Бекет Өтетілеуов (1883-1949). Қостанай өңірінде дүниеге келген. Орысша оқып, орыс мәдениетін, орыс әдебиетін жете меңгерген. Орыстың реалистік әдебиетінен нәр алып, аудармамен айналысып, ұстаздық қызметі мен аудармашылықты ағартушылық жолына пайдаланды. А.Пушкин, М.Лермонтов, K.А.Жуковский т.б. аударған өлеңдерінде көркемдік белгілер бар. И.А.Крыловтан ("Көкек пен көгершін", "Мұжықтар мен өзен", "Ысырапқор мен Қарлығаш", "Бұлбұлдар", "Бала мысық пен қара торғай", "Бүркіт пен өрмекші", "Бай мен етікші", "Түлкі мен жеміс", "Піл мен қанден", т.б.), И.И.Хемницерден ("Құмырсқа мен дән") аударған мысалдарынан өзіндік қолтаңбасы танылады. Б.Өтетілеуов аудармалары түпнұсқаға өте жақын. Аудармаларын көбіне қазақы өлең жүйесіне салып жасайды. Б.Өтетілеуовтің"Дүние ісі ақыретке кетпес" (Қазан, 1912), "Жиған-терген" (Орынбор, 1914) жинақтарының қазақ әдебиетінен алар өзіндік орны бар.
Оның төл туындыларында ағартушылық бағыт басым боп келеді. Ақын әлеуметтік теңсіздік көре білді. Байлардың озбырлығын, надандығын әшкереледі ("Қазақтың байлары мен нашар көршілері" т.б.). Елдің қараңғылық күйіне жаныкүйзеліп, оқу-білімге шақырды ("Болғанда сыртың бүтін, ішің түтін" т.б.). Жаман, кертартпа қасиеттерден жиренуге, жақсы қасиеттерді үйренуге үндеді ("Данышпан қазы" т.б.). Бір қатар өзіндік шығармаларында ой оятар пікір мол кездесіп, көркемдік деңгейі жоғары болып келеді ("Өмірдің үш басқышы", "Хат", "Жалғыздың өмірі", т.б.).
Б.Өтетілеуов шығармашылығына тән басты белгі - барлық шығармалары ағартушылық оймен ұштасып жататындығы.
Тайыр Жомартбаев (1984-1937). Абай елінде туып, Абайөлеңдерімен ерте танысып, Абай өнегесінен үлгі алып өскен.Жастайынан Абай поэзиясына сусындап, "болмасаң да ұқсапбақ" үлгісімен еліктеп өлең жаза бастаған. Есейе келе қазақтың басқада ақын-жазушыларының, орыс классиктерініңшығармаларын оқып-үйренеді. "Ғалия" медресесінде оқыған.1912 жылы Семейдегі "Жәрдем" баспасынан "Балаларға жеміс" жинағы, "Қыз көрелік" үзақ әңгімесі басылып шығады.
"Балаларға жеміс" жинағының басты тақырыбы - оқу-білімге, өнер-ғылымға шақыру. Оның өлеңдерінің көбі тікелейбалаларға арналып жазылып, онда оқудың мәнін түсіндірубасым болып келеді. Өлеңдерінің көбі ("Мектеп ішінде","Мектепке шақыру", "Балаларға насихат", "Балаларға өнеге") Ы.Алтынсарин шығармаларымен үндесіп жатады. "Иждиһатты бала", "Жалқау бала" өлендерінде балалардың өз өмірінен ала отырып, салыстырмалы образдар арқылы жақсы менжаман айырмашылығын өте әсерлі бере біледі. Ол Л.Толстойдың балалар тақырыбына жазған өлендерін де аударған.
Т.Жомартбаевтың "Қыз көрелік" атты үзақ әңгімесі бар. Басты кейіпкер - Ғайникамалды білімді, оқыған жан ретінде бейнелеп, сол арқылы жастарды оқу-білімге үндейді. Көзі ашық Ғайникамалдың өз құрбыларын қараңғылық торын бұзуға, оқу мен өнерге шақыруы арқылы жазушы ескілікке, қалың малға қарсы күресте басты қару оқу-білім екендігін дәлелдеуге тырысады. Бұл ұзақ әңгіменің өзіне тән көркемдік-эстетикалық жетістіктері баршылық. Соның бірі - фантастикалық шығармаларға тән құбылыстардың араласып келуі. Бірақ шығармада өмірдің нақты шындығы көп көрініс таппайды. Толғақты мәселені көтере білгенімен, шығарманың өнбойында схематизмге бой үру көрініс береді. Образ жасау мен характер ашуда да автор үстірттікке ұрынған.
Достарыңызбен бөлісу: |