С.Торайғыровтың «Кім жазықты?» романын сипаттаңыз.
Оның екі романы бар:
Қамар сұлу 1914 ж.
Кім жазықты? 1915 ж.
Сұлтанмахмұттың «Қамар сұлу» романынан гөрі «Кім жазықты?» романы бірсыпыра жақсы шыққан. Әлгі кемшіліктері үстіне, «Қамар сұлуда» жазушы өмірді кең қамти алмаған, әйел еркіндігі мәселесі төңірегінен ұзап шыға алмаған. Ал, «Кім жазықты?» романында ол өмірді кең қамтиды, бірқатар күрделі әлеуметтік мәселелерді қозғайды; романның оқиға, тартыстары дәлелді, нанымды, кейіпкерлері, әсіресе, ұнамды кейіпкерлері анық, жігерлі, іс-әрекет адамдары болыпкеледі. Бұл жағдайлар романның желісін қысқаша айтсақ, сонан да айқын көрінеді. Ал, романның желісі былайболып келеді:
Тасболат жері, малы көп бай, беделді адам: оны сол маңдағы қазақ, орыс тегіс сыйлайды. Ұлықтар сыйлайды. Сайлау кезіндегі дау-шардан кейін болыс- тық Тасболатқа тиеді. Бірак, ол қазақша да, орысша да хат білмейді. Тасболаттың Жақан, Әжібай деген екі баласы бар, олар да оқымаған. Тек Тасболаттың кедей інісінің баласы Байбол қазақша, орысша оқыған, ылажсыз соны болыс қояды. Тасболат кандидат болады. Осыдан кейін Тасболат кіші баласы он жасар Әжібайды окуға береді. Ол жалқау, оқуға ықылассыз бо- лады. Түк білмейді. Мұның үстіне екі жылдан кейін ағасы Жақан өледі. Оның әйелі, баласы қалады. Тасболат, үйде бол деп, Әжібайды оқудан шығарып ала- ды. Оған келіншек алып береді, жеңгесін қосады. Кезекті сайлауда Әжібай болыс болып сайланады.
Әжібай жасында ерке, тентек, жалқау болады. Осы еркелік тентектік, жалқаулық қылықтарын ол өскен сон да коймайды. Қою былай тұрсын қасына жігіттер ертіп, салдық құрады, алыс-жақын елді тегіс аралайды. Көзге түсер кыз-келіншектің бәрімен ашына болады. Ашына болмағанының жаман атын шығарып, масқаралайды.
Тасболат басылар деп, Әжібайға тағы бір қыз алып береді. Біраздан соң, бұрынғы әйелдерін місе тұтпай, Әжібайдың өзі бір қыз алып қашып алады. Үш-төрт қатыны, баласы болады. Сонда да серілігін қоймайды. Әйелдерін мал есебінде ұстайды, оларға неше алуан азап көрсетеді.
«Қызыл су» деген қалада әл-ауқаты орташа, қалаша тұратын Бейсен деген шал болады. Оның екі ұлы, бір қызы болады. Үлкен баласы оқыған адам учитель, жақында өлген екінші баласы Жүсіп оқымаған, маскүнем болады. Қызы Аппақай әрі сұлу, әрі ақылды, оқыған. Бұрынғы атастырған күйеуін ұнатпай, қаладағы бір фельшерге тигелі жүреді.
Қалаға қатынап жүріп Әжібайдың көзі осы Аппақайға түседі. Маскүнем ағасы Жүсіп арқылы үйіне қатынап, Аппақайды айналдырып, алмақ болады. Аппақай оған елең етіп қарамайды. Әжібай кала жігіті сияқты болам, Аппақайға жақсы көрінем деп, насыбай атуды қойып, шылым тартады, қымыз ішуді қойып, арақ ішеді, қазақша киімін тастап, орысша киінеді. Аппақайға алуан-алуан сый әкеледі. Көндір деп оның жақын, таныс адамдарына пара береді. Дәулетін төгіп-шашады. Аппақайды көндіре алмайды.
Әжібайдың үлкен кызы Күлтай бойжетеді. Ол бала күнде атастырған күйеуін жаратпайды. Үйінде жүрген мұғалім Ануармен көңіл жақын болады. Мұны Әжібай біліп койып, Ануарды қалаға айдатып жібереді. Күлтайды атастырған жеріне ұзатудың әрекетін істейді.
Осы кезде жұт болып, Әжібайдың малы қырылып қалады. Елі ашаршылыққа ұшырайды. Әжібай салдықты койып, шаруашылығымен айналысады. Күлтайдың калың малын алып, шаруашылығын қайтадан қалпына келтіреді. Елде дау-жанжалды көбейтіп, пара алып, байыған үстіне байиды. Енді Әжібайдың баласы Қобыш, әкесі сияқты тентек, жалқау сал болады.
Ануар Әжібайдың үйінде бірге болып, оған қазақша оқытып, онан өзі орысша оқып жүрген досы тілмаш Петка арқылы Күлтаймен кейін де хабарласып тұрады. Бірақ ақыры немен тынатыны мәлім емес. Өйткені роман бітпей қалған, біткен жағының біраз жері жоғалып кеткен.
Жалпы алғанда, бұл романында Сұлтанмахмұт қазақ халкының сол кездегі коғам, әлеуметтік тіршілігінің қалпын, суретін әдемі кескіндеген. Қазақ арасындағы түрлі тап, топ өкілдерінің тұрмысын, қазақ әйелдерінің ауыр хал-жайын, қазақ халқының мінез-құлқын, әдет-ғұрыпын, дүниеге көзқарасы бәрін дәл толық шебер көрсеткен. Сұлтанмахмұт бұл романында казак халқының сол кездегі саяси-әлеуметтік өмірінің ең маңызды, ең түйінді мәселелері жөнінде, қазақ халқының тағдыры жөнінде сұрау салған.
Қазактың баласы, жастары, Әжібай сияқты, ешбір тәлім-тәрбиесіз, өз бетімен шолжаң, ерке, тентек болып өседі. Мейлі елдің, мейлі каланың барлық жаман салтын, жаман мінезін ұғады. Істегендерінің бәрі бұзықтық болады. Осыған кім жазықты?
Қазақтың қыздары теңіне, сүйгеніне тие алмайды. Жаңыл, Зүлқия, Жәмила, Қамар сиякты, малға сатылады, сулы көз, өлік тән шалға сатылады, екі-үш қа- тын үстіне барып, күң болып азап көріп отырады, ескілік, надандық кұрбаны болады. Осыған кім жазықты?
Қазақ арасында қараңғылық, насластық , ауру-сырқау, талапсыздық, жалқаулық шаруаға қырсыздық, ескі әдет-ғұрып, дау-жанжал күшті. Бұлар халықтың еңсесін басып отыр. Осыған кім жазықты?
Қазақтың би-болыстары, ақсақал-атқа мінерлері, кейбір оқығандары - бәрі алтыбақан, ала ауыз, ел қамын ойламай, өз камын ойлайтын парақор, жалмауыз, шен кұмар, не өнерге, не ел билеуге қыры жок. Осыған кім жазықты?
Қазақ халқы басқа бірқатар халықтарға қарағанда, саясат, мәдениет, шаруашылық жағынан мүлдем кейін жатыр, мешеу қалып отыр. Оның басында,малында, жерінде еріқ жоқ; өзінікін өзімдікі дей алмайды. Қазақ бұқарасы екі бірдей қанау көріп отаршыл үкіметтен, бек-феодалдан тепкі көріп отыр. Осыған кім жазықты? Міне, Сұлтанмахмұт, «Кім жазықты?» деген рома- нында осы мәселелерді қозғайды, осы зор, түйінді сұрауларға жауап іздейді.
Роман аяқталмай қалғандықтан бұл сұрауларға ақын пәлен жазықты деп жауап береді деп, оның өзі сөзін келтіруге болмайды. Бірақ романның желісінен, әңгіменің жалпы сарынынан ақынның бұл сұрауларға беретін жауабы айқын аңғарылады. Ол мұның бәріне сол кездегі саяси-әлеуметтік кұрылыс жазықты, патша үкіметінің отаршылық саясаты жазықты деп ашық айтады.
Сұлтанмахмұттың романдары туралы айтылғандардан, оның роман жазуға қабілеті бар ақын болғаны, оған мейлі тақырып, идея жағынан болсын, мейлі түр, шеберлік жағынан болсын бірте-бірте төселе бастағаны көрінеді. Бұған алғашқы романынан кейінгі романның жақсы болып шыққаны дәлел бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: |