Xx ғ. б. қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттардың ерекшелігін саралаңыз


М. Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» әңгімесін талдаңыз



бет79/96
Дата25.12.2023
өлшемі400,45 Kb.
#199233
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   96
Байланысты:
соңғысы ХХ ғасыр нақты номерленген.

М. Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» әңгімесін талдаңыз.

Мағжан Жұмабаев өзінің жазушылық, суреткерлік шеберлігін осы бір әңгімесінен-ақ айқын көрсете білді. Әйел тағдыры - қазақ әдебиетіндегі ең бір тамырлы, бұрыннан мол жырланып келе жатқан тақырып. Ескі ауылдың моральдік-әлеуметтік бейнесін, салт-сана ерекшелігін айқындаушы күрделі құбылыстың бәрі де осы әйелге көзқарас, әйел тағдыры арқылы өрбиді. М.Жұмабаев әйел басындағы қым-қуыт тіршілік құбылыстарын жүрегімен сезініп, түйсінеді. Әңгімені дамытушы - сезім күші мен ой ағымы. "Шолпанның күнәсі" әңгімесіне өзінше нәр, сыр бере түсуі ақын сезімінің, түсінігінің тереңдігінен. Шолпан образын ерекше бір сарын, тебіреніспен әкеліп енгізудің өзі жаңалық.
Әңгіменің бас кейіпкері Шолпан - әртүрлі сыртқы жағдайлардың және ішкі толқыныстардың нәтижесінде үнемі өзгеріп, дамып отыратын бейне. Шолпан - қасірет жамылған қайғылы әйел. Өзінің бақыты үшін күнделікті өмірін тәрк етіп, тәуекелге бел байлаған қайсар әйел. Шолпан, Сәрсенбай, Өзімбай араларындағы байланыста реалистік шындық, психологиялық сенім жақсы бейнеленген.
Шолпанның күнәсі - Сәрсенбайды шынайы сүйгендігі. Шолпанды күнәлі әрекетке итермелеген оның Сәрсенбайға деген махаббаты еді. Егер де Сәрсенбай Шолпанмен ашылып сөйлесіп, сырласып, жанына жақын тартқанда, мүмкін Шолпан ондай әрекетке бармас еді. Шолпан бала зарын бір өзі тартып, жоқты бір өзі іздеуге мәжбүр болады. Шолпан өзіне-өзі сауал қойып, сол қойылған сауалдарға өзі жауап іздейді. Сәрсенбай Шолпанға: "Мен сенен бала сұрадым ба?", - дейді. Шолпан не үшін Әзімбайды таңдады? Шолпан не себепті Сәрсенбайға іштегі сырын айтпады? Осы сынды сауалдарға жауап іздеу барысында біз Шолпанды күнәлі әрекетке итермелеген Сәрсенбай өкендігіне көз жеткіземіз.
Шолпанның күнәсі әңгімесі 1923 жылы Шолпан журналының № 4, 5, 6, 7, 8 сандарында жарияланған. Шағын әңгімеде ой көп, үлкен проблема бар. Шолпан - жасандылықтан ада, риясыз шындықпен бейнеленген образ. Әңгіме сол кездің жалаң үгіті мен насихатына өш мойын бұрмаған, шағын жанрдың нағыз көркем үлгісін көрсететін шығарма. Әсіресе Мағжанның адам жанының психологиялық қатпарларын шынайы ашып берген, нәрі мол, қуаты күшті, айшықты жазылған Шолпанның күнәсі әңгімесі қазақ прозасына жаңа бағыт сілтегендей болып еді.
Шолпанның күнәсі әңгімесі жанры жағынан бұл - психологиялық әңгіме. Жан әлемінің құпия сырларын саралайды.Осының арқасында бала көру сияқты қарапайым тақырып биік адамгершілік өреге көтеріліп, адамның құлықтылығы, бас бостандығы проблемаларына ойысады.
«Автор ішкі монолог арқылы Шолпанның жан дүниесін шебер бейнелейді. «Балалы болсам, әдемі өмірім бұзылады-ау», деп ойлайтын еді Шолпан…Бала туса күйеуімен екеуінің ортасында бір тікенек өсетіндей болушы еді…Қиюласып қосылған екі жанның арасына жат бір үшінші жан түскен соң, екеуінің де жалынды, екпінді махаббаты бүлінер, бәсеңдер, суынар деп қорқушы еді Шолпан.Ішкі монолог кейіпкер жан дүниесінде әбден толысқан ойды бейнелейді.
Әңгіменің «Шолпанның күнәсі» деп аталуының өзінде терең мағына жатыр. Бұл жерде кінә мен күнә деген ұғымдарды ажыратуымыз керек. «Кінә мен күнә синонимдер емес, екеуі екі жағдайда белгілі болатын дүниетанымдық ұғымдар, олардың басты айырмашылығы сонда, кінә – адам мен адамға қатысты болса, күнә –адам мен жаратушыға қатысты, нақты айтқанда, алла мен адам арасындағы мәселе»
Ал, Шолпан күнә жасады ма, кінә жасады ма деген сұрақ пайда болады. Шолпанның күнәсі құдайдан бала берме деп дұға етуі . Бұл алла бұйрығына, табиғат заңына қарсы әрекет еді. Шолпанның күнәлі болуына біріншіден, отбасылық өмірдің бал күндерін қимау ниетінен болса, екіншіден, Сәрсенбайдың бала сүюге ықылассыздығы әсер етті. «Дұрысы, баласыз өмір бос өмір деген сөзді басқа талай адамдардан естіді, бір-ақ жаны сүйген жарынан естіген жоқ. Ғашық адамға құранның аяты қасиетті емес, жарының сөзі қасиетті, жарынан басқа адамның сөзін не қылсын Шолпан!» Демек Шолпан күнәлі болды. Үш жылдан соң Шолпан өз күнәсін түсінеді, тәубесіне келеді. Күнәсін мойындаған Шолпан Алланың рақметінен де құр қалмады.
Екіншіден, Шолпан қазақтың ұлттық танымына сай әрбір әйелдің өмірінің мәні ана атану екенін түсінген парасатты келіншек ретінде сипатталады. Себебі Шолпан сәби сүю бақытын, ана атану деген сияқты сезімнің өмірде барын білді, өмірлік ұстанымы етті..Қорыта келгенде, «Шолпанның күнәсі» әңгімесінде ұлттық психологизмді пайдалана отырып, М. Жұмабайұлы Шолпанның бейнесі арқылы дәстүрлі қазақ отбасындағы үлгілі әйелдің үздік бейнесін көрсетті . Оны оқырманға анық сездіру үшін автор Шолпанды сан қырлы қасиеттермен мүсіндеген. Дәлірек айтсақ, отбасы бірлігін сақтаған, құдай қосқан қосағының бақытын ойлаған, ұрпақ жалғастыру қамына терең мән берген қазақи болмысты әйелдің бейнесін толық сипаттай білген.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет