Xx ғ. б. қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттардың ерекшелігін саралаңыз


С.Мұқановтың «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» еңбегінің маңызын сипаттаңыз



бет66/96
Дата25.12.2023
өлшемі400,45 Kb.
#199233
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   96
Байланысты:
соңғысы ХХ ғасыр нақты номерленген.

С.Мұқановтың «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» еңбегінің маңызын сипаттаңыз

Сәбит Мұқановтың дәл осындай тағдырлы еңбектерінің бірі – 1942 жылы жарық көрген "Қазақтың ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер” атты зерттеу кітабы. Араға 60 жыл салып Мұражай кешені ЮНЕСКО-ның қолдауымен бұл еңбекті 2002 жылы "Арыс” баспасынан шығарды. Бұл кітапқа да профессор Тұрсынбек Кәкішевтің арнайы жазған "Азаттықты армандаған еңбек” атты мақаласы қоса берілген болатын. Мына ғұмырнамалық кітапта бұл "Очерк” жөнінде "Тарихпен сырласу” атты тарауда баяндалады. "Очеркте” Сәбит Мұқанов Бұқар, Махамбет Өтемісұлы, Байтоқ пен Жанұзақ сияқты ақын-жыраулардың, Сырым, Көтібар, Кенесары, Наурызбай, Жанғожа, Бекет сынды ұлт-азаттық күрескерлерінің тарихи тұлғаларын айқындап, Шортанбай, Шернияз, Мұрат сынды зар заманның үнін жеткізген ірі ақындардың еңбектеріне баға беріп, сонымен бірге қазақтың айтыс өнерін ғылыми тұрғыда саралағаны белгілі. Ғұмырнамалық баянда С.Мұқановтың бұл тарихи еңбегі жөнінде де тың тұжырымдарға айрықша ден қоямыз. Мәселен, авторлардың "1927 жылы М.Әуезовтің "Әдебиет тарихы” деген еңбегінде "Зар заман” ақындары аталып, әсіресе оның жарқын да айбынды өкілі Шортанбайды Сәбит Мұқановтың 1942 жылы қалай зерттеп, қандай деңгейге көтергенін көрсете кетсек, көзқарас эволюциясының сыр-құпиясын ұққандай боламыз да, "кедейшіл, тапшыл” Сәбиттің сол кездегі ғылыми түсінігіне енді ғана көтеріліп келе жатқанымызды аңғарамыз”, деген батыл пайымдауларына толық қосылмасқа шара жоқ. Шынында да, тек Шортанбай ғана емес, азаттықтың ұлы жыршысы Махамбетті тануда да С.Мұқановтың еңбегі зор екендігіне зеттеушілер айрықша ден қойған.
Кітаптың "Даңқ тұғырында” аталатын тарауында С.Мұқановтың "Жұмбақ жалау” – "Ботагөз” романдарының шығармашылық тағдыры жазушының кемеліне келген қаламгерлік қуатымен қосөрім бірлікте қарастырылған.
Сәбит Мұқанов «ХХ ғасырдагы қазақ әдебиеті» кітабында Ғұмар шығармаларын талдап отырып: «Өрнек» қазақтың жаңа байларының сойылын соққан шығармалардың қаламынан прогресс есебінде шыққан бірінші діни кітабы еді. Бұдан кейін дін мәселесіне кітап жазған ұлтшылдардың бәрі осы «Өректе» қозгалған мәселелерді тереңдетті» – деп сынады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет