Xx ғ. б. қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттардың ерекшелігін саралаңыз


М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасының мәнін ашып көрсетіңіз



бет77/96
Дата25.12.2023
өлшемі400,45 Kb.
#199233
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   96
Байланысты:
соңғысы ХХ ғасыр нақты номерленген.

М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасының мәнін ашып көрсетіңіз.

"Батыр Баян" поэмасы. Поэманың ең басты жетістігі – Баян батырдың шындықтан сомдалған шынайы көркем образының жасалуы. Ол – Сыздықтай, Кенесарыдай, Қорқыттай, Қойлыбайдай аңызбен астасып, ертегімен етене байланысып кеткен бейне емес, өмірдің реалды шындығынан жаралған толыққанды тұлға. Батыр Баян бейнесі оқырманға бірте-бірте ашылғанмен, ә дегенде-ақ, өзіне ерекше тартып, өзгеше қызықтырады.Бір жорықта қолға түскен қалмақ қызының аянышты тағдыры поэманың сюжеттік желісінің біріне айналған. Сөйтіп, қолға түскен қалмақ қызына Батыр Баянның туған інісі Ноян ессіз ғашық болады. Екі жас уағда бойынша қалмақ еліне қашуға тәуекел етеді. Бұған қатты күйінген Батыр Баян ашу үстінде екеуін де өлтіреді.Мағжан шеберлігінің сыры - тарихи шындық пен көркемдік шындықты жымдастырып жіберуі. Ел аңызы мен ақын қиялы бірін- бірі толықтыбірлік тауып, шығарманың шыншылдығын бекіте түседі.Поэма болмысында өзгеше орны бар қалмақ сұлуы Ақшамаңдай - қосалқы міндет атқарса да айтар ойға желі тартар, көркемдік шындықтың шым-ырлығы үшін қажет бейне. Тарихи шындығы көмескілеу, болған болмаған белгісіздеу бұл кейіпкерді Мағжан жүрегін емген арда сезімнен жаратқан. өзі сұлу, сөзі сиқыр сайтан қыз Ноянды махабаттың шылбырына мастап, сезімніңқұлына айналдырады. Махаббат отына күйіп-жанған екі жас, бірі - ессіз сезімнен естентанып, отанын оттан ыстық махаббатқа айырбастайды, екіншісі- мөлдір сезім, қилы махаббатты отанынаоралудыңқаруы етеді.
Ұлт ұйтқысы хан Абылай - шығармада тәуелсіздік айбары. Ол - кемеңгерлігін халқы мойындаған, айбынды елге арқалы тұтка ұлы тұлга. Жанама мінездеулер арқылы жұрттың оны мойындауын, мақтан тұтуын, дәріптеуін былай койғанда, ер шыдамас тағдыр талқысына түскен Баян батырдың жан дүниесі алай-дулей сәтте оныеске алуы - Абылай тұлгасын асқақтата түсудің бір тасы . Шығарманың негізгі мәні ұлт намысы, ердің ұлтқа деген адалдығы. Осының бәрін Баян тұлғасы арқылы суреттейді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет