Сәбит Дөнентаев (1894-1933). Кереку өңірінде дүниеге келген. "Уақ-түйек" (1915) - алғашқы өлеңдер жинағы. Поэзиясының басты тақырыбы - әлеуметтік теңсіздік. Ақын өлеңдерінде сыншыл реалистік сипаттар басым келеді ("Заман кімдікі", "Бозторғай", "Менің жайым"). 1917 жылғы февраль революциясын шынайы түсінді ("Бостандық"). Ақынныңшығармашылық ғұмырнамасын дәуірлеудің басты белгісі ақынның көзқарас эволюциясы. Шығармашылығының басты бағыты - ағартушы-демкораттық бағыт. 1920жылға дейінгі аралықтағы поэзиясында үлтжандылық сарын бар ("Адасыппыз", "Сарыарқа анамызға" т.б.). Кеңес дәуіріндегі ірі өзгерістерді де поэзиясына арқау ете білді.
Сәбит қазақ поэзиясындағы мысал жанрының дамуынаайтулы үлес қосты ("Бозторғай", "Ыбылыс пен шайтан", "Ауырған Арыстан", "Екі теке", "У жеген қасқырға", "Көзі тоймайтын ит" т.б.). Ақын мысалдарының тақырып өзегінің арналары әр-алуан. Ақынның шығармашылығынан өлең-фельетондар да орын алады. Сәбит публицистикасының тақырып ауқымы өте кең. "Көркемтай" атты әңгімесінің көркемдік жетістігі айтарлықтай.
Кеңес тұсында біраз шығармашылық ізденістерге барды. Алғашқы тұста біраз тосылып, 1924 жылдан бастап шығармашылық белсенділігі арта түсті. Революция жеңістерін, кеңесөкіметі әкелген жетістіктерді жырлады. С.Дөнентаев поэзиясында өзіне тән ойшылдық сипаттар да кездеседі ("Қиял", "Ой"). Ақындық қолтаңбасының өзіндік ерекшелігі ретіндеоқиғалы шағын өлеңге шеберлігін айтуға болады.
Мұхамеджан Сералин (1872-1929). Қостанай облысында туып өскен. Мұхамеджан Сералин - XX ғасыр басындағы қазақ халқының үлкен қоғам қайраткері, белгілі санаткері,көрнекті ақыны, танымал көсемсөзшісі. Қазақша-орысша білімді болған. Оның ("Топ жарған" (1900), "Гүлкәшима" (1903)) поэмалары қазақ жазба әдебиетіне елеулі үлес болыпқосылды. М.Сералин өлеңдері қазақ өмірінің, әлеуметтік тұрмысының шындығын танытады ("Бай, патша һәм кедей", "Бай, қасқыр, аңшы" т.б.).
"Топ жарған" поэмасында Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілістің нақты шындығы көрініс табады. Поэманың басты кейіпкері Адай жігітінің бостандықты көксеген ой-арманы Кенесары көтерілісімен желілес беріледі.
М.Сералиннің "Гүлкәшима" атты шығармасы (1903) - қазақ өмірінен алынып жазылған лирикалық поэма. Поэманың негізгі идеясы бас бостандығын аңсаған жастар мен әйел теңсіздігін жырлау болып табылады. "Гүлкәшима" поэмасы -махабатты жырлауда жазба кәсіптік әдебиет деңгейінде жазылған, өмір шындығын нақты көрсететін шынайы көркем туынды. Поэмада жекеленген бөлімдердің жүйелігі мен тұтастық желісі бар.
М.Сералиннің журналистік қызметі "Айқап" журналыншығарумен тығыз байланысты. Журналдың бас редакторы ретіндегі идеялық көзқарастарының қазақ ұлтының санасын оятуда мәдени-эстетикалық маңызы бар. М.Сералин - көсемсөзші ретінде өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан қаламгер. Журналдың қазақ мәдениеті мен әдебиетін дамытудағы іс-әрекеттерінде М.Сералиннің басшылық қызметінің әсері мол болды. Өзінің жеке мақалаларында ("Аштық хаһында", "Келешек заманымыздың қамы", "Қазақ халқының мұң-мұқтаждығы", "Қазақ жастары", "Отырықшыболған қазақтар туралы" т.б.) қазақ қауымын" жоғын жоқтап, отырықшылдық, оқу-ағарту секілді басты мәселелерді нақты көтерді.