Ә.Кекілбаев шығармашылығына талдау жасаңыз
Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрынғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде дүниеге келген. 2015 жылы 11 желтоқсанда Астана қаласында өмірден озды.
Әбіш Кекілбайұлының алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» 1962 жылы, «Бір шөкім бұлт» 1965 жылы жарық көрді.
Ауыл өмірінен жазылған повесть, әңгімелер жинағы «Дала балладалары» - Әбіш Кекілбайұлының кең тынысты эпик, суреткерлік болашағын танытады. 1974 жылы «Дәуірмен бетпе-бет» сын мақалалар жинағы, «Бір уыс топырақ», 1979 жылы «Тырау тырау тырналар», Маңғыстау түбегінің өткені, бүгіні, болашағы туралы «Ұйқыдағы арудың оянуы» тарихи танымдық баян, 1982 жылы «Шыңырау» повестер жинағы, 1992-93 жылдары Таңдамалы екі томдық, 1995 жылы «Заман мен сұхбат» 1998 жылы «Азаттықтың ақтаңы», публицистикалық мақалалары, толғамдары, 1999 жылы 12 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты.
Әбіш Кекілбайұлының «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984) романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланып, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды.
2001 жылы шыққан «Талайғы Тараз», 2002 жылы шыққан «Шандоз» тарихи тақырыптығылы ми дәйекпен, дерекпен түсінікті ұғымды етіп жеткізудің жаңа бағыт-бағдарын белгілеп берді. 2009 жылы «Сыр десте» деп аталатын автордың көп жылдық ой-толғаулары, эссе, естелік, сөйлеген сөздерінің 5 томдық жинағы жарыққа шықты. Әбіш Кекілбайұлының көптеген шығармалары ТМД халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. Шандоз» «Аңыздың ақыры», «Үркер», «Елең-Алаң», «Конец легенды», «Плеяды - созвездие надежды»,«Всполохи» романдары, «Біршөкімбұлт», «Күй», «Бәйгеторы», «Шыңырау», «Бәсеке», «Ханша дарияхикаясы», «Құс қанаты», «Біршоқ жиде», «Шеткеріүй» повестері жарық көрді.
К.Гоццидің - «Туран бике ханшайым», А.П.Чеховтың - «Ваня ағай», Вальехо Антонио Буэроның - «Бүгін мейрам, бүгін той», Генрик Ибсеннің- «Үрей», Л.Дарконың - «Сүйіктім менің, Электра!», У.Шекспирдің - «Ромео мен Джульетта», У.Шекспирдің -«Кориолан», У.Шекспирдің - «Король Лир», М.Фриштің «Ғылым қуғанДон-Жуан» шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Ә.Кекілбаев өз шығармаларында адам баласының ішкі жан дүниесіне аса мән береді. Оқырмандарын образдардың жан әлеміне үңілу ақрылы адам баласына ортақ рухани мәселелерді қозғайды. Сол арқылы оқырман мен кейіпкер арасына байланыс, рухани көпір салып, ой баспалдақтарынан сүрінбей өтуді оқырманға тапсырады. Философия ғылымында кеңінен орын алған -Экзистенциализм — рухани дағдарыс фәлсәфасы және тек буржуазиялық қоғамның «бәрінің ашқан майданы (Шопенгауер) тұсында дүниеге келген ағым. Оның өмірлік концепцияларының негізгі тұжырымы - адамның онтологиялық жалғыздығы, әлемдік жалғыздығы, оның өзіне жат, бөтен дүниеге аспаннан түскендей «тасталғандығы» (заброшенность - хайдегер), ұмыт қалғандығы. Сондықтан әрбір адам үшін - физиологиялық, тәни сезіне алатын, көзбен көріп, қолмен ұстайтындай екі ақиқат бар: оның біреуі — нақ осы шақта тоқтаусыз ағып бара жатқан өткінші өмір ағыны (экзистенция) да, екіншісі — өлім. Ал енді өмірдің баянсыздығын, өткіншілігінің, жалған қызықтарының таусылымпаздылығының жырлаудың казақ прозасындағы көрінісі - кейіпкердің жер ортасы жасқа келіп, өмірдің ащы-тұщысының дәмін татқан, атақ пен даңқтың қызылды-жасылды желегін жамылып, оны да тоздырған шағында келер нәубеті, өмірдің, қас-қағым ғұмырдың өткіншілігін даңқ пен дақпырттың сусыма күйінен іздейтін жазушы Ә.Кекілбаев. Оның «Аңыздың ақыры» романының түпқазық идеясы - осы. Сол сиякты «Ханша — дария хикаясындағы» мына тұстарды алайық:
Ә.Кекілбаев тарихи қал-жағдайды емес, олардың себеп-салдарын, адамның жан дүниесі мен психологиясына әсер ететінін көрсетуге айырықша назар аударады.
Жазушы үшін маңыздысы — тізбектелген оқиғалар емес, ата-бабаларының не көксеп, не аңсағаны, нені қадір-қасиет тұтып, қастерлегені. «Аңызды аңсағанда» повесінде бүгінгі күн мен аңызды қатар алып бейнелеу Санбаевқа замандасымыздың рухани әлемін зерттеу үшін қажет болған.
Ә.Кекілбаев өз туындыларында көкейінде жатқан ойын көбіне монолог арқылы беруге тырысады, сол арқылы өрнектейді. «Күй» повесін күйшінің күй арқылы туындаған монологы өте әсерлі. Күйші бейне мұң мен қуаныштың символыңдай. Шынайы трагедия мен шын сезімнен өрілген өрім секілді. Күйші өмірді өнерге айналдырып, сол өнер арқылы өмірдің сырын ұғындырады. Күмбірлеген күй әуені арқылы өзгеше құдіретпен сарқыраған ой ағыны күйшіні қоршаған (түркімендер) Жөнейт көкейіне құйылып жатты. Ә.Кекілбаев шығармаларын оқып отырғанымызда оның кейіпкер психологиясына, ой түңғиығына еніп, жан дүниесінің есігін оқырманға айқара ашуға тырысады. Ол тек психолог жазушы ғана емес, ойшыл философ. Жазушының кейіпкерлері өмірді зерттейді. Бұлар арқылы біздің ұғынатынымыз адамзат өзіне іштей баға беру, өткенге үңілу, өз сезімі арқылы, айналадағы құбылысты сезіну арқылы биікке де шығуы мүмкін және мүлде тапталып та кетуі ықтимал. Сондықтан да әр мезетте іштегі асыл сезімнің, адамдық сезімнің сәулесін өшіріп алмауға тырысу керек секілді.
Шеберлік жайыңда З.Қабдолов:
«Мазмұнға тән қасиет - сонылық: бұрын-соңды ешкім қозғамаған тың тақырыпты тың идеяға жинақтау. Содан соң пішін шығарманың сюжеті мен композициясындағы шеберлік... Ақыр аяғында жазушының өзі мүсіндеп, мінездеп, жинақтап, даралап отырған адам бейнелеріне мығым байсалдығы, қалтқысыз ауған ыстық ықыласы... Бұл үш сипат түгел түрғанда нағыз өнер туыңдысы да талапқа сай болады» /3/.
Ғалым әдеби шығарманың мәнін анықтайтын өлшемдерді осылайша негіздей жазады. Бұл сипаттарды Ә.Кекілбаев туындыларынан көруге болады. «Автор ұсынып отырған идея немесе оның ішкі толғанысы, жаны мен жүрегінің қалауы бойынша өріліп, сол арқылы суреткер ретінде өз рухының нақты бір ұшкынына айналмаса, олар (идея мен ой) қанша бағалы болғанымен, поэтикалық мәнге иелене алмайды. Шынайы көркемдік шығармада идея жансыз, жалынсыз қалыпта емес, салтанатты, мерекелі күйде, тіпті құштарлы жағдайда көрінеді. Әр жан одан өз жүрегінің бұлқынысын табатындай болу керек. Сол бұлқыныстағы адалдық, тазалық лебінен әр жүрек қан тамырына сүйіспендік сезім қуаты, рухани ізгілік нәрі таралуға тиісті. Мұның өзі әр адам өзінің өзгеге, өзгенің өзіне деген саналы, парасатты, ізгі ықыласын көркем туындыдан қайта, жаңаша көре алғанда ғана мүмкін болады».
Иә, Ә.Кекілбаев шығармаларындағы кейіпкерлер «Аңыздың ақырындағы» - (Алмас хан), «Шыңырау» - (Еңсеп), «Үркер» — (Әбілхайыр), бұл тұлғалар өзіне есеп бере отырады. Бұл кейіпкерлер әрекетінен, өмірге көзқарасынан, толғаныстарынан оқырман өз өміріне қажетті жайларды аңғаруына, оны өз өміріне жаратуына әбден болады. Жазушы көбіне өз шығармаларында кейіпкердің ішкі әлеміне үңіледі. Өйткені, адамның ішкі ойлары мен сезімдері түгелдей сыртқы әрекетке айнала бермейді. Ә.Кекілбаев кейіпкерлерінің ойы мен сезімін, жан дүниесін, еркін, терең және кең барлай отырып, оның ешкімге мәлімсіз, ешкім де толық, тауыса біліп болмайтын, бай ішкі әрекетінің ойы мен сезімінің шындығын ашады. Кейіпкерлер ішкі әлемінде түрлі ой мен сезім ағыны тоқтаусыз өтіп жатады. Кейде кейіпкер монологы ой-сезімінде автордың өз сөзі кірігіп кеткендей болады. Жазушы шығармаларындағы бір-біріне өрілген сезім драмасы бар ішкі монологтар жүректі ғана емес, санаңды да билейді.
«Аңыздың ақыры» романы сюжеттік желісі мен композициялық құрылысы жағынан алғанда Кекілбаев шығармаларының ішіндегі өзгешесінің бірі сюжеттік оқиға негізгі кейіпкердің (Алмас хан) іс-әрекеті арқылы өрістейді. Туынды кейіпкердің монологы түрінде баяндалады. Кейіпкер үлкен сыр шертеді.
Алмас ханның жан дүниесіндегі қиыншылықтар, қайшылықтар, шешімі табылмаған сұрауларды сөз ету арқылы шығарманың сюжеттік желісі шебер қиюластырылған. Бас кейіпкердің өткен өміріне шолу, жеткен жеңістері, өткені мен бүгінін баяндай салыстыру арқылы өмірдің адам характеріне тигізетін пәрменді жақтарын ашуды көздесек. Бұл жерде айта кететін бір жайт, кейіпкердің өткеніне үңілу арқылы дәуірдің сипатын да танытқысы келеді. Бұл романнан кей сәттерде лирика-психологиялық сәттерді мол ұшырастырамыз. Автор өзінің жан дүниесіндегі сезім сырларын көңіл тербеген көріністерін басты мәселе етіп шығарып, қоғам өміріне деген көзқарасын жинақтап, түйіндейді. Шығармаларында («Аңыздың ақыры», «Кұй», «Ханша - дария хикаясы», «Шыңырау») кейіпкерлер қатары тек жазушының сезім дүниесі мен жүрек талқысынан өтіп оқырманға табысады. Яғни, жазушының өз кейіпкерлерімен байланысы үзілмейді. Ә.Кекілбаев «Күй» повесінде екі бауырлас ел түркімен мен қазақ арасындағы қарым-қатынасты жазған десек-дағы сол шығарма барысында оның сюжетіне жанама түрде басқа да мәселелерді қосып жібереді. Сол повестегі «мәңгүрттер» көрінісі немесе «тұтқын қазақ күйшісінің өнеріне түрікмендердің сүйсінер сәттері», міне, осындай оқиғаларды араға кіргізіп, шебер қиюластырып, сол арқылы белгілі бір көкейде жатқан маңызды проблемаларды, идеяларды беріп отырады. Ә.Кекілбаев шығармасына тән айта кетер тағы бір жай жалпылықтан көрі нақталай суреттеуге жақындығы бірінші орынға лирикалық кейіпкер шығып, оқиға соның төңірегінде өрбіп жатады. Әсіресе, кейіпкер жан дүниесіндегі лирикалық толғаныстар басым. Қаһармандар монологын суреттеуде жазушы шеберлігі әр қырынан көрінеді. Бірде кейіпкер монологы авторлық баяндауға ұласып жатса, енді бірде авторлық баяндауды монологке ұластырып, жігін білдірмей жібереді. Кей сәттерде оқырман авторлық баяндау мен монологты ажырата алмай қалатын кезеңдері де болады:
«Осы бір ұқсастықты, мәнсіз абыр-сабырды адамдар өздеріне өздері қасақана ойлап шығарғандай. Мынау ұлан-асыр шалқар болмыста әрқайсысы алды алдына шалқайып жүруге жер жетпегендей бір-біріне соқтыға-қақтыға жөңкілетін әне біреу сүрлеулерді, кеңістікті кеңірдегінен алып қылғындыратын жолбарыстай көріп, төрт жағына төрт тас жақтаумен қоршап, қыспаққа алып тұратын әне бір тас табыттарды тауып алыпты, сондай бірінен-бірі аумайтын тас қорапшалар арасында, сұрықсыз сұрқай илеуде біріне-бірі соқтығып, құмырсқаға құжынап жүріп бір-бірімен атақ таластырып әлек болады. Осынау мәнсіз илеу біріне-бірі соқтыққан құмырсқаларын да мәңгіртіп жібергендей. Әйтпесе, мынау ұлан-асыр кеңістікте бет-бетіне ыдырап жүрмес пе еді, сонда олардың әрқайсысын жеке-жеке қуып жүріп өлтіретін кім бар дейсің? Ал мынандай бажынап жатқан илеуді бір жайпап кетуге қай жау қызықпайды. Өзге илеулерді аямай таптап жүрген атақты билеуші өз илеуін жылдан-жылға құжыната түсуде. Тап осы салып жатқан мұнарасының қажеті қанша... Көлденең көк аттының көзіне түртіп, екі аяқтылардың тағы бір илеуі бар деп жау шақыруға ма... Әлде, мынадай қапас илеуге жуымаңдар, маң түзден айырылмаңдар деп ел үркітерге ме... Неге керек?.. Не үшін керек?.. Оны өзі де білмейді» /4/.
Мұнда кейіпкер даусымен қатар автордың ойы да қоса баяндалып, үнемі ауысып келіп отырады. Бірін-бірі толыктырады. Жазушы кейіпкер ішкі жан сезімін терең толғап жеткізе біледі. Кекілбаев кейіпкер жан әлеміндегі психологиялық алуан құбылыстарды тап басып, дәл баяндап беруге шебер. Өнердің негізгі мақсаты «адам жаны туралы шындыкты жай сөзбен айтып жеткізе алмайтын жүрек құпияларын суреттеу табылады. Өнер микроскоп тәрізді, оның тетігін біліп туралай алған автор ғана адамның ішкі жан дүниесін, айшықтай алады», - /5/, - деп жазады А.Н.Толстой.
Ә.Кекілбаев «Күй», «Ханша - дария хикаясы», «Шыңырау», «Бәсеке» повестеріңде өмірді әр қырынан бейнелейді. Ұлысыншы Белинский повестъжайындасөзеткенде:
Сыншыныңбұлпікірінің дұрыстығынКекілбаевтыңжоғарыдааталған повестеріноқубарысындааңғарамыз. Жазушының «Аңыздыңақыры» романы философиялық толғаулардан сыр шертершығармаларқатарынанорыналады. Романдастильдікөрнек психологтық өнерменсабақтастықтабады. Романның керкемдік болмысын, идеялық қазығын айқындап тұрған қасиеттер жазушының сирек сезімі мен ауқымдылыққа құштар ойы, айшық-бедерге үйір қою тілі. Негізгі тұлғалар — қаһарлы Алмас хан, жас ханша және шебер Жаппар. Үшеуіне ортақ тартыстың түп тамыры тұрған бойы сырға толы, қараса көз жауын алатын биік мұнара. Ол - аяулы махаббаттың, ынтызар көңілдің, аңсар сағыныштың белгісі. Ал сезімнің, махаббаттың табалаушысы - құрт түскен қызыл алма. Ол - күндестіктің белгісі. Осынау трагедиялық шешімі - ойылған қос жанар, қорланған дарын. Ол — қатыгездіктің, менмендік пен даңққұмарлықтың кепілі. Шығармада шеберлі компзицияның формасы сақталып, романның идеялық-эстетикалық жүлгелеріне тұтастық берген автор адамның табиғатпен іштей арпалысын контрастылық түрде алып, қаһарман психологиясын сыртқы әсерге берер рухани реакция түрінде түбірлей зерттеуге ойысады. Романда негізгі қаһармандардың бірі — қатыгез де залым есебіне найза бойлайтын хан бейнесі әр қырынан, объективтік тұрғыда суреттеледі. Оның кызыл алма жұмбағын шешу, жас шеберді жазалау, ханша туралы пікір түюдегі толғаныс сәттері психологиялық дәлдікпен сенімді көрініс береді. Жазушы образ сомдауда қаһарманның жан сарайындағы иірімдерге жол таба отырып, психологизмнің негізгі өзегін ой-сезім тартысынан шығарады да, басты бейнелеу құрал ретінде ішкі диалогты пайдаланған. Адам санасындағы өзгеріс, күрес процестері шынайы бейнеленеді. Ә.Кекілбаев бас қаһарманы Алмас ханның тек жаулау, қырып-жойғыштық әрекетін көрсеткенде, оның мұншалықты қатыгездігінің, мұндай тұлғаға итермелеген кезеңдерін де айтып өтеді. Алмас хан балалық шақтың базарын емес, азабын көріп өседі. Мықтылардың соққысына да аз ұшырамаған. Міне, осы жайлароның образындапсихологиялықбасымболуынанегізболады. Жазушы Алмас ханның ішкі әлемінде болып жатқан психологиялық құбылыстардың бәрін бірдей суреттей де бергісі келмейді. Тек характерді толық ашу мақсатында оның жан драмасы суреттейді және сырттғы болып жатқан ситуацияның кейіпкердің ішкі өміріне қалай әсер еткеніне, жанында қалай із қалдырғанына аса көңіл бөледі. Ситуация мен кейіпкерлер мінез-құлқының диалектикалық байланысынан көркем ой түюге тырысады. Ал, «Күй» повесіндегі Жөнейт жан дүниссі қарама-қайшылыққа, драмалық тартысқа толы адам. Оның мұндай халге ұшырауына басқа біреу емес, өзі кінәлі. Ол өз сезімін өзі жете түсінбейді. Әмірші «Күйшіні» жазалаған қателігін кейін түсініп күйзеледі. Жөнейт өзі тірідей жерге көмген күйшінің жан дүниесіндегі өзіне деген сезімінің, көзқарасының қандай екенін білгісі келеді. Өзін күйші алдында күнжардай сезінеді. Дегенмен, Жөнейтті ұнамсыз кейіпкер деп те санай алмайсың, бір жағынан оған да бүйрегің бұрып тұрады. Аса айып та таға алмайсың. Бейне қарама-қайшылықтан жасалған тұлға секілді. Бұл өмірде жамандық та, жақсылық та баршылық. Жақсылығы - еліне, перзентіне деген зор махаббатынан көрінеді. Оны қатыгездікке, тұтқыкүйшіні тірідей жерге көмуге итермелеген де сол махаббат, кекшіл махаббат. Шығармада әкенің балаға деген ыстық ықыласы туралы толғаулар жиі ұшырасады. Күйші мен Жөнейт арасындағы диалогтық монологтар арқылы өз перзентін жан-тәнімен сүйген жан, өзге елдің де перзентін сүюге болатындығын көрсетеді. Жалпы әдеби шығарманың қай-қайсысын алсақ-тағы адамзат өмірі, сол адамзат өмір сүріп жатқан қоғам жайын, қоғамдағы маңызды мәселелерді беруге тырысады. Көркем шығарма қоғамдық адам арқылы қоғам тынысын, оның ішкі сыр-сипатын, әлеуметтік бетін танытады. Қоғамдағы түрлі құбылыстар арқылы адам жаратылысының сан салалы жұмбақ сырын ашады. Өмірдің санадағы сәулелену процесін көрсетеді. Қаламгер барлық күш-қайратын, шеберлігін бір ғана мақсатқа - адам жүрегінін, сырын, адам жанының шындығын танытуға жұмылдырады. Бұл сөзімізге Кекілбаев шығармаларын оқу барысында дәлел тапқандаймыз. Оның «Аңыздың ақыры» романында көркемдік баяндаудың эпикалық тәсілінен гөрі лирикалық тәсілі басым. Сыртқы дүние көрінісін автор кейіпкер көзқарасы тұрғысынан береді, өмір шындығының санадағы суретін бейнелейді. Сыртқы өмір мен кейіпкер арақатынасындағы әсерлер, сол әсерден туындайтын түрлі ойлар, психологиялық құбылыстар тығыз сабақтастықта алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |