Xx ғ. б. қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттардың ерекшелігін саралаңыз


Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр» поэмасының ерекшелігін түйіндеңіз



бет87/96
Дата25.12.2023
өлшемі400,45 Kb.
#199233
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   96
Байланысты:
соңғысы ХХ ғасыр нақты номерленген.

Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр» поэмасының ерекшелігін түйіндеңіз

«Қалқаман-Мамыр» дастанын Шәкәрім «тарихи хикая» деп атаған. Ол заңды да еді. Себебі Қалқаман мен Мамырдың арасындағы ғашықтық төңірегіндегі трагедиялық оқиға жайындағы әңгіме ел аузында бұрыннан-ақ аңыз ретінде айтылып жүретін. Өзінің айналасындағы салт-дәстүрлік кереғарлықты, әлеуметтік әділетсіздікті барынша сезініп, көңіліне тоқи білген Шәкәрім үшін Қалқаман мен Мамырдың басынан өткен трагедиялық ахуал өзі өмір сүріп отырған қоғам жөніндегі өз үнін, өзінің азаматтық, перзенттік үкімін паш етудің кілті болды.
Ақын осынау махаббат мұңлықтарының басындағы қайғылы хал мен ел, қоғам басындағы трагедияны асқан шеберлікпен, ақындық көрегендікпен ұштастыра отырып, ол туралы тамаша туынды жасай білді. Ел ішіндегі бір ғана махаббат тарихын баяндау арқылы ақын қазақ қоғамының сол кезеңдегі этнологиялық, психологиялық сыр-сипатын ашып берді. Поэманың ең басты құндылығы оның әлеуметтік астарының тереңдігінде жатыр дейтініміз сондыктан.
Шығарманың басында-ақ ақын ондағы оқиғаның болып өткен мерзімі мен мекенінен нақты деректер ұсынады. Ондағы уақыт пен кеңістік нүктелері, басты кейіпкерлердің жай-күйі хабарланады.
Бір кездеортақ тамырдан өсіп-өнген атаның балалары уақыт көшінің керуенінде тармақтала келе ауыл-ауыл болып кеткен. Поэманың басты қаһармандары Қалқаман мен Мамыр аталас жандар. Екеуі де жас, бірін бірі жақсы біледі. Қыз болса да, кішкентайынан ұл орнында тәрбиеленіп, еркекшора болып өскен Мамыр бұл кезде сол әдетімен астына жарау ат мініп, қарына бозбалаларша құрық іліп жылқы бағады. Өзі ештеңеден тарлық көрмей өскен атақты бай тұқымының қызы. Осылай жүргенде бірімен-бірі тең, құрбылас Мамыр мен Қалқаман бір күні жылқыда кездеседі, оңашада еркін сөйлеседі. Әңгіме үстінде жігіт қызға жұмбақ мысал айтады. Табиғатынан зерделі қыз жігіттің жұмбаққа орап айтқан пікірін орайымен сабақтап әкетеді. Дәл осы сәттен бастап екі жастың арасындағы махаббат атты ұлы сезімнің ұшқыны жылт етіп тұтанғандай, қос мұңлықтың лүпіл қаққан жүректеріне от бергендей болады. Мамыр қыз Қалқаманның тілегіне аз уақыт ойланып, жауап беруге уәде етеді.
Осы көріністердің қай-қайсысы да Шәкәрімнің дастанында аса нанымды, әрі шынайы халықтық қасиетте танылады. Бірінің жүрегіне бірі от салған жігіт пен қыздың өз сезімдерін ә дегеннен-ақ анайы түрде ақтара салмай, аса инабаттылықпен жұмбақтап жеткізуі де, дәл осы кездесу сахнасында екі жастың табиғи болмысындағы ақылдылық пен ибалылық белгілерінің көрініс беруі де сол кезеңдегі халықтық этикаға, ұлттық мінез-құлыққа, дәстүрлі мораль мен психологияға сәйкес мінездердің көрінісі еді. Автор баяндауының астарында міне осы секілді мазмұндық, тағлымдық, тереңдік сезіледі. Шығарманың реалистік бояуын да осындай қасиеттер барынша жарқыратып айқындап береді.
