Xx ғ. б. қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттардың ерекшелігін саралаңыз


Оның ендігі түйгені - әділеттің жеңісін әкелер майданда ең мықты қару білім



бет76/96
Дата25.12.2023
өлшемі400,45 Kb.
#199233
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   96
Байланысты:
соңғысы ХХ ғасыр нақты номерленген.

Оның ендігі түйгені - әділеттің жеңісін әкелер майданда ең мықты қару білім екендігі. Мұны автор кейіпкерінің ішкі толғанысы арқылы береді: «Кедейден береке шықпасын білген соң, Қартқожа енді басқа шара іздеді. Ойлаған сайын Андрейдің сөздері есіне түседі.
«Рас-ақ, Андрей оку окы деп еді-ау! Оқысаң ақыңды ешкім жей алмайды деп еді-ау! Окуға бұрыннан құмар едім ғой... Енді даланың, қаланың жайын әбден біліп алдым. Мен сияқты оқыған жігіттер қала-қалада көрінеді. Енді окуга кетсем қайтер екен? Үйде мал тауып шаруа істеп отырғам жоқ. Күнді босқа өткізіп отырмыз ғой. Қой мен оқиын!
...Үйіне жеткенше ойлағаны осы болды?» Қартқожа ұзақ толғаныстан соң, осындай нақты шешімге келеді. Бұл жаңа жолға бет бұрудың басы еді. Қаншама қиындықтарды басынан кешірсе де, ол алған бетінен қайтпай, ақыры білігі мен білімі бар азаматқа айналады. Аңсаған білімге қол жеткізу алғашқы, жеңіс биігі болатын
Білім нұрынан көкірек көзі ашылған Қартқожа енді күрес жолына шығады. Әлді мен әлсіздін, бай мен кедейдің тартысы тұсында екінші жактын жактасына айналады. Оның алған білім аркылы өмірден түйген, таныған шындығы осы. Бір кездегі момын Қартқожаны таптык күреске араластырған өмір тәжірибесі мен білім сәулесі.
Автордың өз кейіпкерін осынау жолға ұзақ дайындықпен әкелуі, әрі нанымды, әрі дәлелді. Қартқожа секілді қарапайым адамның бірте-бірте үлкен азаматтык істерге араласуының сенімді шығуы, жазушының өз кейіпке- рін жан-жақты аша білуінде.
«Қартқожа» сынды реалистік туындының өмір шындығынан ойып алынған көркемдік шындығы аса нанымды. Шағын көлемді шығармада замана шындығы, уақыт бедері менмұндалап, айқын танылып тұр. Өйткені қаламгер өз тақырыбын өте жетік біледі.
Уақыт пен кезеңнің уысында сығылған кер заманның болмысы Ж. Аймауытов санасында сурет болып жатталып, көкірегінде көркем дүние болып піскен-ді. Өйткені шығармадағы Қартқожа өткен өмір жолын жазушы Жүсіпбек те шиырлаған-ды. Сондықтан да шығарманың бас кейіпкері Қартқожа бейнесі - түптұлға Қартқожаның ғана бейнесі емес, уақыт ұстынындағы «қартқожалар» мен «жүсіпбектердің» өмірінен алынған оқиғалар мен мінез-құлық сипаттарды бойына жинақтаған типтік бейне.
Бұл туралы жазушының өзі былай дейді: «Қартқожада» підия алатын бала молданы оқысақ, ол өзім. Қартқожаның әкешешесін көрсек, ол - өз әке-шешем». Яғни жазушы көз көрген, бастан өткерген оқиғаларды екшейелей отыра, кейіпкер өмірін сөз өнерінің шарттарына сай көркем қиял арқылы қиюластырып әкетеді. Сөйтіп, көркемдік шындығы көңілге күдік ұялатпас туынды жасап шығады. Шығарманың шынайы шыншылдығыныңмәні де осында жатыр. Романдағы Қартқожа ғана емес, оны қоршаған кейіпкерлер де өз орнын тауып тұр. Әкесі Жұман, ағасы Тұңғышбай Қартқожаның өзіне тән мінез- кұлқын ашуда, адами қасиетін танып білуде белгілі қызмет атқарады.
Қартқожаның окуға деген құштарлығын арттыруда, азамат болып ка- лыптасуында оқыған жас Жүністің елеулі орны бар. Солдатта жүріп дос болған Андрейдің де оның саяси көзқарасының қалыптасуындағы еңбегі аз емес.
Жалпы, Жүсіпбек Аймауытовтың «Қартқожа» романы - революцияның алды-арты тұсындағы қазақ қоғамындағы өзгерістер келбетін келісті суреттеп, дәуір шындығын бас кейіпкердің өмір жолы арқылы жан-жақты бей- нелеген роман. Ахмет Байтұрсынұлы баламасы бойынша ұлы әңгіме деп танылатын «Қартқожа» романы - Жүсіпбек Аймауытовтың осы кең көлемді жанрдағы алғашқы тәжірибесі, соған қарамастан жазушы өз туындысын жанрға қойылар талап деңгейінен шығара алған.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет