Xx ғ. б. қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттардың ерекшелігін саралаңыз


ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің 1990-жылдарға дейін зерттелу жайын қарастырыңыз



бет18/96
Дата25.12.2023
өлшемі400,45 Kb.
#199233
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   96
Байланысты:
соңғысы ХХ ғасыр нақты номерленген.

ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің 1990-жылдарға дейін зерттелу жайын қарастырыңыз.

XX ғасырдың бас кезіндегі әдебиетке арналған алғашқы оқулық-зерттеу еңбек - Сәбит Мұқановтың "ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті" (1932) атты кітабы. Автордың өзі атап көрсеткендей зерттеудің басты мақсаты: "Тың жатқан мәселеге із салып, пікір көтеру, сонымен қатар материалды системаға келтіріп, жол ашу" болды. Сондықтан да "Тыңнан қозғалған мәселе болғандықтан кей жері кем, кей жері үстірт…" бұл еңбек уақыт ырқынан шыға алмай, замана ығына жығыла жазылды. Онда ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің кейбір ірі өкілдері мен олардың көрнекті шығармаларына таптықидея түрғысынан назар аударылып, бір жақты қарау басым жатты. Сонымен бірге қазақ әдебиеттану ғылымының балаңдығы және әдеби мұралар мен көркем шығармалардың толық жиналып, жүйеге түспегендігі де аз зиянын тигізбесе керекті. Әйтсе де, алғашқы зерттеу еңбектің тыңға түрен салып, мәселені алғаш болып көтеруі, алғаш рет кең көлемде сөз етуі кейінгі зерттеулердің жазылуына түрткі болғаны даусыз.
Кейінгі жарық көрген еңбектердің ішінен XХ ғасырдың бас кезіндегі әдебиетті танып білуде Е.Смайыловтың "ХX ғасырдағы қазақ әдебиеті" (1941), Б.Кенжебаевтың "Қазақхалқының XX ғасыр басындағы демократ жазушылары" (1958), "XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті" (1976), М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты шығарған "Қазақ әдебиетінің тарихы" II том, 2-кітап (1965), "ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті" (1994), Ы.Дүйсенбаевтың "Сұлтанмахмұт Торайғыров" (1967), Б.Шалабаевтың "Қазақ прозасының тарихы" (1968), С.Қирабаевтың "СпандиярКөбеев" (1958), "Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері" (1995), Т.Кәкішевтің "Сын сапары" (1971), "Қазақ әдебиеті сынының тарихы" (1994), Ә.Дербісәлиннің "Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті" (1966), "Дәстүр мен жалғастық" (1976), Т.Әбдірахмановтың "Жаңа ғасыр көгінде" (1969),"Таланттар тағылымы" (1988), Ш.Елеукеновтің "Мағжан"(1995), Р.Нүрғалидің "Әуезов және алаш" (1997), А.Еспенбетовтың "Сұлтанмахмұт Торайғыров" (1992), З.Бисенғалиевтің "ХХ ғасыр басындағы қазақ романы" (1997), Б.Әбдіғазиұлының "Шәкәрім шығармашылығының дәстүрлік және көркемдік негіздері" (2000) тәрізді зерттеулердің маңызы өте зор.
Жалпы XX ғасыр басындағы әдебиеттің келелі мәселелеріне арналғанмен әр кітаптың жазылуындағы өзіндік мақсаты мен мүддесі әрқилы. Бір зерттеушілер шоғыры (Ы.Дүйсенбаев, С.Қирабаев, Ш.Елеукенов, А.Еспенбетов, Б.Әбдіғазиұлы т.б.) өз зерттеулеріне сол кезең әдебиетінің жекелеген өкілдерінің өмір жолы мен творчествосын арқау етсе, екінші бір зерттеушілер ХХ ғасырдың басындағы әдебиеттің жалпы даму бағытын айқындау тұрғысынан (Б.Кенжебаев, Ә.Дербісәлин, Р.Нұрғалиев т.б.) қарастырды. Зерттеушілердің үшінші тобы белгілі бір жанрдың қалыптасу, даму сипатына зер салды (Б.Шалабаев, Т.Кәкішев, Т.Әбдірахманов, З.Бисенғалиев). Әдеби дәстүр, жаңашылдық мәселелерін сөз етушілер де болды (Нұрқатов А. т.б.).
Кезең әдебиетін зерттеудегі үлкен бір белес ретінде Бейсенбай Кенжебаевтың "XX ғасыр басындағы қазақәдебиеті" оқулығын (1976) атауға болады. Еңбек авторы XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне тән ерекшеліктерді, күрделі-күрделі мәселелерді жинақтап, топтап сөз ете отырып, тұтас бір әдеби кезеңнің өзіндік сыр-сипатын тануға ұмтылған. Оқулықтың ғасыр басындағы әдебиетті тану мен танытудағы көтерер жүгі қомақты. Ғалым-зерттеуші XХ ғасыр басындағы әдебиетті тұтас бір құбылыс ретінде ала отырып, соның ішінде ағартушы-демократтық бағытқа толығырақ тоқталып, осы бағыттың өзіндік ерекшелігін жан-жақты ашыпкөрсетті.
Жалпы жоғарыда аталған еңбектердің 90-жылдарға дейінгілерінде уақыт ағымына байланысты "жабулы қазан жабулы" күйінде кетіп, айтылмай қалған, әдейі бұрмаланған жерлер жетерлік. Ол еңбектер қалыптастырған көзқарастар, жалпы алғанда, XХ ғасыр басындағы әдебиеттің өрісін айқындауға, даму ерекшелігін тануға, тіпті жеке творчестволық тұлғаларғадеген пікірлерді белгілі бір қалыпқа салып, шығармашылық болмысын толыққанды түрде ашуға мүмкіндік бермеді.
Қазан төңкерісінен кейінгі жүйе бойынша өз ұлтымыздың, өз тарихымыздың өткенін сүзгіден өткізіп, екіге бөлдік. Жүрт қамын ойлаған Шәкәрім Құдайбердиев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаевтай ұлыларымызды ұлтшылға айналдырып, ел санасынан өшіруге ұмтылдық. Солар бастаған, байытқан әдебиетті тарихтың тереңіне тығып тастап, ұлттық әдебиетіміздің тарихын "ақтаңдаққа" айналдырдық. Олар жасаған мол мұра өздерімен бірге тарих доңғалағының астынатапталып, мәңгі жарық көрместей болды.
Елінің азаттығы жолында күрескен, "ұлтым" деп еңірепөткен ерлер мұрасы буржуазияшыл-ұлтшыл аталып, тек датталумен келді. Саясатта шаруасы жоқ, Шығыс әдебиетіне еліктеп, соның үлгісінде шығарма жазған саңлақтарымызескішіл атанып, ескерусіз қалды. Мәселен әдеби мұрамыздың ең бір бай саласы - қиссашыл ақындар шығармашылығы діншілдік бағыттағы шығармалар деп танылып, надандықты насихаттаған, өткенді аңсаған кертартпа әдебиет өкілдері ретінде бағаланды. Мұсылмандық әлемге, шығыстық дүниеге бой түзеп, үлгі алғандар шығармашылығындағы діни таным - адами тәрбие, адамгершілік пен адалдыққа жетелеген өнеге екендігі ескерілмеді. Олардың рухани тазаруға үндеген озық ойлары кері кеткен пікірлер ретінде бағаланды. Қазан төңкерісінен кейінгі уақытта діни мән-мағынасы бар әдебиет нұсқаларымен күресу мәселесі қатты қолға алынды. Осы күрес "нәтижесінде" Ақылбек бин Сабал, Шәді Жәңгіров, Мәулекей Жүмашев, Жүсіпбек Шайхисламов,Мұса молда, Мақыш Қалтаев, Нұржан Наушабаев, т.б. ақындар қазақ әдебиетіндегі өзіне лайық орындарын ала алмай келген-ді.
1988 жылдан бергі уақытта А.Байтұрсынов, М.Дулатов,М.Жұмабаев тәрізді тоталитаризм құрбанына шалынған әдебиетіміздің алыптары туған елімен қайта қауышты. Содан бастап ХХ ғасырдың бас кезіндегі әдебиетке деген жаңашакөзқарас қалыптаса бастады. Осыған орай ХХ ғасыр басындағы әдебиетті жоғары оқу орындарында оқытуға да жаңа тталаптар тұрғысынан қарау керек.
XX ғасыр кезіндегі қазақ әдебиеті дегеніміз 1900-1920жылдар аралығындағы мерзімді қамтиды. Бұл кезеңдегі әдебиетті кейбір зерттеушілер 25,30-шы жылдарға дейін созыпжүр. Бірақ тарих шындығынан ешкім асып кетпек емес. 1920 жылы 4 қазанда Қазақ АССР-і құрылғаннан кейінгі уақыттаҚазақстан жеріндегі бүкіл идеологиялық жүйе басқа бағытқа бет алғаны, әдебиетіміздің көрнекті өкілдерінің көбі, әсіресе,XX ғасыр басындағы әдебиетке елеулі үлес қосып, әдеби бағыты айқындалып, шеберлігі жетілген ақын-жазушылардың әдеби шығармашылықпен тиіп-қашып ғана айналысқаныбелгілі. Ендеше ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиетті жиырмасыншы жылмен аяқтап, одан кейінгі әдебиетті кеңестік әдебиет деп тануымыз керек.
XX ғасыр бас кезіндегі әдебиет жалпы қазақ әдебиеті тарихындағы ең бір жемісті де түрлі ізденістер мен қайшылықтарға толы кезең болып табылады. Сондықтан да қазақ әдебиеті тарихын оқытудың күрделі проблемалары осы тұсқа жинақталған. Мұның басты үш себебі бар. Біріншіден,жазба әдебиеттің мейлінше өркен жайған тұсы, екіншіден, әртүрлі әдеби ағымдар мен бағыттардың айқындалған кезеңі, үшіншіден, әдеби жанрлардың әр саласында әдеби-көркемдік ізденістердің белең алған тұсы. Сондықтан да осы 1900-1920 жылдар аралығындағы әдеби-көркем шығармалар мен көрнекті ақын-жазушылардың шығармашылығын жан-жақты қарастыру әдебиетімізде бар дәстүрлердің дамуы мен жаңашылдықтың негіздерін тануға, кейінгі әдебиеттің өркендеуінің түрлі реңктерін айқындауға, бұрынғы-кейінгі әдебиеттің жетістіктерін терең зерделеуге мүмкіндік туғызады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет