды болмаған тәртіптік жазалар енгізілген. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет