Xx ғ. б. қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттардың ерекшелігін саралаңыз


О.Бөкеевтің шығармашылық ерекшелігі мен шеберлігі туралы баяндаңыз



бет69/96
Дата25.12.2023
өлшемі400,45 Kb.
#199233
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   96
Байланысты:
соңғысы ХХ ғасыр нақты номерленген.

О.Бөкеевтің шығармашылық ерекшелігі мен шеберлігі туралы баяндаңыз.

Біздің әдебетімізге алпысыншы жылдары өз өрнегімен, өз ерекшелігімен келген жазушылардың бірі Оралхан Бөкей болып табылады. Әдебиетіміздегі ірі тұлғалардың ішіндегі ақынымыз 1943 жылы қыркүйектің 28 күні Шығыс Қазақстан облысы, Катон-Қарағай ауданының Шыңғыстай ауылында дүниеге келген. Оралхан Бөкейдің қаламынан «Қамшыгер», «Кербұғы», «Бәрі де майдан», «Қайдасың, қасқа құлыным», «Өліара», «Қар қызы», «Сайтан көпір», «Құм мінез» сынды повестері, «Өз отыңды өшірме» атты романы және тағыда басқа көптеген повестері, әңгімелері ел арасында жоғары бағаланып, төл әдебиетімізді байыта, түрлендіре түсті. Кез-келген жазушыға қойылатын негізгі талаптардың бірден-бірі болып – шығарманы, туындыны белгілі бір идеяға бағындыра білу болып табылады.
Ал Оралхан Бөкей өзінің шығармаларында реалистік, романтикалық, мифтік желіні қолдану арқылы оқырманға қандайда бір әсер, ой қалдыра алған дарынды жазушыларымыздың бірі деп санаймынЖазушы өзінің шығармаларындағы кейіпкерлерін сомдаған кезде оларды идеалдандырып жіберуін байқау қиын емес. Мысалы: Бура – «Қазақбай ауылының ең соңғы түйесі», Кербұғы – «он сегіз салалы оқыстан жаралар хайуанның ең ақыры», Асан шал мен Ақтан – «ертек адамның соңы», «Гүлия – қазақ үшін ең ақырғы Ақжүніс, ең ақырғы Баян, ең ақырғы Жібек», Қоңқай – «дүние жүзіндегі қатыгез әрі мықты шал», Ақбота – «адам күші мен табиғат тылсымын қанды шайқасқа жібермей, қоршап, қорғап жүрген жалғыз жанашыр, жалғыз сақшы жұмбақты қыз». Мұндай мінездемені қаламгердің әр қаһарманынан көруге болады. Сондай-ақ жазушының әрбір кейіпкері өзінше жұмбақ және өзінің күрделі мінезімен, романтикалық қасиетімен көзге түседі.
Мысалы О. Бөкейдің «Қамшыгер» атты шығармасының басты кейіпкері Садақбай – қарама-қайшылығы көп, күрделі мінезі бар адам. Ол оқырманды еріксіз әр түрлі ойларға әкеледі. Жазушы осындай қысылтаяң уақыттағы адамның күрделі тағдыры мен талайына өз тұрғысынан, суреткер көзімен философиялық және психологиялық талдау жасай келіп, әлеуметтік түп-тамыры терең халықтық характер дәрежесіне көтерген. Жазушының алғашқы шығарма-ларында қоғамдық мәселелерден гөрі жеке сипат, субьективтілік басым болып келеді. Мұны әлеуметтік мәселелерден алшақ кету деп түсінбеу керек. Өйткені қаламгердің нәзік сезімге, мұңға, сырға бейім шығармаларының өз үнін айқындай бастауы, өзінің жазушылық қолтаңбасын табуы болып келеді.
О. Бөкей романтизмінің көркемдік жүйесін толықтыратын сипат оның шығармаларында мифтік, фольклорық сарындардың жиі көрініс табуы болып табылады. Мысалы «Мұзтау» повесіндегі Асан шалдың аңызы, ертегілері арқылы жазушы Кеңес тұсындағы айтуға тиым салынған тарихи шындықты жеткізуге тырысқан. Жазушы аруақ пен Асан шалды айтыстыра отырып, «уақыт пен кеңістікті» бағындыра алған. Шығармада Шыңғыс-ханның арғы аталары, өзі жөнінде, туған жердің тарихы турасында шежіре шертуге мүмкіндік алады. 
Тұжырымдай келсек, Оралхан Бөкей шығармаларында реалистікте, романти-калықта, сипат көптеп кездеседі. Жазушы өзінің көптеген туындыларында өмір шындығын, обьективті жақтарын саралай отырып, өзі қалаған рухани-адамгершілік идеалды шығармаларына арқау етеді. Жазушы шығармаларының қосжелілігінде дау жоқ. Оның шығармаларында романтикалық бейнелеу мен реалистік бейнелеу бір-бірене қарама-қарсы қойылмағаны оның басты ерекшелігі болып табылады. 
О.Бөкейдің шығармашылық жолы 1970 жылдан басталады. Оралхан Бөкейдің
алғашқы шығармасы «Сарыарқаның жаңбыры» деген әңгімесі болса, оның есімін көпшілікке танытқан – «Мұзтау» атты повесі. Оралхан Бөкей – қазақ әдебиетіне өз жолымен, өз жаңалығымен келген жазушы. Жазушының кез келген шығармасынан оның туған жеріне, жалпы адамзат баласына деген сағыныш лебі есіп тұра Оралхан Бөкеев қазақ әдебиетінің нағыз шебері болып қала бермек» деп, жазушы Роллан Сейсенбаев айтқандай, Алтайдың кербез табиғатын, тамылжыған сұлулығын, ондағы адамдардың образын «Қар қызы», «Атау-кере», «Жетім бота», «Жылымық», «Жасын», «Сайтан көпір», «Мұзтау», «Ұйқым келмейді», «Мынау аппақ дүние», «Бәрі де майдан» т.б. шығармаларында шынайы бере білді. ды





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет