Xx ғ. б. қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттардың ерекшелігін саралаңыз


Ж. Аймауытовтың «Қартқожа» романының басты идеясын түсіндіріңіз



бет75/96
Дата25.12.2023
өлшемі400,45 Kb.
#199233
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   96
Байланысты:
соңғысы ХХ ғасыр нақты номерленген.

Ж. Аймауытовтың «Қартқожа» романының басты идеясын түсіндіріңіз

Ж. Аймауытов өзін әдебиетте шағын әңгіме жанрындағы шеберлігімен таныта білді. Оның оқырман жүрегіне жол тапқан «Елес», «Жол үстінде», «Әнші», «Жапырақтар», «Қара бақсы» және т.б. әңгімелері бар. Жазушының алғашқы күрделі шығармасы - «Қартқожа» романы.
Роман 1926 жылы басылып шықты. Бұл – кеңестік дәуірдегі алғашқы қазақ романы болуымен бірге, ХХ ғасыр басындағы осы тұрғыдағыталпыныстардың жалғасы ретінде роман жазуға деген жаңа бір серпіліс әкелген шығарма.
«Қартқожа» романы — автор қиялынан емес, болған оқиғаның негізінде жазылған дүние. Ж. Аймауытов өмір шындығынан алынған оқиғалар жүйесін көркемдік қиялмен ұштастыра отырып, дәуір келбетін ашатын көлемді туынды жасай білген.
Романның бас кейіпкерінің түп тұлғасы - өмірде болған, ұзақ жылдар устаздык кызмет етіп, кейін репрессияға ұшыраған Қартқожа Жананұлы Тоганбаев деген ардақты азамат.
Жазушы ХІХ ғасырдың соңында дүниеге келіп, ХХ ғасыр басында еңбекке араласып, кеңестік дәуірдің алғашкы кезеңінде жаңа құрылысқа белсене араласкан карапайым адамның коғамдағы орнына айрықша назар аударады. Максат - коғамдағы өзгерістерді қарапайым адамның көзқарасы, танымбілігі, қабылдауы арқылы көрсету.
«Қартқожа» - реалистік шығарма. Онда жоқтан бар жасау жоқ. Оки- ганың өрісі өмір шындығынан нәр алып жатады. Бір кезде молда алдында отырған бұйығы қара бала өсе келе, сол кездегі қазақ қоғамында болған тарихи оқиғаларға араласып, ерекше көзге түспесе де, көрген-білгенінен өзінше ой түйеді. Бұл оның азамат ретінде қалыптасуына әсер етеді.
Бала күндегі жетімдік, мәнсіз молда оқуы, 1916 жылғы көтеріліске катысу, солдатқа алыну, жаңа оқудың есігін ашып, ұстаз болу, міне, Қарт- кожа өткен өмір жолы осы. Оның әрбір кезеңінде ешбір алып-жұлып бара жатқан ерекшелігімен көзге түспейтін кейіпкерін автор бір ғана жылт еткен іс-әрекет, мінез-құлық құбылысы арқылы даралап отырады. Сол арқылы оның өзіне ғана тән болмысы танылып-ақ қалады.
Мәселен, молда алдынан сабақ алып жүрген көп шуылдак арасында
Қартқожа еш ерекшеленбейді, қайта солардың көбінен төмен сияқты, бірак оны сүйкімді ететін – момын баланың оқуға деген құштарлығы. Өзгелердіелең қылмай, сабаққа беріліп отыратын шыдамдылығы. Қартқожаны жуассынып, басынып балалар үстінен түспейтін. Шайнап-шайнап домалақтаған қағазбен атып, әйтпесе: «Мынаны қарашы», – деп мұрнынан түртіп қалып, болмаса маңдайын өлшеп, мазақтай беретін. Қартқожа оларды артық елең қылмайтын, ең ашуланғанда ғана: «Қой деймін, жындымысың өзің», деп сабағын оқи беретін. Өзге бала алақтап, ойнап, сабақ оқыған болып, өтірік ыңылдап, болса бірдеңемен алданып, сарылып отырғанда, Қартқожа жалықпай, қағазын шұқылап, «Құл ағузі-ден» шығып, «Бірінәлнасқа» түсіп, екі-үш күнде «Уәсуаәс әл ханастарға» да барып, қалатын. ... Осылайша жазы қысы оқып, баспа түркі жазба танып,хат жазатын болды». Жәбір көріп өскен момақанның көзін ашқан еңбек екенін жазушы осылайша қарапайым ғана суреттей отырып жеткізеді. Келешектен үміт үзбейтін, қоғамдағы өз орнын табуға талаптанған талапкердің өмір жолы қиын болғанымен, сол қиындықтарды жеңуге ұмтылдыратын да, жеңдіретін де – ішкі тінінің мықтылығымен, жан дүниедегі бұйығы жатқан бұла күштің қуаты.

Жазушы Қартқожаның тек сабақ жаттап қана жүрген жас еместігін, болашақ тағдыр талқысына түскен тұста өзінің таным-түйсігі арқылы тура жолды таба алған кейіпкерін «оятқан» оку екендігін, оны әрқилы жағдайғақатысты өзіндік ой қорытындыларын көрсету арқылы бейнелей отырып береді. Автор суреттеуіндегі бас кейіпкердің «Телміріп терең ойдың соңынан ерер» сәттері осының нақты белгісі. «Қайсыбірін айтарсың қорлық-зорлыгы толып жатыр. Осының бәрі Қартқожаны ойландырды, жанын кейітті: «Әттең менің кедейлігім-ау! Әйтпесе солардың менен ақылы артық па? Зейіні артық па? Артық болса, малы артық. Дүние шіркін-ай! Кегімді алатын да күн болар ма екен!..» деп, ішінен зығыры қайнап жүрді. Ол онымен тұрсын. Жалғыз өз басы ма? Күштілер әкесіне де зорлық етпеді ме? Мақымет бай үйлерінің бір құнан өгізін карызға алып, неше сұраса да ол бермей қойды. Мақымет болыспен кұда: оған шамасы қалай келсін? Оның үстінен кімге шаксын. Болыс, тілмаш, ауылнай шабарман дегендерді, тағы түрлі «адам» болған «атқа мінерлерді» Қартқожа зорлықшыл, жалмауыз, жан алғыш деп ұғушы еді».


Біз бұдан көргенін көңіліне тоқып, одан ой қорыта бастаған балаң жігітті танимыз. Туындыгер болашақ саралы оқиғалар тұсында саналы әрекеттер жасайтын Қартқожа сынды кейіпкерін азаматтыққа осылайша сатылай оты- рып жеткізеді.
Қартқожа 1916 жылғы оқиғалар кезінде өсіп-жетіліп адами, адамгер- шілік қасиеттерімен ерекшелене түседі. Оқуға деген арманын үзген осынау зұлмат оқиғаның тұсында ол өмірдің қатқабат құбылысын терең таниды. Мұның ішіндегі ең бастысы, таптық қайшылықтың, әділетсіздіктің қайдан шығарын түйсінуі болатын.Ал солдатқа алыну, әскер өмірі балаң бозбаланы ширата түседі. Бұл Қартқожаның ой-санасының өсуінің бір белесі. Ол енді ақ-қараны айырар дәрежеге жетеді. Елге келіп, сол баяғы күй тағы алдынан шыққанда, әділетсіздікке қарсы күресуге әрекет жасайды. Біз бұдан әділдік жолындағы күреске дайын азаматты көреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет