Xx ғ. б. қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттардың ерекшелігін саралаңыз



бет81/96
Дата25.12.2023
өлшемі400,45 Kb.
#199233
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   96
Байланысты:
соңғысы ХХ ғасыр нақты номерленген.

Ғайынкамал – байдың оқыған қызы. Сауатты, көзі ашық. Қазақ ұғымындағы үлкен қалада, Уфада үлкен оқу-медреседе оқыған. Өмір туралы ойы, идеалы, мақсаты осында қалыптасқан. Әкесі Ғайса да көзі ашық, көкірегі ояу, заман тілін түсінген, оған ілесіп отыруды мақсат қылған жан. Қызын малға сатып, қалың мал алып баю оның ойында жоқ. Реті келсе қызы теңіне қосылса екен деп армандайды. Романда әке, бала тілегі қабысып жатыр. Араларында қақтығыс түгіл қайшылық та жоқ.Романда ел басына ауыр, қиын күндер төніп тұрғанда ауыл аралап сұлу қыз, қалыңдық іздеп жүрген бай балаларына деген авторлық ирония, юмор бар.Т.Жомартбаев өзінің ағартушылық, демократтық көзқарасын, идеясын жеткізу үшін қазақ қыздарының бостандығы, теңдігі тақырыбын таңдаған.
“Қыз көрелік” туралы пікір айтушыларды біраз ойға қалдырған мәселе ағартушы-демократтық идеясы айқын, терең мазмұны бар шығармада ертегі фабуласының пайдаланылуы, әрі оның Т.Жомартбаев романы құрылымының синтетикалық сипатын ғана танытпай, көркем мазмұнын да белгілеуі.Роман соңында теңі Мұхаметқалиға қосылып, Семей қаласында қазақ жастарын оқытып жатқан Ғайынкамал туралы айта келе, Т.Жомартбаев өз мақсатын былай түйіндейді: “Басында ықтияры бар бақытты қыздар кімді сүйсе, өз басының қор болмас қамын ойлайды. Кіммен сүйіп өмір сүрсе, жақсы өмір сүреді, соны ойлап басында миы, көкірегінде ойы, санасы бар қыздар балияға толған соң өзінің теңін тауып алып, теңін біліп, өзіне қандай адам өмірлік болуға жарайды, соны талап қылып іздей бастайды”



  1. Б. Майлиннің «Сексен сом» әңгімесінің идеясы туралы баяндаңыз

Қазақ әдебиетінің негізін салушы көркем сөз шеберлерінің бірі – Бейімбет Майлин. Әдебиеттің поэзия, проза, драматургия саласында бірдей қажырлы да жемісті еңбек етіп, көркемдік жағынан құнды, көлемі жағынан мол, тәрбиелік мәні зор мұра қалдырды.Прозадағы алғашқы шығармаларының бірі – «Сексен сом». Мұнда Егеубай деген кедейдің бір күндік өмірін суреттеу арқылы жазушы «елім, жұртым» деп өтірік көлгірсіген алаш өкіметінің елді тонаушылық саясатының бет пердесін әшкерелейді. Жалғыз аты бар Егеубайға «алашорда» ашылыпты, соның шығыны деп үй басы «сексен сом» беретін болдық» деген Тынымбайдың хабары аспаннан жай түскендей көрінеді. Бұдан бір ай бұрын да 80 сомды төлей алмағаны, үшін «мынау большевик қарсылық көрсетіп тұр» деп ұстатып жібере жаздағаны есінде.
Енді,міне, «Сексен сом» үшін алаш жігіттері Егеубайдың жалғыз көк шолақ атын алып кетеді.Әдеби шығармадағы кейіпкердің ұлттық сипатымен ерекшеленген мінез-бітімі, оның белгілі бір халықтың өкілі екендігін танытатын психологиялық және ойлау, сөйлеу өзгешелігі. Ұлттық мінез саңлақ суреткер тұлғасында, олардың шығармаларындағы әдеби бейнелер табиғатында, әдеби бейнелердің жасалу жолдары мен тәсілдерінде, сондай-ақ сөз бейнелілігінде, сюжет құрамында, жанрлық түрлердің түзілуінде жатады да, халық тарихының әр түрлі кезеңдерінің қоғамдық сипатына байланысты, уақыттың озуы мен заман ағымына сәйкес үнемі өзгеріп отырады. Әр халықтың өз эпикалық туындыларын олардың талай замандар ұлт болып қалыптасуынан бөліп қарауға болмайды. Сондықтан шығармада ұлттық сипат болу үшін сол халықтың дүние танымын, психологиясын, әдет-ғұрыптарын білу керек.
Бұл жөнінде Н.В.Гоголь: Әр ақын өмірге өз халқының көзқарасымен қарап, әр нәрсені ұлттық психологияға сәйкес құбылыстай сезініп, толғанғанда ғана ұлттық сипатты бейнелеп беруі мүмкін», - деген ой айтады. Әр кейіпкердің образын ашуда жазушы ұлттық сипат көріністерін меңгерген. Әңгімелерді оқи отыра ұлтқа тән мінез-құлық, ұлттық сана, ұлттық болмыс пен ділді айқын аңғаруға болады, шығармаларының өн бойында қазақ қауымына тән ерекшеліктер тұнып тұр. Майталман суреткер ұлттық кейіпкерлердің тіршілік сыңайын әдет- дағдысын, мінез-психологиясын да қағазға айнытпай, иін қандыра түсіреді. Олармен кездескенде таныстарыңды көргендей боласың. Соларға ұқсас, солардан айнымайтын адамдарды айтып, атап отырасың.Қаламгер әңгімелерінде ауылдың қарапайым тірлігі, ел тұрмысы, ауыл келбеті, адамдардың жан қиярлық еңбектері, олардың түрлі құбылыстары тартымды суреттеледі.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет