Xx ғ. б. қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттардың ерекшелігін саралаңыз


Т.Ахтановтың драмалық шығармаларын саралаңыз



бет70/96
Дата25.12.2023
өлшемі400,45 Kb.
#199233
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   96
Байланысты:
соңғысы ХХ ғасыр нақты номерленген.

Т.Ахтановтың драмалық шығармаларын саралаңыз

Тахауи Ахтанов — шебер драматург.1962 жылы «Сәуле», 1966 жылы «Боран» пьесалары Қазақтың М.Әуезов атындағы академиялық драма театры репертуарынан орын алса, 1964 жылы Семей облыстық драма театрында «Арыстанның сыбағасы» пьесасы қойылды.
Жетпісінші жылдары қатарынан бес пьеса дүниеге келді. «Күтпеген кездесу» (1970) мен «Ант» (1973) М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында, «Махаббат мұңы» (1974) мен «Күшік күйеу» (1976) Алматы жасөспірімдер театрында, «Әке мен бала» (1975) Талдықорған облыстық драма театрында, кейін Қазақтың Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық жастар мен жасөспірімдер театрында қойылды.
Т.Ахтановтың драматург ретіндегі қарым-қабілеті мен суреткерлік эстетикасын айрықша танытқан сахналық шығармалары ұлттық театрымызды көркемдік пен әлеуметшілдіктің жаңа биіктеріне жеткізді.Бұл ретте «Ант» атты трагедиясының алатын орны ерекше. Ол ұлттық тарихымыздың әлеуметтік мән-маңызын тереңдей зерделеудің өнегесін көрсетіп берді.«Ант» драмалық дастаны — Т.Ахтановтың кәсіби драматург ретіндегі ең шоқтығы биік сахналық шығармасы.«Ант» үш бөлімнен тұрады. Ақ өлеңмен жазылған бұл шығарма елдік пен бірлік тақырыбын ту етіп, қазақ халқының ат үстінен түспеген екі жүз жылдық тарихының ең бір шеменді де шешуші кезендерін қамтиды. Атап айтқанда, бірінші бөлім, негізінен, қазақ тарихына қасіретпен жазылған «Ақтабан шұбырынды» кезеңіне арналады. Екіншісі — ойраттарды ойсырата жеңген Аңырақай шайқасы. Үшіншісі бөлім Қазақ елінің Ресейге «өз еркімен» қосылу хикаясын қамтиды. Әр бөлімнің келесі бөліммен жалғасатын тараушалары бар.Пьеса кеңестік идеология кезінде қойылғанда ұсынушылар Әбілқайыр ханды алға шығарып, «Ресейге өз еркіммен қосыламын» деген әрекетін қойылымның ең басты арқауы етіп, оны идеал қаһарманға айналдырып жіберетін. Ал еліміз тәуелсіздігін алып, дербес мемлекет ретінде тарихи ақтаңдақтарды ашқан кезде, пьеса идеясы бұрын айтқыздырмаған, жаңа қырынан ашылды. Бұл Ресей империясына өз еркімен қосылудан гөрі, елдің тұтастығы мен бірлігін ойлаудан туған ұлы мұраттар мен ұлттық мүддені баяндау еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет