Xx ғ. б. қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттардың ерекшелігін саралаңыз



бет26/96
Дата25.12.2023
өлшемі400,45 Kb.
#199233
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   96
Байланысты:
соңғысы ХХ ғасыр нақты номерленген.

Түпнұсқа :
...Разгадай:
Почему люди тянутся к звездам!
Почему в наших песнях
Герой - это сокол!
Почему все прекрасное,
Что он создал,
Человек, помолчав.
Называет - Высоким!
Аударма :
… Неліктен
Жуық жұлдыз ұран бізге?
Неліктен
Жыр арқауы - қыран түзде?
Неліктен
Сұлулықтың асқақ бәрі?
Неліктен?
Жауап бере жырауды ізде!
Аударманы талдай отырып, түпнұсқа 7 жолдан, ал аударма 8 жолдан тұратынын айқын көруге болады. Аударма сөзбе-сөз емес, еркін түрде жасалған. Түпнұсқада «почему» сөзі 3 рет айтылса, аудармада «неліктен» сөзі 4 рет қайталанып, оған сәтті табылған эквивалент болып тұр. Бұл авторлық стиль, яғни, автордың таңдаған әдісі десек те болады. Аудармашы мұны аудармада сәтті сақтай білген. «Тянуться к звездам» дегенді «жұлдыз ұран бізге» десе, «песня» - «жыр» болып еркін аударылса да, орынды деп есептейміз. Ал соңғы 2 жолына келетін болсақ, аудармашы толығымен еркіндікке бет бұрған.
Бұнымен менің айтпағым, жалпы мына 1960-1990 жылдардағы поэма жанры да оны қазақ тілге аудару үлгісі де өте жоғары деңгейді бағындырды. Дәл осы дәуірдегі шығармалар осысымен ерекшеленді.



  1. Тәуелсіздік кезең әдебиетіндегі жанрлық-көркемдік ізденістерді бағамдаңыз.

Ең алдымен бұл дәуірдегі жаңашыл ізденістер мен жанрлық тұрғыда топтастыруымызды сарамалап алайық.
Оны біз былай топтастырсақ болады:
•әңгіме жанры
•прозаның қалыптасуы
•қазақ жастар поэзиясы немесе жаңа замар поэзиясы.
Енді осы тұрғыдан ерекшеліктерін жіктемелеп көрсетейік.
1. Қазіргі қазақ прозасының, оның ішіндегі әңгіме жанры стильдік тұрғыдан болсын, тақырыптық тұрғыдан болсын барынша жаңаша түр алды. Әдебиетке енді ғана келген жас жазушылар кеңестік реализм шаблонынан шығып, тың қазақ прозасын қалыптастыруға талпынып жатқаны байқалады. Бұл үрдіс ХХ ғасыр соңында алпысыншы жылғылардың да, алтын көпірліктердің де шығармашылықтарынан анық көрінген. Бірақ, бұл екі топтың алғашқысы стильдік өзгешеліктерге аса мән бермеген еді. Олар ескіше жазуымен тың тақырыптар қозғады. Ал алтын көпірліктер алдыңғы буын қалыптастырған тың тақырыптарды өзгеше жазу стилінде жеткізді. Ал әдебиетке енді келген жас буын алдыңғы екі толқынды да өзіне сіңдіруге талпынып жатыр.
Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізуі ұлттық әдебиетіміздің қайта жаңарып, идеялық-тақырыптық деңгейі кеңеюіне жол ашты. Сонымен қатар еліміздің әлеуметтік өмірінде қоғамдық- саяси шешуші рөл атқарған қазақ әдебиеті тарихының ақтаңдақ беттері – 1986 жылғы “Желтоқсан”, 1989 жылғы “Семей
полигоны”, “Ауғанстан” тақырыптарына қазақ жазушыларының еркін шабыттана жазуының арқасында біраз көркем прозалық шығармалар дүниеге келді. Бұл қазақ әдебиетіне енген жаңалық екенін айтпасақ та түсінікті. Ендеше, бұл мақалада тәуелсіздік кезеңіндегі әңгіме туындыларын идеялық-тақырыптық жағынан талдап, ерекшеліктерін талдайық.
Қазіргі қазақ прозасы, оның ішіндегі әңгіме жанры – ұлттық және жалпы әлемдік әдеби үдеріс қозғалысы жүйесіндегі шығармашылық еңбектің нәтижелері болып табылады. Қазақ тарихының кезеңдерін қамтыған алдыңғы толқын суреткерлер ізімен кесек туындылар жазған кейінгі толқын қаламгерлер шоғыры қазіргі қазақ оқырмандарының ұлттық-тарихи санасын оятуға, жаңаша қалыптастыруға ықпалын тигізері сөзсіз. Осындай жаңашылдық тек тың идеялық-көркемдік ізденістер нәтижесінде келеді. Табысқа жету үшін тақырыптың жаңашылдығы жеткіліксіз. Жаңалық жазушының белгілі бір идеяны жеткізу ерекшелігінен, өмірге деген көзқарасынан, көрген-білгендерін ой-санасында қорыту мен оны суреттеу ұстанымдарынан, әлеуметтік талдау пайымынан аңғарылмақ. Бұған сюжет, композиция құру, кейіпкер таңдау, мәтіндегі сөз таңдау, сөз әрлеу тәрізді суреткердің дара стиль өзгешеліктері де жатады. Алайда, әр автордың жаңалығы мол тың шығарма тудыруға ұмтылысы әрдайым дәстүр сабақтарымен астасып жатқанда ғана жемісті. Тәуелсіздігіміздің бастауы болған Желтоқсан көтерілісі – еліміз егемендік алғанға дейінгі тыйым салынған, “жабық” тақырыптардың бірі болып келді. Талай қазақтың қыз-жігіттерін қыршынынан қиған, жазықсыз жандардың көз жасынан тұратын бұл тақырыпқа біраз жазушылар қалам тарқаны белгілі. Әңгіме-повестерде бұл тақырыпқа – А.Алтай, М.Байғұтұлы, Қ.Түменбай мен Ж.Қорғасбектер тыңнан түрен салды.
Соған дәлел: Мархабат Байғұттың “Жоғалған жұрнақ” атты әңгімесінде 1986 жылы сотталып, қоғамнан аластап, шеттетілген, желтоқсан қасіретінің құрбаны болған жас жігіттің тағдыры бейнеленген. Қаламгер бұл образ арқылы ұлтсыздану мен жаһандану қасіретіне душар болған жоғалған ұрпақ трагедиясын суреттеген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет