Xx ғ. б. қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттардың ерекшелігін саралаңыз


М.Ж.Көпеев шығармашылығындағы діни танымды сабақтаңыз



бет41/96
Дата25.12.2023
өлшемі400,45 Kb.
#199233
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   96
Байланысты:
соңғысы ХХ ғасыр нақты номерленген.

33. М.Ж.Көпеев шығармашылығындағы діни танымды сабақтаңыз
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1858-1931) бес жасында ауыл молдасынан сауатын ашады. Мәшһүр Жүсіп одан соң ислам ғылымының нәрін шашқан «Көкiлташ» медресесінде білім алған («Көкiлташ» медресесі қазақдаласындағы көптеген азаматтардың діни сауат ашуына айтарлықтайүлес қосқан. Осы медресені аяқтағаннан кейін бірнеше жыл бала оқытумен айналысады. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының артында қалдырған шығармалары13 томдық жинақ болып жарық көрді. Дін туралы Мәшһүр Жүсіп «Шайтанның саудасы», «Соқыр, саңырау және жалаңаш», «Жарты нан хикаясы», «Мәшһүрдің 46 жасында сөйлегені», т. с. с. үгіт өлеңдер жазды. Ислам дінінің мәні хақында осындай көркем туындылар жазумен бірге Мәшһүр Жүсіп діннің ақиқат екенін дәлелдеп, ғылыми еңбектер де жазған. Осы орайда «рух», «Нәпсі» ұғымдарын: «Адамның денесінде ішкен-жеген қоректің ғайыптылығынан, барып тұрған тазасынан жиылып бір арнаға топталып, жүректе бір рух жасалады. Мұның атын: «Рух хайуаны» - дейді. Сондай болатындығы үшін қазақ жұрты тамақ ішерде: «Жүрек жалғайық, жан шақырайық»дейді. Бұл сөздердің мәнісі тамақ күшінен жиылып болатұғын нәрсе екен. Құдайдан келген жан басқа, бұл басқа» деп түсіндіреді.
Ғұлама ақын Мәшһүр Жүсіп Көпеев ең алдымен ислам дінінің этикалық, моральдік, дидактикалық мәселелерін зор білгірлікпен жырлаған сөз зергері. Ақынның өлеңдеріндегі қозғалатын мәселелері адамгершілік, имандылық, жұмақ пен тозақ және рухани байлыққа негізделген. Өз жұртына рухани байлықтың жемісін, имандылық дәнін сеуіп, оны әрі қарай дамыту әр азаматтың парызы. Халықты өнер- білімге үндеп, адамдықты, имандылықты ту етіп ұстауға шақырған Мәшһүр Жүсіп өлеңдері де әр қилы қырынан көрінеді.Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің басты мәселесі имандылыққа, адамгершілікке, әділеттілікке, адалдық пен ақиқатқа, еңбекқорлыққа үндеген. Мәшһүр Жүсіп өзінің өлеңдерінде шығыс әдебиетінің мол мұрасын пайдалана білді. Ақын ортағасырлық араб, парсы тілін жетік білуі нәтижесінде сол кезде айтылған мәнді ойларды өзінше өрістетіп, қазақ әдебиетінде басқа ешкімге ұқсамайтын өзіндік арна қалыптастырды. Ол әдебиетке деген ислам әсерін кең түсініп, оны өз шығармаларында жан-жақты көрсете білді. Ақын Бұхарда, Қоқан, Самарқанд, Ташкентте барған сапарларында сол кездегі мұсылман әлемінің бай қазынасымен терең танысып, содан түйген ойларын қағаз бетіне түсірді.
«Ақыреттің егіні» шығармасында Мәшһүр Жүсіп: Ойласаң, ақыреттің бәрі қиын,
Тірлікте ғибарат қып, хаққа шын!
Бұл күнде жамандықтан тыйлыңыз
Алланың көрем десен, жұмақ, үйсін.Ақын өлең жолдарында бірлік идеясын ортаға салады. Бұл маңызды тақырып, өйткені бірлік тұтқасы - дін. Ұлттық, бірлігі болса тіршілік бар екендігі сөзсіз. Алғашқысында ұлттық, бірлігі жөнінде ой қозғалса, кейінгісінде мұсылмандық бірлігі. «Бірлігі мұсылманның – ынтымағы» – деген ұран сөздермен іспеттес ой тастап, жай үндеу емес, тікелей іс- қимылға шақырады.
Мәшһүр Жүсіп «Ібіліс шайтан қиқасы» дастанында Ібілістің (әзәзілдің) дүниеге келуі, періштелер ханы болып сайлануы, адам баласына басын имегендіктен шайтан атанып, адамды дұрыс жолдан азғыратын, нәпсісін өзіне қаратушы шайтан жолына түскен Ібілістің өмірі туралы баяндалады. Дастанда
шайтан іс әрекетімен адамды жаман жолға итермелейді. Жараттың жақсы жаман екі айыр жол,
Адамның бір жағы оң, бір жағы сол!
Адаспай жақсы жолдан жүрер түзу,
Кімде кім болып жүрсе өзіңе құл! [2, б. 11]
Құдай жолына, немесе нәпсі, шайтан жолына түсуін Адам баласы өзі таңдайды. Жақсылық пен жамандық, мейірімділік пен қатыгездік, қайырымдылықпен пен зұлымдық тәрізді қарама- қарсылықтардың бірін таңдауына байланысты адамның дүниедегі өмірінің рухани тазалығы мен байлығын анықтамақ.
Абайдың ізін жалғастырушы ғұлама Шәкәрімнің иман жайлы айтқандарын зер сала оқысақ, ол таклиди емес, якини иман іздегенін анық көруге болады. «Мұтылғанның өмірі» атты поэмасында:
«Қырықтан аса бергенде,
Ақылым қылды шерменде:
«Дінім қалай, жаным не Жоғалам ба өлгенде?
Әлемді кім жаратқан, Осынша түрлеп, таратқан?...
Ақырет деген немене, Шыққан жан қайта келе ме,
Кіре ме осы денеге,
Дәлелі қайсы сенгенде?»
Шәкәрім осындай сұрақтарды ойлап, толғанып, жауабын табуға тырысады. Және оның тапқан жауабы ақылға сыярлық болуы шарт. Ақылы мойындайтын нақты дәлел іздейді. Сенген күнде де дәлелі қайда дейді.
Өзінің Жаратушы Иесін тапқан Шәкәрім әр жерден, әр нәрседен Оның құдіретін көреді. Тауықтың шақыруын, иттің ұлуын, бұлбұлдың сайрауының себебі не деп сұрақ қойып, өзі былай деп жауап береді:
Олар тұр ойға алып бір Құдайын,
Зор құдіретін әлемге ұқтырайын.
Құлшылық, намазы мен иманы сол –
Күнде бір, айында бір, сағат сайын.
Яғни адам түгілі, жан-жануарлар, күллі жаратылыс Жаратқан Иесіне өз сипатына қарай құлшылықетуде дейді. Бұл Жаратушы тарапына берілген міндет, ал олар өз міндетін түйсік арқылы сезіп, мүлтіксіз орындауда.
Дін мен әдебиеттің дамуын, ондағы өзара байланыс, төркіндестікті сараламай тұрып, әдебиеттің даму ерекшелігін толық түсіндіру мүмкін емес. Сонымен бірге ислам дінінің әдебиетке әлемдік ортақ қазынаға не қосқанын межелеу үшін де оның өзіндік ерекшелігімен қабат іргелес арадағы дәстүрлік байланысты сараптау қажеттігі туады. Рас, кешегі әміршілдік жүйе кезінде де дінді, ислами қағидалары бар ерекшеліктерді әдебиеттерден алынып тасталды. Соның нәтижесінде діннің әдебиетке деген ықпалы зерттелген жоқ. Мысалы, орыс әдебиетінің қазақ әдебиетіне деген игі ыкпалы кең марапатталса да, керісінше исламның ролі, ежелгі шығыс пен түркі әдебиетінің әлем әдебиетінде алатын орны, игі әсеріонша қарастырылмай мүлдем қаралған жоқ деуге болады. Оның басты себебі бір жағынан атеизм идеясының тарауы болса, екінші жағынан адамды коммунистік идеямен тәрбиелеуі еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет