Xx ғ. б. қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттардың ерекшелігін саралаңыз



бет27/96
Дата25.12.2023
өлшемі400,45 Kb.
#199233
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   96
Байланысты:
соңғысы ХХ ғасыр нақты номерленген.

Асқар Алтайдың “Прописка” атты әңгімесінің тақырыбы да желтоқсан. Әңгіме Арқат есімді жігіттің жеті жылдан кейін өзінің туған ауылына қайтып келуінен басталады. Мұндағы мақсаты паспорт үшін пропискаға тұру әрі желтоқсан оқиғасына қатысты қудалаудан бассауғалау болатын. Бірақ жолдың бойында жолаушы тиеген автобус омбы қар мен боранның кесірінен аударылып қалады. Автобус қайтадан жолға шыққанымен Ертіс өзенінің арғы бетіне өте алмай кейін қайтады. Урбанизация қалаға қуған қазақ ұлтының наласы мен шері, пропискаға отырудың соры. Алайда бұл жеке бастың қайғысы емес, бүкіл қазақ қоғамының басына түскен ауырпалықты таңбалайды. Ол – қазақ қоғамындағы ащы шындық.
Бұнымен қазақ әңгімесінің сипаты, тақырыбы шектелді деуге келмейді. Мәселен: құндылықтар сөз болды. Ұлт әдебиетіне ортақ жаңа сапалар, өлшемдердің елеулісінің бірі – қазіргі қазақ прозасының идеялық сипаты. Біздің басты назар аударатынымыз да бұрыннан бар тәсілдің қазіргі заманғы жаңа болмысты прозадағы өзгеше жаңғыруы мен түрленуі болмақ. Осы тұрғыдан алып қарағанда, М.Мағауиннің алып отырған идеялық сипат – Қасқыр – Бөрі. “Қасқыр – Бөрі” атты шағын әңгімесі өзінің құрылымдық жағымен ерекшеленеді (Адамзат өркениеті-тарих және қазіргі заман, 2005: 266)
Шағын әңгіменің “Қазақтың қасқыры – қасқыр емес, шене, құрт кезінде, яғни бағзы заманда әлемдегі ең айбарлы аң болған” дейтін бастауынан бастап бабамыздың байрағына түсіп, жүрек пен рухтың, қайтпас ерліктің ұранына айналған боз құрт, шене туралы толғанысы назар аудартады.
Соның тағы бір мысалы ретінде Д.Рамазанның “Көкжалында” адам және табиғат арасының арпалысы ешбір бояусыз, бар қалпында суреттеледі. Олардың байланысының үзіліп қалуы адамның кінәсынан екенін ашып айтылады. Мұнда да астар байқалады, демек, табиғатты күштеп бағындыруға болмайды, оның да өз заңдылығы бар, онымен санасу керек.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қазақ прозасының біршама тоқырап қалғаны рас еді. Әрине, бұл кезеңдерде алдыңғы буын өкілдер болды. Бірақ, олардың да қаламдары біршама тосылып, жаңылыңқырап қалған жайы бар. Бұл кезеңдерде нағыз жаңалыққа, еркіндікке жаны құмар жазушылар ғана өз биіктерін ұстап қала алған. Қазақ әңгімелерінің көркемдік деңгейін көтеруге Ш. Мұртаза, М. Мағауин, Қ. Жұмаділов, Б. Нұржекеұлы, Т.Нұрмағамбетов, Қ. Түменбай, Ә. Тарази сынды қаламгерлер үлес қосты. Осылардан кейінгі толқын әдебиетке кешеуілдеп келді. Өйткені, алдыңғы буын ағалардан жол күтті. Ал алдыңғы буын біршама жолын салып та берген еді. Әдебиетке кеңес өкіметі тұсында келіп, сол кезеңде қалыптасқан жазушылардың көтерген және көтеріп жүрген жалпылама тақырыптары мыналар: кешегі өкіметтің жауыздығы мен жалғандығы, біршама деңгейдегі культтік тақырыптар, тәуелсіздіктің алғашқы кезеңіндегі халық басынан кешкен қиыншылық, біршама деңгейдегі тарихи тақырыптар. Бірақ, мұның өзінің астарында кешегі өкіметке, патшалық ресейге деген ашық қарсылық пен жеккөрініш жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет