Xx ғ. б. қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттардың ерекшелігін саралаңыз


С. Сейфуллиннің "Аққудың айрылуы" поэмасының тақырыптық идеясын зерделеңіз



бет84/96
Дата25.12.2023
өлшемі400,45 Kb.
#199233
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   96
Байланысты:
соңғысы ХХ ғасыр нақты номерленген.

С. Сейфуллиннің "Аққудың айрылуы" поэмасының тақырыптық идеясын зерделеңіз

Поэмадағы басты тақырыптық идеясы:
Табиғатты қорғау керек; Сұлулықты бағалай білу керек; Өмірде қатыгездіктің болуы; Аққу құс - мәңгілік махаббат иесі; Екі аққудың аянышты тағдыры.
«Аққудың айырылуы» поэмасында махаббат күші аллегория арқылы күшейтіліп беріледі. Мұнда махаббат символы ретінде аққу алынады. Айдын көлде жүзген екі аққудың біреуін мерген атып түсіріп, алып кетеді. Бұл жұбын жазбас қос ғашықтық бірі өлген жерде бірі өлмек серті бар. Екінші аққу сүйген жұбайының өліміне шыдай алмай еңіреп, мергенге «мені де ат» деп өтінеді. Қасиетті аққуды қапыда атып салғанына мергеннің өзі де өкінішті, ол алдына төніп келген аққуға тимейді. Бірақ ғашық жарсыз өмірді мағынасыз санаған аққу аспанға шарықтап ұшып көтеріліп, мергеннің дәл алдына құлап түсіп, тасқа соғылып өледі. Сүйікті жұбайымен бірге өліп, сертке жетіп, тыныштық табады. Романтикалық бейнелеу әдісімен берілген ұлы махаббат жайындағы бұл тамаша хикаяда қасірет тартып, бақытсыз өмір сүруден гөрі, жалынды махаббат, айнымас серт, ізгі достық жолында өлген артық деген идея берілген.
Бұл поэмада достық пен махаббаттың ғажайып сыры, айдын көлдің сұлулығы, сол көлді жайлаған жұбай аққу¬лардың сылаңдап жүзген жарастықты көркі, сол сүйікті жұбай аққулардың аянышты ажалы — бәрі де шынайы ақындық шеберлікпен суреттеледі. Сыртқы сұлулық, әрі ішкі нәзік жан сыры осы бір шағын поэманың бойында жинақталып берліген.
Жалпы, Сәкен ақынның ақындың қарымын танытқан поэма қазақ өлеңіндегі көркемдік деңгейі жоғары, кісіге рухани ләззат бағыштай алатын шоқтықты шығарма.



  1. С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы дәуір шындығын сипаттаңыз.

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың үлкен жанрдағы алғашқы туындысы — 1914 жылы жазылған «Қамар сұлу» романы.
«Қамар сұлу» — реалистік шығарма. Романда ХХ ғасыр¬дың басындағы Қазақ ұлтының әлеуметтік өмірі, тыныс-тіршілігі нақты көрініс тапқан. Шығарманың негізгі тақы¬рыбы әйел теңсіздігі. Роман бір-біріне қарама-қарсы екі топ арасындағы тартысқа құрылған. Бірінші топ өкілдері Оспан, Қалтан, Нұрым, Әбділдә ишан арқылы бейнеленсе, екінші топ жас ұрпақ — Ахмет, Қамар, Қасендер арқылы көрсеті¬леді. Қамар Ахметті сүйеді. Алайда әйелі өлген Нұрым болыс жас айырмашылығына қарамай, оған еріксіз үйленгісі келді. Қамар оған көнбеді. Нұрым Қамарға зорлықпен үйленді. Мұның ақыры үлкен трагедияға соқтырып, Қамардың өліміне алып келеді.
Романның негізгі кейіпкері — Қамар. Ол өзінің адамдық құқын, махаббат еркіндігін қорғауға ұмтылады. Нәзік жанды жас қыз — романдағы бүкіл оқиғаның желісін ұстап тұрған негізгі тұлға. Қамар — әрекетшіл бейне, өз бақыты жолында әлсіздеу болса да өмірінің соңына дейін күресіп, қарсылық жасауға әрекеттенеді. Автор өз кейіпкерінің болмысын өзгелерден оқ бойы оздырып тұрған басты белгі оқығандығында деп біледі.
Ақын Қамардың оқығандығын өз тағдырына өзі араша түсуге мүмкіндігінің молдығы ретінде көрсетеді. Оқымаған Қазақ қыздары өз бостандықтары үшін күреспек түгіл, ол туралы ойлай да алмайды деген ойды меңзейді автор. Бұл сияқты білімді, парасатты қыздардың көбейе келе, өз еркіндіктері жолында батыл қимыл жасай алатынына зор сенім білдіреді. Қамар образын сомдаудағы автор айтпақ болған ой мен тәрбиелік мән, міне, осында жатыр.
Шығарма Қамардың ескі әдет-салттың құрбаны болуы¬мен, оның ертеңгі ұрпаққа айтқан зарымен аяқта¬лады. Ол өлім аузында жатса да адамдық арын биік қояды. «Ахметтен басқа жанды сүйгізбей ал!» деген тілек айтып, дүние¬ден адал боп өтуді армандайды. Жастардың еркіндігін аяққа таптаған қоғамдық өмір заңына лағнет айтып, өзінен кейінгі Қазақ қыздарының бас бостандығына қол жеткізуін тілейді.
Қамар — бүкіл болмысымен, ақыл-ойымен, білімімен адамдық құқын қорғау жолындағы күреске талпынған Қазақ қыз¬дары¬ның типтік бейнесі.
Романдағы Қамардан кейінгі тұлға — Ахмет. Ақын оны өз заманының озық ойлы азаматы ретінде суреттейді. Ахмет — өз дәуірінің шындығы мен автордың өзі тәріздес ағарту¬шылар тілегінен туған типтік образ.
Шығарманың соңында Ахметтің шектен асқан зорлыққа күш көрсетуден басқа амалы қалмағанын көрсетеді. Қамар¬мен қоштасарында: «Көрсеткен саған қорлық жауыздардан, кетермін тым құрғанда өшімді алып», — деген сөзін ол бұлжытпай орындап, молданы өлтіреді, Нұрымды жаралай¬ды. Өзі де «бұл дүниенің залым тұрмысынан ақіреттің әділ тұрмысына» сапар шегеді. Шығарма оның осы бір оқыс қимылымен аяқталады. Бұл надандық пен зорлыққа қарсы күрестің белгісі. Ол Ахмет өлімімен бітіп қалмайды. Жалғасы ертеңде жатырғаны мәлім.
«Қамар сұлу» романындағы ендігі бір шыншылдықпен бейнеленген образдар саласы — ұнамсыз кейіпкерлер бейнесі. Жазушы ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақ ауылындағы кертартпа әдет-ғұрыптар мен надандықты, зорлық-зомбылық, әділетсіздіктерді қоғамдық озбыр топтардың түрлі өкіл-дерінің бейнелері арқылы шебер де ұтымды әшкерелейді. Дін иелерін: Қалтан қажы, Бәйтік молда, Әбділдә ишан, Көңілбай бақсы арқылы көрсетсе, билеуші таптың өкіл¬дерін — Оспан, Нұрым образдары арқылы шынайы бейне¬лейді.
Қалтан қажы мен Оспан би шығармада Қамардың жақын туыстары болып келеді. Алайда оларға бедел, мансап, бай¬лықтан жақын жоқ. Олар — жанында жылу, жүрегінде мейі¬рім жоқ тоғышарлар. Қалтан мен Оспан — күні өткеніне қарамастан, жорға Нұрымдардың беделін пайдаланып, дін жолымен де, ескі салт жолымен де елге билігін жүргізіп қалу¬ды көздеген ескі ел билеушілерінің қалдығы.
Романдағы ең басты жағымсыз образ — Нұрым болыс. Жазушы Нұрымды билік үстінде емес, Қамарға қатысы арқылы танытуға ұмтылған. Автор Нұрымның адамдық қасиетінің төмендігін, надандығы мен пасық-тығын ашып көрсетуді мақсат еткен.
Сондықтан да жазушы Нұрымның портреті мен мінез—құлқын шынайы көрсетуге ұмтылады. Жазушы Нұрымның портретін былай береді: «... әліпті таяқ деп білмейтін надан, пішіні де жаман, аузы толған боқауыз бен былш-былш насы¬бай, елу шамасында жасы бар, қой басындай басы бар, жай форымының өзі сұп-суық, бүйі секілді түксиген, күпсиген, бұқа мойын, өгіз құрсақ, алақан көз, жайын ауыз, дорба сақал, тоқпақ мұрын, бір түрлі нысаналы жануар едің. Міне, Қамар басына қара түнек боп орнаған дүлейдің кейпі — осы. Одан Қамардың мерт болмай, аман құтылуы мүмкін емес еді. Ахметтің соңғы арпалысында, оның жаралы болып құтылып кетуі де Нұрым тектестердің әлі талай аяқтан шаларына меңзегендей.
Қорыта айтқанда, «Қамар сұлу» романы — өзінің мазмұны жағынан да, көркемдігі жағынан да жалғыз Сұлтанмахмұт шығармашылығын¬дағы ғана емес, жалпы Қазақ әдебиеті тарихындағы орны үлкен туынды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет