30.1990-2000 жылдардағы ұлттық поэзияның дамуы туралы баяндаңыз Тәуелсіздік алғаннан кейінгі он жылда алдыңғы буын ақындарданӘ.Тәжібаев, Х.Ерғалиев, Д.Әбілев, C.Сейітов, Т.Әбдірахманқызы, Ә.Сәрсенбайұлы, Ғ.Қайырбеков, Қ.Шаңғытбаев, Ш.Әбенұлы, К.Салықов, E.Әукебаев, Қ.Мырза-Әли, Т.Молдағалиев, Ө.Нұрғалиев, С.Иманасов, М.Айтхожа, О.Асқар, А.Бақтыгереева, Д.Қанатбаев, Е.Дүйсенбай тағы басқа ақындар жаңа өлең, жаңа жыр жинақтарыменкөрінгені, орта буын ақындар арасынан Н.Оразалин, Т.Медетбек, Иран-ғайып, К.Ахметова, И.Сапарбай, Қ.Бұғыбаева, А.Егеубай, Н.Айтұлы, С.Тұрғынбекұлы, А.Әлім, С.Ақсұңқарұлы, Ұ.Есдәулет, Е.Раушанов, С.Адай, Г.Салықбаева т.б. жыр жинақтарымен қатар жаңа өлеңдері де жарияланды.
Алғашқы он жылда түрлі баспалардан әр түрлі ақындардың жүзден асакітаптары жарық көрсе, соңғы он жылдабұл көрсеткіш үш есеге өскен.Қазақ әдебиеті - бай, алып қазына Үлкен руханият. Кең байтақдаласындай үлкен көш. Бұл көштің басында сонау ықылымдардан сыртартатын, «күлдір-күлдір кісінетіп күрең мінген» жыраулар поэзиясыныңөкілдері туратын болса одан бермен қарай жалғасатын сөз зергерлерінің саны колсгіндей, олар тудырған інжу-маржандар да сондай көп. Осынауқазыналы көштің бел ортасында қазақ әдебиетіне өткен ғасырдыңалпысыншы, жетпісінші жылдары келген үркердей бір топ бар десек, солшоқжұлдыздай есімдердің қатарында Нұрлан Оразалин ерекше айтылады.Нұрлан Оразалин қазақ поэзиясына өз жаңалығымен, өз даусымен келгенақын.Өмірге деген шексіз сүйіспеншілік жырлары, әсіресе, Табиғат-Анамен астасып өрілгенде, оқырман еріксіз терең сезімдерге бөленеді. Оқырман өзжастық шағының тәтті бір қиял кезеңдерімен табысқандай болады. Олайдейтініміз, Нұрлан Оразалиннің ішкі нірімі терең өлеңдері зулатып оқып өте шыққанға көнбейді. Керенау оқырманға ішін ашпайды. Кері үтір,нүктелеріне дейін мән беріп шөкпей, «етегі-елпі, жеңі-желпі» малай жүріскесалыт ота шытатын, мүмкіндігі тапшы оқушыға тіпті алаң-құлаң ақындардың өзіне игерілмейді. Салалас ойлар сынығы кейінгі жолдарда күтіпжатады елен, өлең жазар, шабыт шақырар бір тұстағы қосастар ойға құрылған өлеңінде:
Шақырар мені
көгілдір көктем – бүршіктал,
қыздардың оттай жанары;
мөлдірімді менің,
ылайлап кеткен «қырсықтар».
Керім бір кезде,
көрінбей көзге қалады,
деп ойын, сезімін өлеңмен өрнектейді.
Бұл шындық па… Күрес пе?
Елес не
Ғасырлар, дәуірлер іздеген,
Сеземін, мәңгілік - егесте,
Сапары бітпейтін бізбенен!
Бұл өлеңнің дүние бітпей - бітпейтін, каны сірі жаралған жамандықатаулы жақсылықтан қалыспай, кейде алдыда, кейде іле-шала із бағыпұрпақтан-ұрпаққа мәңгілік жалғасып, қалып отыратыны кімнің де болсакөкей қылын дөп басын тұр. Қадыр Мырзалиев поэзиясы бұл дәуірдеайрынша төлығып, оның аты таңдаулы қазақ ақындарының қатарына кірді.«Ақ күміс қоңырау», «Домбыра», «Көш» т.б. жыр жинақтарыақынның әленді тақырыптап, қазақ өмірінің әрқилы сырына ой жібергенінкөрсетеді. Оның жырлары өмір жайлы толғаныстардан тұрады.
Адам күліп тумайды, туа сала күлмеді,
Үйренеді күлуді, бірақ күліп өлмейді.
Адам жылап туады, жатады жұрт жұбатып.
Және жылап туады, өзгені де жылатып.