«Термеге» жазған алғы сөзінде Міржақып: «Бұл өлеңдер мұнан алты- жеті жыл бұрын қазақта газет, қағаз журнал жоқ кезде жазылған еді. Сондықтан көбінесе оқып жүрген жастарға арналып, оларды ояту, білім-ғы- лымға үндеп, сол рухта жазылған. Бұрынғы күйінен артық өзгертпедім», - дейді. «Термеге» енген өлеңдерінің кейбірі алғаш «Қазақ» газетінде жариялағанын еске алсақ, Міржақыптың алғы сөзіндегі сөздері шындық. Ол уақытпен үндесе жазылған өлеңдеріне кейін түзету енгізбеген. Міржақыптың «Қиял», «Шәкірт», «Сағыну», «Елім-ай», «Потанинге», «Алашқа», «Жаңа тілек», «Қайда едің» т.б. өлеңжырлары алғаш «Қазақта» - жарияланып, қалың елге сол арқылы тарады.
Жалпы алғанда, Міржақып Дулатов поэзиясы қазақ әдебиетінде алғаш болып азатшыл сарынды алып келуімен, өршіл үнді азаматтық пафосымен ерекшеленеді.
С.Көбеев аудармаларының өзіндік ерекшелігін айқындаңыз.
Спандияр Көбеев 1878 жылы 1-октябрьде бұрынғы Торғай облысы Обаған болысында туған. Ол алғаш ауылдық мектепте, кейін Қостанайдағы орыс-қазақ мектебінде, мұғалімдер даярлайтын курста оқиды. Қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің шәкірті, әрі жолын қуушы Спандияр ұстазының дәстүрлерін бекем ұстанды. Ол революцияға дейінгі кезеңде әрі педагогтік, әрі жазушылық қызметпен шұғылданады. C. Көбеев өзінің сүйікті қызметінен - жас ұрпақты тәрбиелеу ісінен совет дәуірінде де қол үзбейді, бар саналы өмірін сол мақсатқа арнайды. Осындай зор, бағалы еңбегі үшін Ленин орденімен екі рет наградталды, ал 1947 жылы Қазақ ССР Жоғары Советіне депутат болып сайланды. Спандияр 1956 жылы қайтыс болды.
Спандияр Көбеевтің творчестволық іске ден қоюы оның ағартушылық қызметімен тікелей байланысты болған. Ол ел ішінде мұғалімдік, солардың ой-санасын оятуға көмектескен. Көбеев Пушкиннің «Дубровский» повесі мен Гогольдің «Өлі жандары» романының мазмұнын қазақшалап айтып беріп жүрген. Оны Крылов мысалдарымен табыстырған да - осы мақсат. Спандиярдың Крыловтан аударған қырықтан астам мысал-өлеңі 1910 жылы Қазанда Үлгілі тәржіма деген атпен басылып шыққан. C. Көбеев 1912 жылы Үлгілі бала атты хрестоматиясын бастырды.бұл кітапқа автордың бірсыпыра төл шығармалары мен орыс жазушыларынан аударған еңбектері енді. Ыбырайдың «Қазақ хрестоматиясы» үлгісімен жарық көрген «Үлгілі тəржіма» мен «Үлгілі бала» жинақтарындағы мысал өлеңдері мен əңгімелерінің қай- қайсысын болсын балаларға арналмады деп айта алмаймыз. ««Үлгілі тəржімаға» Спандияр жасаған 44 аударма жəне автордың «Мекен» атты бір өлеңі кіреді. Осы күнге дейін «Үлгілі тəржімəға» кірген 44 аударма түгелдей Крыловтан аударылған деген көзқарас басым болып келеді. Бұл көзқарастың қателігі, осы кітапқа кірген аудармаларды түпнұсқамен салыстыра отырып, толық қайта қарау үстінде анықталды. Біздің байқауымызша, «Үлгілі тəржімаға» Крыловтан аударған 37 мысал кіргізген. Қалған 7 мысал сол кездегі оқу құралдарында көбірек пайдаланылып жүрген көп авторға ортақ мысалдар (олар Ушинский, Л.Толстой жəне Ыбырай Алтынсариннің хрестоматияларында ұшырасады)
С.Көбеев көпшілік мысалдарын Кішіқұм ауылында мұғалім болып істеген кезінде аударған. Белгілі бір мысалдың аударылуына себеп болған жағдайлар да болған. Соның бірі — «Көлбақа мен Юпитер» мысалы. 1901 жылы ақын Ырғыз уезіндегі Толағай болысына қарайтын Кішіқұм дейтін жерге мұғалім болып барады. Он төрт шаршы метр шамасындай жер үйді мектеп етіп береді. Төбесіндегі жалғыз терезесінің көзі қарын, пеші жоқ, жер едені тегістелмеген, есігі орнатылмаған үй.
«Жығылғанға жұдырық» дегендей осы үйге Ыбырай бай арық-тұрақ төлдерді енгізеді. Осы жағдайға байланысты Крыловтың «Көлбақа» мысалын аударады. Көлді тастап тауға шыққан бақа сусыз өлімші халге жетеді. Тау басын топан су басса екен деп тілейді. Юпитер көлбақаның ақылсыздығын сөгеді:
«Одан да таудан түсіп аяңдасаң, Батпаққа болды уақыт сенің жетер».
1912 жылы «Үлгілі бала» жинағы жарық көреді. Ш.Ахметов «Үлгілі баланың» бірінші, екінші кітаптары шыққандығын жəне бірінші кітапқа 62 тақырыпқа жазылған, екінші кітапқа 32 тақырыпқа жазылған өлең, əңгімелерінің енгізілгенін жазады [4; 121]. Жазушы «Орындалған арман» мемуарлық шығармасында ««Үлгілі бала» хрестоматиясына Крыловтың өзім аударған мысалдарын кіргіздім, орыс классиктерінің балаларға арнап жазған қысқа əңгімелерін өзімшілеп қазақ тұрмысына лайықтап жаздым, сол сияқты қазақтың бай ауыз əдебиетін сұрыптап пайдаландым. Сонымен қатар бұл кітапқа табиғат туралы, оның əр алуан құбылыстары туралы, география, өсімдік, жануарлар туралы малұматтар беретін, балалардың ұғымына сыйымды жəне қызықты қысқа-қысқа əңгімелер, мысалдар кіргіздім. Əрбір əңгіменің соңына сұрақтар қойдым», —дейді