Xx ғ. б. қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттардың ерекшелігін саралаңыз


К.Тоғысовтың «Надандық құрбаны» атты пьесасының ерекшелігін түсіндіріңіз



бет85/96
Дата25.12.2023
өлшемі400,45 Kb.
#199233
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   96
Байланысты:
соңғысы ХХ ғасыр нақты номерленген.

К.Тоғысовтың «Надандық құрбаны» атты пьесасының ерекшелігін түсіндіріңіз.




  1. І. Жансүгіровтің " Жолдастар" романының негізгі идеясын саралаңыз

  2. С. Сейфуллиннің "Тар жол, тайғақ кешу" романының жанрлық ерекшелігін саралаңыз

Тар жол, тайғақ кешу — Сәкен Сейфуллиннің роман-эссесі.
Дәуір ұранына сәйкес қазақ топырағында тарихи-революциялық тақырыпқа барған тұңғыш роман-эссе - «Тар жол, тайғақ кешу». Шығарма 1916–1919 жылдардың оқиғаларын қамтиды.
Әрине, таптық ұстанымға сүйенген автордың Алашорда арыстары жайындағы қайсы бір пікірлері бүгінгі көзқарасқа көп ретте қайшы келетіні де рас. «Тар жол, тайғақ кешу» - ең алдымен тарихи, әдеби факт және көркем мәтін.
Ақмолада жүргенде "Біз асығыс жиналдық" деген өлеңін жазды. Ал 1917 жылдың сәуір айында "Жас қазақ" ұйымын құрды.
Бір жылдан соң Ақмолаға ақтар келіп, сол жердегі кеңес үкіметін құлатады. Сейфуллин тұтқындалып, түрмеге қамалады. Одан кейін атаман Анненковтың "өлім пойызымен" Колчак түрмесіне жеткізіледі. Осының бәрін "Тар жол, тайғақ кешу" романында жазған. Кітап жарыққа шықпай тұрып, "Қызыл Қазақстан" журналына бөлшектеніп басылған. Кейін өңделіп, толықтырылып кітап болып шыққан.[1]



  1. Б.Майлиннің «Раушан-коммунист» повесіндегі Раушанның өсу жолдарын көрсетіңіз.

«Раушан коммунист» повесі жазушы шығармасында, жалпы қазақ-совет әдебиетінде маңызы аса зор, жасалуы талантты да шебер ұқсатылған, идеялық-көркемдік мәні төтенше шығармалардың бірі. Күні кеше ауылда күндік күйде жүрген Раушанның көзі ашылып, адам қатарына көтерілуі, өзін еркін адамдармен тең санарлық санаға жетуі, партия-совет орындарының еппен икемдей ілестіруінің арқасында тез оянып, жарыққа, советтік өрге ұмтылып, білім алуы, қоғамдық жұмысқа араласуы, ақыры ауыл советтің председателі болып, ауылда совет жұмысын елдің дәстүріне енгізу бағытында көптеген қызмет істеуі, көрнекті қоғам қайраткері болуы – осының бәрі қомақталып келгенде бір адамның басында шағын уақыттың ішінде орындалуы тек ертегіге лайық жойқын ірі оқиғалар.
Повесть жаңаланғанымен Раушанның коммунист болып, қоғамдық қайраткерлік дәрежесіне көтерілу жолындағы сан бөгеттер өзгерген жоқ. Олар биік таудың қияларындай асу-асу болатын. Олардан аттап өту, шын мәнінде дүниенің қияметі еді. 20-жылдардағы қазақ ауылындағы Раушанды сол қаптаған аранның үстімен азап сапарын титтей де жұмсартпай алып өту – жазушының идеялық творчестволық, эстетикалық орасан табысы. Сөз жоқ, Раушандардың өмір сахнасына шығып, әлеумет қайраткерлерінің қатарына қосыларлық жағдай совет тұсында туды. Сол жағдайды осы повесті жазу арқылы өзінің творчествосында кең де, батыл пайдаланғандардың бірі Б. Майлин. Ал жазушының қарамағында жаңағы жақсы тарихи жағдайдан басқаның бәрі де сұрапыл қиыншылықтармен байланысты еді.
Повестің идеялық желісі айқын: от басындағы әйелдің біртіндеп әлеуметтік жұмысқа тартылуы, партия-совет адамдарының сүйеуімен тынбай өсуі, ақыры көптеген қиыншылықтарды басынан өткере, қинала жүре шыңдалып, пісіп, шын мәнінде қайраткер болуы.
Раушанның советтік өмір өріне беттеп өсу жолында бөгеттер ұшан-теңіз. Алдымен оның жолында ескі ұғым, салт-сана, әдет жатыр. Раушан болыстық съезге барғанда жаңа заманның қайраткері болғалы жүргенде, бірсыпыра адамдар сол заманның өзін әлі мойындай қоймаған. Тағы бір үлкен бөгет – қараңғылық. Туған ауылдан шықпаған Раушанға поселок те таң, әсіресе қала таң көрінеді.
Автордың суреттеуінде Раушан советтік заманның революциялық басты бағытын дұрыс түсінген, оған қызмет істейтін адам – өмірді өзгерте жаңалау бағытында жұмыс істеу керек деп табатын, партия сызған бағытқа табанды қызмет ететін қайраткер.
Б. Майлин Раушанның советтік өмір жолын көрсетті. Бірақ ол жалғыз Раушанның ғана өмір жолы емес, әрбір еңбекші қазақ әйелінің өмір жолы, еңбекші қазақтың өмір жолы. Ол жол Раушан кешегі правосыз, күндік күйде жүрген әйел мойнына үкіметтік үлкен міндет алумен байланысты қиындай түсті. «Раушан коммунист» повесі желіленген оқиғаны қуған жоқ, оқиға арқылы өмірлік проблеманың түйінін тауып шешті.
Шығарманың басты нысанасы – Раушанның көтерілген өмір сатыларын көрсету. Келтірілген фактілерден автордың бас кейіпкерін орынсыз дәріптемейтінін, бойындағы, әдетіндегі әлсіздіктерін, ақауларын қымтамай, ашып суреттейтінін көрдік. (Қала әйелінің киім түрінен шошуы, автомобильді сиқыр арба деуі, магазиндегі матаны сырттан тамашалаймын деп адасып кетуі, көшеде кез келген біреуге ілесіп, мас болып кұлап қалуы, т.б.). Сонымен қатар жазушы бас геройды кемшілік, осалдықтардың тұсауына сүріндіре бермейді, оның адамгерлік, жаңашылдық, батылдық, ақылдылық, тапқырлық, жұртқа ұстамдылық секілді игі қасиеттерін баса көрсетеді. Ол кезде Раушандай ауылдағы қарапайым қатардағы әйелдердің саяси-мәдени, көзқарастық дәрежесі пәлендей жоғары емесі белгілі. Сондай ортадан шыққан Раушанды повестегі дәрежеге көтеру – өршіл романтизм арқылы қол жеткен нәрсе.
Раушанды автор жан-жақты көрсетеді. Ол ыстық қанды, жақынын жандай көретін отты жүректі, қайырымды, жұбайлық махаббатты аса қастерлейтін адал жар, сонымен қабат жаңаға ынтық. Көруге, жүруге, білуге құмар. Съезге аттанған сапарында орыстың поселоктерін көргеніне, съезде, қалада көргендеріне көңілі толып қуанады, біз не көрдік, не білеміз деп ой өрістерінің тараңдығына қинала сөйлейді. Білмегенін білуге ынтық екенін оның шаршап жүріп, клубтағы сауықкешін көруге баруынан да байқаймыз. Қымсынып, бойы үйренбеген нәрседен жатырқана қашу деген Раушанда жоқ. Бұл Раушанның жаратылыстан жаңаға ынтық, білуге құмарту секілді жақсы қасиеттері мол екенін дәлелдейді.
Раушанның бетінен қайтпайтын табандылығын да көреміз. Біреулер съезге бармауың мақұл деген ниет білдіргенде Раушан: «Ешкімнің ақылының керегі жоқ, барамын деген соң барамын!…» – деп кесіп айтады.
Раушанның жұбайына, отбасына ықыластылығы да көңілдегідей. «Әйелге мал жолдас емес қой, – дейді ол съезде сөйлеген сөзінде, – теңі жолдас. Мына бір жаман байымыз бар, бірімізді біріміз ұнатқан соң, ойнап-күліп мәз боламыз да жүреміз». Әйелдің болашағы, рухани мүмкіндігі туралы да Раушан пікір айтады. «Жүрсе, көрсе әйел неге адам болмасын. Еркектің білгенін әйел де біледі. Еркектегі бар ми әйелде де бар… Әйел адам болмаса; «Жақсы әйел жаман еркекті адам қылады» деп аталарымыз неге айтқан?».
«Раушан коммунист» – проблемалық іргелі шығарма. Бұл «қаршадай» адамға зор сенім артатын, одан зор жеміс күтетін, адамзаттың жасампаздық мүмкіндігі шексіз деп қарайтын идеяға сүйенген шығарма. Повесть адамды дүниенің асылы деп қарайтын советтік гуманизмді өзіне ту қып тұтады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет