Xx ғ. б. қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттардың ерекшелігін саралаңыз



бет37/96
Дата25.12.2023
өлшемі400,45 Kb.
#199233
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   96
Байланысты:
соңғысы ХХ ғасыр нақты номерленген.

Қадыр Мырзалиевтің бүкіл шығармашылық әлемінің тапжылмас темірқазығы табиғат пен адам, қазақ жүртының бітім болмысы, тарихы мен тағылымы, бары мен жоғы, бүгіні мен ертеңі. Осы тұрғыдан алып қарағанда, ұлттық мінез, ұлттық дәстүр, жол-жоралғы, бір сөзбен айтқанда, ең бір етене нақыштары, қолта баырекшеліктері екенін қалың оқырман алдеқашан аңғарған,
мойындаған. Сондықтан да, ақынның өлең өлкесіндегі барша тапқан-таянғанының, табыс-олжасының алуан ажарлы, сан салалы екенін көре-біле тұра, оны, ең алдымен, ұлттық сананың, халықтық болмыстың суреткері дейміз.
Табиғаттан бабамыз ала берген секілді.
Дарқандықты қазаққ дала берген секілді.
Кең тынысты тынымсыз желден алған секілді.
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.
Қасарысқан ерлікті шыннан алған секілді.
Көшіп-қону дегенді қүмнан алған секілді.
Мынқе пейтін мінезде жоннан алған секілді.
Түлеруді түнжырап түннен алған секілді.
Мейірімді күлкіні күннен алған секілді.
Тұманбай жырлары бұл жылдары ойлы тартып, ақындық борыш, жауапкершілік жайлы толғаныстың бай үлгісін көрсетті. Өзі өткен жолға бұрылып, ақын артына, алдына қарайды. Махаббаттың, жастықтың айтулы жыршысы уақыттың ырқына көне алмай, «Балалықтың аулына мені қайтар»деп бұлқынады. Тұманбайдың Абаймен сырласуы да даналыққа, салмақты ойшылдыққа бет бұрғанның белгісі. Жұмекен - қазақ поэзиясында өзіндік әлемі бар ақын. Оның «Жарық пен жылу», «Шуақ», «Темірқазық» атты жыр кіты тары әлі де оқырманын табарысөзсіз.Н.Бегалыұлы лирикасында туған жердің «көк белі», «найзағайлы аспаны», «сәби гүлі», «қоңыр самалы» әсем әуез, жатық ұйқаспен көркем кестеленген нәбір өлең жолдарындағы көркем, дәл әрі ықшам сараланғансөз шеберлігіан тебірентерлік лирикалы сезімімен "тілге жеңіл, жүреккежылы", тыңдарманның құлақ құрышын қандырады, терең эстетикалықләззат сыйлайды. Туған топыраққа қазақы қадір - қасиетпен тәу етіп, сөзсәулесімен үздік оқырман мойындарлықтай образ жасау ақын шеберлігінетән.Қазіргі қазақ поэзиясын өзінің әсем де әсерлі жырларымен байытып жүрген ақындардың бірі - Фариза Оңгарсынова. Оның табиғаттақырыбындағы жырлары туған жер көрінісін, тәулік, жыл мезгілдерін,табиғат сұлулығын, теңізі мен бұлағын т.б. суреттеуге арналған. Мысалы,ақынның «Жайлау таңы» өлеңінде лирикалық кейіпкермен бірге оқырман дакөрініс зейнеттілігіне сүйсінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет