Жаңашылдық дегеніміз - сол дәстүрге сүйене отырып, оны жаңа бірнәрмен толықтыра отырып, соның бастауынан тағы бірөрістерге қарап арна тартатын соңғы үрдіс. Ол арна бірте-бірте аңғарынкеңейтіп, өркенін жайып, тамырын тереңдетіп, өмірге нығырақ, берігірек орныққан кезде, өзі де дәстүрге айналады.
Қазақ өлеңіне айтатындай тамаша реформа жасаған ақын - Абай. Б.Кенжебаевтың анықтауы бойынша, «Абай 17 өлеңнің шумағын, ұйқасын жаңаша, өзінше қиыстырды». Бірақ ол өзінің осы реформасы арқылы қазақ өлеңінің силлабикалық сипатын өзгертті ме? Жоқ, өзгерткен жоқ. Қазақөлеңінің шумағын, ұйқасын ғана емес, буынын да түрлендіре тұра, осыныңбәрін оның табиғи топырағынан өсіріп шығарды. Абайдың шын мәніндегіжаңа пішін етіп қалыптастырған өлең өлшемдерінің бір алуаны түптепкелгенде өзге емес, өз әдебиетімізде- қазақ фольклорында- қазақтың байырғымақалдары мен мәтелдерінде жұмбақтары мен шешендік сөздерінде, жырларымен толғауларында жатыр. Сөзіміз жалаң болмас үшін, бірнеше мысалкелтіріп өтейік:
Бойы бұлған,
Сөзіжылмаң... - (Абай)
Апан-апан,
Ескі шапан…(Фольклор)
Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп…(Абай)
Жақсылаң үйрен
Жаманнан жирен…(Фольклор)
Көзімнің қарасы,
Көңлімнің санасы…(Абай)
Жақсыдан шарапат,
Жаманнан кесапат…(Фольклор)
Қамықты көніп -
Қайтсе болар жеңіл?(Абай)
Досы көппен сыйлас,
Досы жоқпен сырлас.(фольклор)
Бұл мысалдар, біріншіден, Абайға дейінгі қазақ өлеңінің өлшемі екі-ақтүрлі (жеті буынды жыр мен он бір буынды қара өлең ғана) дегентұжырымның үшқарылығын танытса, екіншіден, Абай жаңашылдығының еңелеулі сипаты өзіне дейінгі игі дәстүрлерді заңды жалғастыра келіп, жаңаөріске алып иуғуында екенін аңғартады. Абай өзінің мазмұн жағынан да,пішін жағынан да жаңа поэзиясының түп тамырын алдымен туған топырағынатерең бойлата сіңіріп жіберген де, бейнелеп айтсақ, жаңа үнмен жамырағанжасыл жапырақтарын содан соң барып жайқалтқан. Абай жаңашылдығының табиғилығы мен ғұмырлылығы осында жатыр. Қазақ өлеңіне бұрын-соңды буын өлшемі жөнінен қосылған жаңалықтарға осы тұрғыдан қараған орынды. Жалпы дәстүр, оның ішінде поэзиядағы дәстүр де дамиды, өзгереді,өседі, жаңарады. Бірақ, бұл үшін көбінесе халықтың тіршілігінде, өмірінде,санасында, көркемдік дүниетанымында жаңа бетбұрыс, үрдіс даму болуықажет. Абай дәстүрінің Шәкәрімшығармашылығындағы жалғастығын зерттеген ғалым Б.Әбдіғазиевтің пікіріннегізге алсақ: «Абай дәстүрі - қазақ әдебиетінің даму тарихында заңдыжалғасын тауып, жан-жақты байып келе жатқан асыл арна», - дейді. Қазақ әдебиеті тарихында Абайдың әдеби мұрасын жоғары бағалап,алғаш пікір білдірген қалам қайраткерлері - Алаштың ардақты азаматтары.
XX ғасырдың басында-ақ Алаш арыстарының бірі Ахмет Байтұрсынов Абайға «қазақтың бас ақыны» деп, ал Мағжан Жұмабаев «хакім ақын» деп,Сұлтанмахмұт Торайғыров «ақындар пайғамбары» деп лайықты бағаларынберген болатын. Қазақ әдебиеттану ғылымында Абай дәстүрі көп зерттелді.Әлі де зерттеліпп жатыр. Ежелден күрмеуі қиын, алып тынысты, кең ауқымдысала болғандық ан, зерттеуін жалғастыра береді деген ойдамыз. Абай дәстүрі туралы. М. Әуезов, С. Мұқанов, Е. Ысмайылов, Ы. Дүйсенбаев, А. Нұрқатов, Қ. Мұхамедханұлы, Ы. Мұстамбаев, Ә. Жиреншин, З. Ахметов, М. Базарбаев, З. Қабдолов, Т. Кәкішев, М. Мырзахметұлы, Ж. Ысмағұлов, Б. Әбдіғазиев т.б.ғалымдар әр қырынан зерттеп, ақын салған сара жолдың кейінгі қазақ әдебиетінің дамуына, әдеби үрдістің жалғасуына тигізген игі ықпалын көрсетті. Абай дәстүрінің кейінгі поэзияға әсері жөнінде арнайы монографияжазып зерттеген ғалым А.Нұрқатов өзінің «Абайдың ақындық дәстүрі» аттыеңбегінде: «Шын мәнісінде халықтық бағыттағы, таланты сау, ниеті таза,мақсаты айқын қаламгерлердің қай-қайсысы да дәуір талабын батыл сезінумен сол жайында толғануды, алға және алысқа көз тігуді Абайдан үйренді.Сөйтін олар Абай дәстүрін дамыта отырып, оның поэзиялық халықтығын,өзекті принир терін дәуір талабына сай өрбіте, тереңдете түсті, қазақ әдебиетін онан әрі өсірді, оны жаңа тақырыптармен байытып молықтырды, сол заманда өмір ағысы алға тартқан күрделі мәселелерді қозғай да, шеше де білді»,-дейді.Абай дәстүрінің сан салалы, өте күрделі екенін айта келіп белгілі ғалым Ж.Ысмағұлов кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетіне Абайдың тигізген ықпалы жайында сөз қозғау мүмкін болмағанын ескертеді. Қазақ әдебиеті тарихында Абай дәстүрінің алдыңғы шептен орын ала алмағанының бірнеше себебін түсіндіреді. Бұл тақырыпты арнайы қолға алып, артына көлемді еңбек қалдырған ғалым Айқын Нұрқатов екенін айтады. Абай дәстүрін
жалғастырған Алаш ұранды қаламгерлер жайлы А.Нұрқатовтың жаза алмағанына Ж.Ысмағұлов өкініш білдіріп: «Бірақ, амал не, марқұм сол кездегі
қатаң тәртіп жағдайында, Абай мұрасының ең етене мирасқорлары – Алаш әдебиетінің өкілдері, яғни ХХ ғасыр басындағы ең шұрайлы кезең туралы да,
оның жаңағы аталған ұлы тұлғалары туралы да ауыз аша алған жоқ»,-дейді.Сол кездегі билеп тұрған саясат кесірінен Айқын Нұрқатовтың бұлтақырыпты жаза алмағанын айтып, Ж.Ысмағұлов: «Бұл тақырып қазіргіТәуелсіздік тұсында, біздің Әуезов институтында ғана там-тұмдап қолғаалынып отыр», деп зерттеудің қолға алына бастағаны жайын баяндайды.Бұл тақырып «Абайдың кейінгі дәуірде қазақ әдебиетінде жаңаша сипат алып қалыптасқан биік қоғамдық-эстетикалық идеялар, мақсат- мұраттар ұлы ақынға ілесе шыққан Шәкәрім, Сұлтанмахмұт, Мағжан, Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов сияқты қайраткерлердің шығармаларында әрқайсысының өмірдегі, өнердегі ұстаған бағыты, ізденістеріне орай өзгеше жарқын көрініс тапты. Қазақ мәдениетіне әдебиетіне халықтың рухани өміріне шексіз мол жаңалық әкелген осы ақындардың әрқайсысы Абайдың ағартушылық, демократиялық озат ой-пікірлерін, өнерпаздық дәстүрлерін өзінше жалғастырды».
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінде Абайдың дәстүрін тікелейжалғастырған ақындарды академик З.Ахметов атап көрсетеді: «Абайдың ұлыізашар ақын деп қарағанда оның шығармашылық дәстүрлерін дамытыпжалғастырған ізбасар ақындар деп, қазақ поэзиясының бір туар аса көрнектіқайраткерлерінен Шәкәрім Құдайбердіұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыров,Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовты алдыменайтамыз. Кең мағынасында Абай дәстүрлерін дамытқан деп, мысалы, Сәкенмен Ілиясты да, ал жеке бір қырларынан келсе М.Әуезовті де , кейінгі атақты ақындардың да қайсысын болса да алып қарауға мүмкін екені талассыз», «ХX ғасыр бас кезіндегі қазақ ақын-жазушыларының бүкілшығармашылығы Абай атты ұлы арнадан бастау алады. Сондықтан ХХ ғасырбасындағы әдебиетті сөз еткенде, Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Сұлтанмахмұт, Мағжан сынды ұлы тұлғалар поэзиядағы Абай салған дәстүрдің сан қырынашып, жанашылдықпен жалғастырғанын атап өту ләзім. Онсыз сол кездегіпоэзияның даму барысын, көтерілген биігін аша алмаймыз»,-деген ғалым Ө.Әбдиманұлының пікірі ойымызды растайды. XX ғасыр басындағы қазақтың бірқатар көрнекті ақындары Абайданүйренді, Абайды өздеріне ұстаз санады. Абай үлгісімен әлең жазды,халқының мұңын жырлады. Сол ақындардың ішінде «қараңғы қазақ көгінеөрмелеп шығуға» талпынған өршіл рухты шақырады.
Достарыңызбен бөлісу: |