Бір өкініштісі, екі жастың қосылуына қарсылық жасайтын кедергілер өте көп. Барлық себептерді былай қойғанда, Қалқаман мен Мамырдың қандастық, туыстық жағынан ілік-шатыстығы бар. Ғашықтар оқиғасы сүттей ұйып отырған ағайын арасындағы үлкен даудың өршуіне себеп болады.
Шығарма оқиғасының осы тұсында да қазақ тұрмысына тән салт-дәстүрлік фактор бірінші планға шығады. Ғашықтар ғұмыр кешкен бұл дәуір ағайындық моральдың, ел мен ру қатынасының аса орнықты тұрған шағы болатын. Сол себепті де Көкенай Мамырды оққа байлар мезет туғанда, ешкімнің ақыл-кеңесін қажет етпейді, өз әміріне жүгінеді. Тіпті жар дегенде жалғыз перзентіне ара түсуге қолында күші де, айбары да бар қыз ата-анасының да шамасы келмейді. Айналадағы қалың қауымның да үні естілмейді. Барлығы қыз бен жігіттің әрекетін айыптайды. Барлығының бағынатыны – ел ішіндегі салт-дәстүр тәртібі. Көкенай – сол тәртіптің сақшысы.
Поэмадағы негізгі ой арқауы – ғашығы Мамырды өлтірген, өзін ажалға байлап берген опасыз елдің ішінен Қалқаманның оқшауланып кетуі. Оның себебі – қоғамдағы әділетсіздік, ескілік психологиясы, ата-баба салтына негізделген халықтық сана. Қалқаманның оқтан аман қалған сәтте қуана айқайлаған қалың көпшіліктің ішіне еніп кетпей, жаралы күйде атының жалын құшқан қалпы бір төбенің басына барып тоқтауы да шығарма идеясынан хабар беріп тұрған әдемі эпизод. Осы оқшаулану Қалқаманның жан дүниесіндегі алапат өзгерістерді, шариғат пен ұлттық әдет-ғұрып арасындағы тартысты көре түрып, соған қарсы істер айла таппаған ағайындарына деген көзқарасындағы, перзенттік сезіміндегі төңкерісті байқатса керек.
Поэмада ақын ел бірлігін бәрінен жоғары қояды. Сол себепті де болар, ойшыл Шәкәрім тарихи дамудың осы секілді ішкі заңдылықтарына, тіпті оның келеңсіздіктеріне де төрелік айтып жатпайды, қарсылық білдірмейді, өз үкімін ұсынбайды. Бір жағынан екі ғашықтың тағдырына жанашырлығын сездіріп, гуманистік қалпын танытса, сонымен бірге оған қарсы күштердің іс-әрекетіне оң-теріс дегендей баға да бермейді. Тарихи кезеңнің мінез-құлық психологиясын бағалауды оқырманның үлесіне қалдырады.
«Қалқаман – Мамырдағы» қай кейіпкердің іс-әрекеті болсын дастанда өзі ғұмыр кешкен тарихи уақыт пен кеңістіктің сипатынан, өз заманына сай психологиядан, салт-саналық қағидалардан өрбіп жатады. Ондағы тартыстың өзі психологиялық сипатта. Ол негізінен салт-сана аясындағы тартыс, әлеуметтік ой-түсініктер арасындағы қақтығыс болып келеді. Ширақ драматизмнің, ішкі шиеленістің бастауы осында жатыр. Поэмадағы тартыс жай гана махаббат касіретін аркау етпейді, онда қоршаған ортаның психологиясындағы қайшылықтармен астарласқан салт-сана тартысы бар.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет