Xx ғ. б. қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттардың ерекшелігін саралаңыз


XX ғасырдың 20-40 жылдарындағы қазақ драматургиясы туралы түсіндіріңіз



бет15/96
Дата25.12.2023
өлшемі400,45 Kb.
#199233
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   96
Байланысты:
соңғысы ХХ ғасыр нақты номерленген.

XX ғасырдың 20-40 жылдарындағы қазақ драматургиясы туралы түсіндіріңіз.

Драматургия — қандай да бір халықтың немесе жазушының белгілі бір дәуір мен кезеңдегі драмалық шығармаларының жиынтығы.
Ұлттық драматургияда төңкеріс тақырыбын алғаш көтерген Сәкен Сейфуллин болды. Оның “Бақыт жолында”, “Қызыл сұңқарлар” пьесаларында драмаға лайықты сипат сақталған. Бұл аталған пьесалардың үгіттік бағытынан, көркемдік және тарихи шындықтың тұтастығынан, оқиғаның құжаттық дәлділігінен, этнограф бедерінің сақталуынан көрінеді. Осы тақырыптың жалғасы ретіндегі Шаниннің “Шахта” пьесасы бірнеше рет жөнделіп, өңделген нұсқасында қазақ жұмысшыларының өмірін, саяси күреске араласуын суреттейді. 20 ғасырдың 20-жылдарындағы отандық драматургияда әйел бостандығы мен теңдігі басты тақырыпқа айналды. Солардың бірі 1926 жылы Кемеңгеровтың “Алтын сақина” мен “Ескі оқу” пьесалары Қазақ драма театрының сахнасында қойылды. Театрдың алғашқы жылдарындағы репертуарынан Б.Майлиннің шағын комедиялары, Ж.Тілепбергеновтің “Сүйіскендер”, “Перизат — Рамазан”, Р.Малабаевтың “Үй тұтқындары”, “Ғұрып күні”, С.Аблановтың “Күндеспейтін қатын”, А.Тоқмағанбетовтың “Екі заң”, т.б. пьесалары орын алды. Бұлардың ішінде театр репертуарында ұзақ сақталғаны — “Перизат — Рамазан” және А.Оспанов пен Е.Өтеулиннің “Зарлығы”.
20 ғасырдың 20 — 30-жылдарындағы драматургияда трагедия жанрының дамуы айқын көрініс берді. Олардың көбісі тарихи-эпостық жырлардың негізінде жазылған. Кезінде театр репертуарынан берік орын алған Шаниннің “Арқалық батыры” 1924 жылы жеке кітап болып басылып шықты. Екі бөлімнен тұратын пьеса премьерасы сахнада қатарынан екі күн жүрген. “Арқалық батыр” трагедиясы — отандық драматургиядағы фольклорлық материалды игерудің тұңғыш қадамы. Шаниннің бірнеше шағын комедиялық шығармалары да сахнаға шықты. Олар — “Торсықбай” мен “Айдарбек”, бұлардың сюжеттерінің желісі — ауыз әдебиетінің негізіне құрылған, қазақтың әйгілі әзілкештерінің төңірегінен өрбитін аңыз-әңгімелер мен олардың күлдіргі әрекеттері.
Комедия жанрына ерекше көңіл аударып, негізін қалаушылардың бірі — Майлиннің көптеген шағын күлкілі шығармалары театр мен үйірмелердің репертуарынан берік орын алды. Атап айтқанда “Шаншар молда”, “Ел мектебі”, “Неке қияр”, “Айша”, “Сәлде”, “Көзілдірік”, т.б. Бұларда комедияның шағын үлгілері — скетч, водевильге тән түрлері кездеседі.
М. Әуезовтің үлесі:
Ұлттық драматургияның пайда болып, қалыптасуы мен дамуына ерекше еңбек сіңірген ұлы қаламгер Әуезов 20 ғасырдың 20-жылдары “Еңлік — Кебек”, “Ел ағасы”, “Бәйбіше — тоқал”, “Қарагөз” пьесаларын жазып, сахнаға шығарды. Бұлардың барлығында да өткен замандағы қоғамның әлеуметтік қайшылықтарын суреттеп, сан қилы кейіпкерлердің қайталанбас бейнелерін жасады. Күні бүгінге дейін сахнадан түспей келе жатқан “Еңлік — Кебек” халық жырының негізінде жазылып, бірнеше өңдеу мен жөндеулерден кейін ұлттық драматургияның қайталанбас көркем, классикалық дүниесіне айналды. Трагедияның түпнұсқасы 1923 жылы жеке кітап болып басылып шықты. 20-жылдардағы драматургияның көркемдік шоқтығы биігі “Қарагөз” — махаббат пен жеке бастың бостандығы жолындағы күресті суреттейтін шығарма. Трагедия ауыз әдебиетінен ұтымды пайдаланған “жар-жар”, “беташар”, айтыс және басқа өлең-жырлар ерекше көрік, поэтикалық мазмұн береді. Фольклорлық материалды пайдаланып жазылған осы пьесалар отандық драматургия жанрының дамуына ерекше ықпал етті. Драматургияның тақырыптық аясы кеңейіп, сюжет пен тартыс ұйымдастырудың, кейіпкер бейнелерін сомдаудың, диалог пен монолог құрудың тың үлгілері жасалған, көркем-идеялық мазмұны терең пьесалар театр репертуарын байыта түсті.
Қазақстан топырағында өтіп жатқан күрделі де сан қилы саяси-әлеуметтік құбылыстарды бейнелеп, өткір тартысқа, жаңа тіршілік жолындағы айқасқа құрылған Майлиннің “Майдан”, Ғ.Мүсіреповпен бірігіп жазған “Амангелді”, І.Жансүгіровтің “Кек”, “Түрксіб”, “Біздің жігіттер”, Әуезовтің “Түнгі сарын”, т.б. пьесалар жазылып, сахнада қойылды. Бұлардың кейбіреулері партиялық идеологияға ыңғайлап жазылғанымен, тарихи шындық арқауы үзілмей, шынайы бейнелеу тапқан.
20 ғасырдың 40 (50) жылдары ұлттық драматургия жаңа белеске көтерілді. Бұрынғы тарихи-күрескерлік тақырып М.Ақынжановтың “Абай”'>Исатай — Махамбет”, Сәбит Мұқановтың “Күрес күндерінде”, Әуезов пен Ә.Тәжібаевтың “Ақ қайың”, Әуезовтің “Абай” трагедияларында жалғасын тапты. Ұлы Абайдың өмірі мен қазақ халқының өткен ғасырлардағы әлеуметтік болмысын суреттейтін “Абай” трагедиясы отандық драматургияның көркемдік қуатының молдығын көрсетіп берді. Сондай-ақ, Әуезовтің “Қарақыпшақ Қобыланды”, Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” пьесалары күрделі жанрдың өзіндік ерекшелігін меңгерудің үлгісіне айналды. Ұлы Отан соғысы кезінен бері қойылып келе жатқан “Қарақыпшақ Қобыланды” драмасы сахнада халқымыздың бостандық жолындағы күресін бейнелейтін қаҝармандық тақырыпты орнықтырды. “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” — отандық драматургияда махаббат тақырыбын әлемдік үлгі дәрежесіне көтерген күрделі пьеса. Осы жылдары күнделікті тірліктің маңызды мәселелерін қозғаған Ш.Хұсаиновтың “Марабай”, аңыз-ертегінің негізінде жазылған “Алдаркөсе” комедиясы жарық көрді. Қазақ халқының әр кезеңдегі ұлы қайраткерлеріне арналған Мүсіреповтің “Ақан сері — Ақтоқты”, Ақынжановтың “Ыбырай Алтынсарин”, Мұқановтың “Шоқан Уәлиханов”, Тәжібаевтың “Майра” пьесалары да отандық драматургияның ірі жетістіктері болды. Ұлы Отан соғысы мен одан кейінгі кезеңдегі өмір болмысын суреттейтін Әуезовтің “Сын сағатта”, Ә.Әбішевпен бірігіп жазған “Намыс гвардиясы”, Әбішевтің “Достық пен махаббат” пьесалары халқымыздың басына түскен ауыр кезеңдерді бейнелейді





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет